Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


АБАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҰЛЫ ЖАҢАЛЫҒЫ



бет227/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   320
АБАЙДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҰЛЫ ЖАҢАЛЫҒЫ
А.Қ. Омаров, философия ғыл. кандидаты, абайтанушы.

ҚР Мәдениет министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы. Мекенжайы: Астана қ. Темірқазық көш. 60. Е-mail: asan@mail.ru


Осы заманғы «озық технология», «ғылыми жаңалық», «креатив», «инновациялық даму» және «бренд» сынды тіркестер мен терминдер тек тіршіліктің материалдық-экономикалық жағына ғана қатысты сияқтанады. Бұл жаңсақтық. Жаны бар жасампаздық басқа (ішкі) жақта. Олар, ұлтымыздың рухани құндылықтары, мүлде ұмыт қалуда. Шын мәнінде қоғам дамуының түпкі тетіктері, бүгінгі тілмен айтқанда, креатив пен инновациялық қазынаның «көкесі» сол жақта. Төменде солардың бірі де бірегейі – Абайдың мұрасын сөз етпекпіз.


Абайдың асыл мұрасы зерттеу нысанына айналғанына ғасырдан астам уақыт өтті. Кешегі кеңестік дәуірде абайтану ғылымының гүлдеп, өсіп-өркендегені өтірік емес. Оған ғұлама ғалым, ұлы суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің жанкештілік қызметі бірден бір себепкер болды. Абайтану ғылымы өрлеген 1930-1961 жылдарды «Әуезов кезеңі» десе де болады. Мұхаң дүниеден өткен соң қарқын бәсеңсіді.
Шыны сол, тәуелсіздікке дейінгі ақын һәм ағартушы Абай ғана дәріптелді. Моноидеология ойшылдың философиялық мұрасын зерттеуге есікті тарс жапты.
Қазіргі таңда абайтану ғылымы тірелген ең келелі мәселелер мынау:

  1. Ойшыл ақынның философиялық мұрасын жаңаша көзқараспен терең зерттеу, зерделеу.

  2. Жаңаша көзқараспен зерттеудің нәтижелерін халық игілігіне – рухын сауықтыруға, рухани-мәдени дәстүрлерін жандандыруға пайдалану.

  3. Хакім Абай ашқан ғылымдық жаңалықтарды Қазақстан халқына, онан соң дүние жүзіне таныту.

Жас ғалым-зерттеушілер осы аталған бағыттарға назар аударса құба-құп.
Енді сөз басында айтылғандай Абай жаңалықтары – рухани-инновациялық қазынамыз деуіміздің мәнісін ашып, дәлелдер келтірейік.
Бірінші дәлел. Құран Кәрімде: «Әр ұлтқа, әрбір қауымға жолбасшылар жіберілді» делінген. Фәтір сүресі, 24-аят, Рағыд сүресі, 7-аят. Көбіне «жолбасшы» дегенді тек пайғамбар, нәби деп қана ұғамыз. Пайғамбар адамзатқа ортақ, жеке бір ұлтқа жіберілмейді. Сол себептен әр ұлтқа, қауымға жіберілген тұлғалар «жолбасшылар» аталған. Халықтарға рухани білім-ғылымды жеткізуші, түсіндіруші жолбасшы болу – Платон, Конфуций, Ясауи, Толстой, Абай сынды сирек әулие хакімдердің сыбағасы.
Мәселен, Қожа Ахмет Ясауи өзінің «Диуани хикмет» атты мұрасында: «Менің хикметтерім, Оқып ұққанға бар мағынасы: Құран» – дейді. Бұл пікір Абайдың ғақлия шығармаларына да дөп келеді.
Абайтанудың негізін қалаған ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезов былайша тұжырады: «Абай өз халқының алдағы уақытта еркін гүлденіп, дами беруіне берік негіз қалады, оның болашағына тура жол салып берді». Ұлы суреткер ең басты шығармасы – «Абай жолы» деп атауының астарын кейінгі ұрпақ біздерге осылайша ұқтырады.
«Абай – қазақтың жолбасшысы» және «Абай – қазақтың екінші аты». Өткен ғасырлар міне осыны паш етті. Абай мұрасы – ұлттың рухани-инновациялық қазынасы деуіміздің тарихи-әлеуметтік тұрғыдағы дәлелі осы.
Енді екінші, бәлкім, ең басты дәлелге келейік. Ол – Абайдың халықаралық деңгейде танылуын күткен теологиялық жаңалықтары. Жеткізбек ойымыз оқырманға түсінікті болуы үшін алдымен шағын шолу жасалық.
Абай Құнанбайұлы:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп –
Екі жаққа үңілдім [1] –

дейді. Бұл сөзі Батыс және Шығыс жағалауларын түгел шолып ақиқатты іздеумен болдым деген мағынаны білдіреді. Абайдың ең соңғы тапқан өрісі – теология.


Теология (арабша – мағрифатулла) дегеніміз Тәңіріні тану ғылымы. Алла тағаланың тұлғалық қасиеттері (сипаттары, есімдері және істері) туралы толымды уахи (хабар) Құран Кәрімде ғана. Қараңыз – Алланың тұлғалық сипаттары 192 аятта баяндалған! Ислам теологиясының биік деңгейі және ортағасырларда мұсылмандық сопылық ағымның пайда болу құбылысы осы жағдаймен өз түсінігін табады.
Мұсылман теологиясы ІХ-ХІІ ғасырлар аралығында түрлі діни ағымдардың (кәлламшылар, мүтәзилиттер және дәстүршілдер) өзіндік көзқарастары мен таласты сөздері нәтижесінде дүниеге келді.
Озық ойлы ғалым Әбу Хасан әл-Ашари (873-935жж.) 100-ден астам еңбектер жазып, тұңғыш теологиялық мектептің негізін қалады. Онан кейінгі теология саласындағы ірі тұлға Самарқант қаласының тұрғыны – Әбу Мансұр әл-Матуриди (870-944 жж.). Ол Ашари мектебінің Алланы ақылмен танып-білу мүмкіндігі туралы ұстанымын әрі қарай дамытты. Матуриди адамды «мұсылман» деп жариялау үшін оның «Алладан басқа Тәңірі жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп иман келтіруі жеткілікті деді. Оның иманигүлді бірінші, ал ғибадат рәсімдерін (мәселен, намаз оқу және т.б.) екінші орынға қоюы зор жаңалық болды. Ғұлама сілтеген жол-жобаны сүннәнің ханафи мазхабын ұстанатын жамағат риза көңілмен, түсіністікпен қабыл алды.
Алғаш әл-Кинди деген оқымысты адам бастап, онан соң әл-Фараби, Ибн Сина жетекшілігімен мұсылмандық фәлсафа қалыптасты. Ал, әл-Ғазали, Ибн Араби сынды ойшыл ғұламалар сопылық ілімнің негізін қалады. Осы екі бағыт бірін-бірі толықтыра отырып, Матуриди көзқарастарын теориялық тұрғыдан дамыта жалғастырды. Теология шынайы ғылым саласына айналды. Орта ғасырлық теология ілімінің «ғылымдардың патшасы» деген атақты иеленуі осының куәсі.
Сопылық ілімнің атасы әл-Ғазалидің «Ихйа илм ад-дин» («Сенім ілімін қайта тірілту») деген басты шығармасын орыс тіліне тәржімәлаған зерттеуші В. Наумкин: «Әл-Ғазали мұсылмандық танымның бөлік-бөлек үш бағытын (дәстүрлі діни таным, фалсафа және сопылық ілім) бір жүйеге тоғыстырды» деп көрсетеді [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет