Баѓалау ќызметініњ ±йымдыќ-ќ±ќыќтыќ реттеу



бет106/114
Дата13.05.2022
өлшемі1,11 Mb.
#142952
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114
Байланысты:
курс лекции бағалау к.о 2

Көлік құралын қарау

Екінші кезең көлікті толықтай қарау, ол бірнеше кезең аралықтарға бөлінеді. Кезеңдерді қарастырамыз:




Ақпаратты талдау және оны тексеру

Көлікті көрердің алдында бағалаушы барлық құжаттармен толық танысуы қажет, олар мыналар:


- Аты, жөні және тегі, мекен жайы. Оның заңды мекемесін және реквизитін білу.
- Көліктің техникалық төл құжатын (тіркелу куәлігі): серия, нөмір, кіммен және қашан берілді, көлік қандай жағдайда. Көлік туралы мәлімет: түрі, маркасы, моделі, жасалған елі , кузов түрі, шығарылған айы мен жылы, қозғалтқыш нөмірі, оның типі және жүмыс көлемі, кузов нөмірі, шасси, идентификация нөмірі (VIN №), мемлекеттік нөмір белгісі, нөмір өзгертуі жайында мәлімет, спидометрдің жүрген жолының көлемі.

  • Егер қызығушылық болған жағдайда бағыттау, анықтау.

  • Шақыру туралы құжаттың болуы

  • Жол апаты болған жағдайда, оның зардабын анықтау

Көлікті қарау актісі міндетті құжат емес, алайда ол қызығушы жақтың толық мәліметті алу мақсатын, көп сұрақтың болдыртпауын және сенімділікті нығайтады.
Қажетті жағдайда сарапшы көлік құралдың құжаттар мазмұнын нотариалды қол қойылған аудармасын талап етуге құқылы.
Техникалық жағдайды тікелей тексеру және анықтау мақсатында сарапшы мыналарды тексереді: көлік құрал нөмірінің, оның агрегаттарының және боялған түсінің ұсынылған құжаттардағы жазбаларға сәйкестілігі. Көлік құралдың негізгі құжаты болып оның техникалық паспорты саналады. Онда көлік құрал жөніндегі негізгі ақпарат, яғни оның маркасы, шығарылған жылы, түсі, тіркелу номері және орны, иесі туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа айырықша белгілер мен ақпараттар бар. Техникалық құралдардың шет елдік техникалық паспортының сыртқы түрі, сонымен бірге ондағы ақпараттың көлемі бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, американдық паспорттарда қозғалтқыштың номері көрсетілмейді, өйткені ол ауыстырылмайтын элемент болып саналады, ал кейбір еуропалық елдердің паспорттарында кузов пен қозғалқыштың номері ғана емес, сондай-ақ қуатты іріктеу қорабы сияқты басқа маңызды агрегаттардың номері көрсетіледі.
Көлік құралын кедендік ресімдеуден өткізу кезінде оның иесіне кедендік декларация беріледі, онда көлік құрал мәліметтері, оны сатып алу мерзімі мен орны, кедендік құны және кедендік төлемдердің түрлері көрсетіледі. Сату-сатып алу келісімінде көрсетілген құн немесе көлік құралының нарықтық құны кедендік құннан ерекшеленеді. Аталған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын бағалаушы көлік құралын тексеру кезінде анықтайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет