Қорытынды. Автор байырғы түрік бітіг (руника) тіліндегі «türük», «köök» лексикондарының этимологиясын сараптап, түсініктеме бере отырып, жаңа тұжырымға келген. «tür~tör» – өкімет, билік; «ök» – өктем, қуатты, күшті. «türük» – қуатты билік. «köök» – аспан. «Көк түрік» сөзінің ауыспалы мағынасы «Тәңір текті», «Көк Тәңірінен жаратылған» деген ұғым беретінін түсіндірген.
Қытай деректеріндегі «ашина (ашна)» тайпа атауы емес. «Ашина» атауы Орхон-енисей жазбаларында кездеспейді. Соғды тіліндегі «ашина» = Көк (аспан). Ашина түріктері Көктен жаратылған, көк Тәңірінің ұрпағы деген ұғым береді деп тұжырым жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |