Үшінші аңыз. Бұл аңызды алғаш рет Ю.А. Зуев қытай жылнамаларынан жазып алып, зерттеушілердің назарына ұсынды. Ол Ашина сөзін көне Усун тайпасының аты деген пікір ұсынған. Ашналар хуннудің батыс аймақтарының құрамында болыпты-мыс. Ашнаны көршілес елде бір тайпа қырып кеткенде бір бала кездейсоқ аман қалыпты. Балаға рулық тотемдер көмектесуге, қол ұшын беруге келіпті. Қасқыр емшегін емізіп, аспан әлемінің елшісі қарға ет әкеліп береді. Ашна бала Шаньюдің қол астында өсіп, ер жетеді. Көп жыл өткен соң Ашналар көрші Юечжилермен соғысады. Ашнаның жас ханзадасы ол өлкеден түстікке қарай қоныс аударып Алтай тауларының оңтүстігіндегі Бес-Балыққа келіп мекендепті [8, 21-24 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |