Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет245/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   320
Төртінші аңыз. Хунну Тәңірқұтының (Шаньюй) ғажайып сұлу екі қызы болыпты. Уәзірлер ол қыздарды құдайы қыздар деп атаған. Тәңірқұт: «Қыздарымды адамға беруге қимаймын. Сондықтан Тәңірге тапсырамын»-дейді. Сөйтіп, астаналық Ордасының солтүстік бағытына, адам аяғы баспаған далаға биік үйшік тұрғызып, қыздарын соған орналастырады. Сонан соң «бір Тәңірі саған қыздарымды тапсырдым. Қабыл ал!» – деп жалбарынады. Үш жыл өткен соң анасы қыздарды қайтарып үйге әкелуді сұрайды. Тәңірқұт «уақыты болған жоқ» деп әйелінің сөзін қабылдамайды. Бір жыл өткен соң бір кәрі қасқыр биік үйшікті күндіз-түні күзететін болады. Кәрі қасқыр биік үйшіктің астыңғы жағынан ін қазып алып сонда жатып ұлиды. Кіші қыз: «Ата-анамыз бізді Тәңірге тапсырып осында орналастырды. Бізге әзірге келгені қасқыр ғана. Оның келуі жақсы ырым болған болар» деп соған күйеуге шығуды ұйғарады. Үлкені жан ұшыра қорқып хайуанға шықсаң ата-анаңды қайғыға қалдырасың дейді. Кіші сіңілісі оның сөзін тыңдамайды. Сөйтіп қасқырға отырып, ұл табады. Оның әулеті көбейіп түңкелі ел болады. Сондықтан олар бөрідей ұлыған созылыңқы ән салуды сүйеді [Бэй-ши.103-бума; 6, 214-215 б.].
1). Ежелгі және байырғы замандағы көшпелі халықтардың дүниетанымы бойынша бөрі, қарға, қырғи, самрұқ, қаблан, айдаһар, арыстан т.т. с.с. күшті, қуатты, айбарлы жануарларды киетек (тотем) болдырған. Түркі тайпаларының желеп-жебеп жүретін сол киесін (тотем) тарихи деректе толық көрсеткен.
2). Жоғарыда көрсетілген төрт түрлі аңызды, әр түрлі кезеңде, төрт бөлек өлкені мекендеуші түркі тайпаларынан жазып алғандығы көрініп тұр. Бірінші аңызды Алтай жоталарының Оңтүстік шығысын (Гашун-нор, Лоб-нур маңын) мекендеушілерден хатқа түсірсе, екінші аңызды Солтүстік Алтай, Енисей бастау алған басқы сағалары Кем, Абакан өзендерінің бойындағы түркі тайпаларынан, ал үшінші аңызды Турфан алқабындағы түріктерден.
3). Нағыд Түрүк-шад (Нодулу-шад), Асянь-шад, Туу, Тумын (Бумын) тарихта болған адамдар екеніне күдіктенуге болмайтыны байқалады.
Байырғы түріктердің бізге белгісіз, беймәлім дүниетанымының аңыз «пердесін» сыпырып алғаннан соң көзге көрініп тұрған тарихи деректер осылар.
Олай болса, ендігі кезекте жоғарыда тілге тиек еткен «Ашна» тайпа, ру иесі ме (тотемі), әлде тайпаның атауы ма дегенді анықталық.
Орталық және Орта Азияның көне тарихымен бір кісідей шұғылданған ғалым С.В. Киселев «Ашина» – ананың атымен аталған тайпа атауы [10.494] десе, Ю.А. Зуев көне Усундердің қытай жылнамасында сақталған тайпа атауы [8, 8 б.], С.Г. Кляшторный тайпа атауы [11, 154-157 б.] деп дәлелдеп келген. Белгілі синолог А.Г. Малявкин билеуші тайпа [17, 365 б.,16-18, 153 б.] деп пікір айтады.
Жоғарыдағы аңыз №1,2-де «Ашна» көктегі Тәңірдің жіберген елшісі бөрінің ұрпағы, одан соң елбасшысы. Аңыз №3-те шығу тегі белгісіз бала. Суй-шудің анықтамасы ру, тайпаға берілген атау (Суй-шу, 84 бөлім) деген анықтамалар айтылған.
Олай болса «Ашна» тайпа атауы ма, әлде басқа байырғы түріктердің дүниетанымын анықтайтын ұғым ба дегенді айқындау үшін осы тұлғаның семантикасын алып қаралық.
П.А. Будберг arčino (он бөрі) деген монгол тілінен кіріккен сөз десе [28, 182 б.], Л.Н. Гумилев: «a» – көне қытайдың мәртебелікті білдіретін иероглифі, «čina» – монгол тілінің «бөрі» деген сөзі деп жазады. Қазақстандық ғалым Ә.Абдрахманов байырғы түркі тілінен «Ашина»-ның баламасын іздеп «eču» (баба, ата) өзгерген түрі деп көрсетеді [1, 16-34 б.]. Бұл үш ұсынысты түркітанушы тарихшы тілші ғалымдар қабылдай алмады. Өйткені тілдік лексикалық семантикалық тұрғыдан тіл заңдылығына дәл келмеген.
А. Беквис төмендегідей ұсыныс білдіреді [27, 206-208 б.]. VI ғасыр соңында өмір сүрген Византия тарихшысы Менандр Протектор еңбегіне сілтеме жасайды. Онда: «Түріктердің біріккен империясының басшысы «арсала» деп аталған. Бұл түрікше «арслан» деген сөз. Осы атау қытай нұсқаларына Ашина деп жазылған болуы мүмкін»-дейді. «Арслан» лақаппен Біріккен түрік қағанатының елбасшыларын атаған. VI ғасырда оғуздар ғана басшыларын тотемнің атымен арслан атаған. Сондықтан, бұл пікір ғалымдарды иландырмайды.
1979 жылы Х.В. Хауссиг төмендегідей жаңа ұсыныс білдірді. Ол б.з. 602 жылы жазылған Византия тарихшысы Феофилакта Симокаттың еңбегінен Тавгаста (қытайда) болған бір соғыста олар өзара «қызыл киім» және «қара киім» киіп соғысқанын еске алады. Сонан соң ол, Амударияның оңтүстік жағасында болған эфталиттер мен түркілер арасында болған соғыста кермихиондық-эфталиттер «қызыл киім», түркілер «қара киім» киіп соғысқанын- салыстыра қарастырады. Х.В. Хауссиг: Түріктердің хан тұқымы Ашинаның атымен «қара киімді» деп аталған. Осы Ашина атауы байырғы парсылардың axsaena (баран түсті) деген лексикалық тұлғаға жақындайды деген ұсыныс жасаған [31, 55-56 б.; 12, 247 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет