Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет246/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   320
С.Г. Кляшторный 1964 жылғы іргелі еңбегінде Сақ тілінде āsāna (достойный, благородный); Агни диалектісінде – āsām; Кучанша – asām деген сияқты формамен кез болатындығын жіпке тізе келіп тақырыпты ашық қалдырған [11, 112 б.].
Түріктанушы И.Н. Шервашидзе скиф-сармат тілінің деректері мен В.И. Абаевтың этимологиялық сөздігіне сүйене отырып «ашина» атауын «көк» деген көне түркі сөзінің тікелей аудармасы деген ұсынысын 1989 жылы «Советская тюркология» журналына жариялады.
С.Г. Кляшторный 2003 жылғы жарық көрген еңбегінде И.Н. Шервашидзенің пікірі туралы жақ ашпайды. Керісінше, Х.В. Хауссигтің ұсынысынан ой түйіп, «ашина» атауының этимологиясын «Хотон-сақ» лексикасына жүгіне отырып қарастырады.
      • Көне парсы тілдерінің белгілі білгірі Х.В. Вейлидің 1979 жылы жарық көрген «Хотон-сақ тілінің сөздігінде» asseina (aššena) – көк (түс) (брахми алфавитімен сақталған Хотон – сақ лексикасында), Aāšna – көк (түс, өң) (хотон-сақ лексикасында) деп анықтаған [12, 248 б.]. С.Г. Кляшторный көне тілдің сөздігін пайдалана отырып, оны Х.В. Хауссигтің ұсынысымен ұштастыра қарастырып, «Ашина» атауы «көк» деген түсті білдіретін сын есім дегенге мойын ұсынады. Сөйтіп екі зерттеуші көне иран-парсы тілдерінің байырғы материалдарын пайдалана отырып «ашина» атауы «көк» деген ұғым беретінін дәлелдеді. Ары қарай С.Г. Кляшторный «ашина-көк» тұлғаны байырғы түрік мәтіндегі орнына қоя отырып, төменгі тұжырымға табан тірейді. «Итак, упоминание в Орхонских памятниках сочетания kök türk, переводимого мною как «кёк и тюрки», «ашина и тюрки», позволяет констатировать присутствие в текстах имени царского рода тюрков и возможное осознание ими, во всяком случае для почти легендарного времени первых каганов, двусоставного характера тюркского племенного союза» [99, 248 б.]. С.Г. Кляшторныйдың бұл тұжырымы тарихи жағынан да, лингвистикалық жағынан да өзін-өзі жоққа шығарады. Бір мағына беретін екі сөзден құрылған атаулардың арасын орыстың «и» (және) сөзін ойдан қосып жазып екі түрлі атау болдыруға С.Г. Кляшторный мырза әбден машақтанған. Ол «türük qybčaq» (түрүк қыпшақ), «türük sir» (түрүк сир), «kök türük» (көк түрүк) атауларының арасына «и» сөзін ойдан сыналап кіргізіп «тюрки и кипчаки» [12, 303-305 б.], «тюрки и сир» [12, 309 б.], «кёк и тюрки» [12, 248 б.] деп өзгертіп, түрік этносында бұрын да, қазір де болмаған тайпаларды жасанды түрде жасап шығарып, сол арқылы байырғы түрік тарихын иесіздендіреді. Бұл «әдістемесі» бүкіл бүтін түрік этносының байырғы тарихын шатастыруға соқтырды. Түпнұсқамен жұмыс жасап отырған зерттеуші оның бір таңбасын да, бір сөзін де өзгертуге, ойдан қосып жасауға тиісті емес. С.Г. Кляшторный өзінің жасанды идеясын өткізу үшін осындай бұрмалауға үнемі баратынын зерттеушілер талай рет ашық көрсетіп келеді [26, 396-401 б.; 20, 33 б.; 17, 258-261 б.]. Қытайдың Чжоу-шу, Сүй-шу, Тан-шу жылнамалары арқылы бізге жеткен, байырғы түріктердің генеалогиясымен тікелей байланысты «Ашина» атауын И.Н. Шервашидзе мен С.Г. Кляшторный байырғы түркі сөзжасамындағы «kök» деген сын есімді білдіретін сөз деп алғанын біз құптаймыз. Неге? 535 жылы Бумын бастаған түріктер 50 000 отбасы бар Тоғыз-оғыздарды қоластына қаратып алады. Тоғыз-оғыздар (теле) Орталық Азиядағы жылқысы мол, ең қуатты тайпалардың бірі еді. Сөйтіп аты шығып тұрған кезде 546 жылы Вэй патшалығы өзіне қызмет етіп жүрген Аньнопанто деген соғдыны түріктерге елшілікке жібереді. Міне осы соғды түріктер туралы деректер мен олардың шығу тегіне байланысты «ашна» аңызын қытайларға жеткізеді [24.І.6; ІІ.490-49]. Сонда Аньнопонта «көөк түрүк» атауының «көөк» лексикасын «ашина» (көк) деп соғды тілінде жеткізген болуы әбден мүмкін. Демек, «көк» сөзінің мағынасы өте көп. С.Г.Кляшторный түсті, өңді білдіретін сын есім мәнінде түсінген. ХІ ғасырдан бұрын түріктер «көк» сөзін төмендегідей бес түрлі мағынада қолданып келгенін біз жақсы білеміз. Онда: kök – көк (өң, түс) (Uig.I.3719; MK.I.139; QBH.23), kök – көк (шөп) (QBH.44011), kök – көктеу (таспамен тігу, бекіту) (TT.VII.3610), kök – негіз, тамыр арғы түбі (QBH.4228), köök – көөк (аспан) (КТ.І.3). Осы бес түрлі мағынада қолданған «kök» сөзінің алғашқы және 2, 3, 4, 5 мағыналарын орнына қойсақ:"


  1. kök – көк (оң түс)

  2. köök – көөк (аспан)

  3. kök – көк (шөп)

  4. kök – негіз, арғы түбі, іргесі

  5. kök – көктеу, бекіту

Өйтсе, біз «Ашна»-ның аудармасы болушы «kök» сөзін неге екінші «köök» мағынасында алып отырмыз?
1. Түркі тілін жақсы білетін қытайдың Вэй патшалығының соғды дипломаты үшін жоғарғы «көөк» те, өң мен түстің көгіде бірдей мағына беретін болғандықтан соғдының түсті білдіретін «ашна» сөзімен аударған. Сөйтіп, қытай деректерінде «ашна» деген атаумен қалыптасты.
2. Аспанның өзі көк түсті, әрі киелі болғандықтан сол өңмен атаған. Бұл «көк» соғды тіліне «ашна» (ашина) деп аударғанда киелілікті білдіретін мағынасынан айырылған.
3. Көк сөзінің аспанға тән ауыспалы мағынасы «көк Тәңірінен жаратылған» деген ұғым береді. Түркілер мен көшпелілердің дүниетанымына байланысты нұрдан жаратылған, нұр ананың құрсағына түскен, нұр келіп жерге түсіп, содан жер екі қабат болған (Рашид-ад-дин, Ата-Малик Жувейни, Әбулғазы Баһадүр) т.т. с.с. аңыз осының айғағы.
4. Түркі тілдерінің ішінде köök (көөк) сөзі төмендегідей боп қолданылған, әрі қолданып келеді. Köök-алт. Диал. Верб. 182, койб. Castr; kök, көк қызыл. Joki W.16; küök як.; köök-қаз., ққал., кир., ног., уйг., т.т.с.с. [33, 66-68 б.]. Байырғы түрік мәтінінде «көөк түрүк» (КТ.І.3). бұл тілдерде созылыңқы ö дауысты дыбыспен «аспан» деген мағына береді. Қарапайым «аспан» емес, киелікті, қасиеттілікті (сакральный) білдіреді.
5. Көктегі жаратушы бір Тәңірісінің елшісі бөріні «көк бөріні» атаған (бөрінің табиғи өңі сұр). Олай болса, «köök» Тәңірден болған, Тәңірден жіберген, содан жаратылған деген ұғым береді.
Жоғарыдағы бұл талдаулар арқылы төмендегі қорытындыға табан тірейміз.
1. Орнатқан қағанатын «tör+ük≈türük» (қуатты өкімет, қуатты билік) деп атаған қыпшақ тайпасынан шыққан билеуші топ билікті Жаратушы-жаратқан (jaratmys) бір Тәңірдің атынан жүргізіп отырған. Сөйтіп, билік жүргізу бір Тәңірдің ісі екенін осы киелі (сакральный) «көөк» атауымен халық санасына сіңіріп отырған.
2. Онымен қатар билік иелері Тәңірден болған, Тәңірден жаратылған (teŋride jaratmyš) (КТ.І.1; ІІІ.1; БК.І.1), Тәңірдің адамзатқа жіберген өкілі хан тұқымы екенін киелі «көөк» атауы арқылы санаға сіңірген. Сондықтан да, Бұмын, Істемі қағанның ұрпақтары батыс, шығыс Түркі қағанаттарының хан тағына отырып, билік жүргізгенде «ашна» (көөк) атауын қағандық лақап атауына қосып қолданып отырған.
Осылайша, байырғы түріктер бөгү дінінің дүниетанымын империялық идеологияның деңгейіне көтерген. Сол арқылы Түркі ақсүйектері (Хан тұқымы) бүкіл империяны басқарып отырды. Осы идеологияны түсінбеген жатжұрттық зерттеушілер «ашна» (көөк) атауын тайпа атауы деп түсініп келген еді. Бүгінгі түсінікпен қарасақ «ашна»-хан тұқымы – аталық әулет, ашидэ аналық әулет болмақ. Сөйтіп бұл «ашна» (көөк) сөзінің мағынасы байырғы түріктердің дүниетанымының іргетасы болған «екі негіз» (eki jyltyz) ұғымына алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет