«Бағалаудың теориялық аспектілері. Критериалды бағалау қағидаттары»



бет2/7
Дата04.05.2023
өлшемі40,06 Kb.
#176048
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде білім алушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпарат алу және оны оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін барлық мүдделі қатысушыларға ұсыну болып табылады.
Критериалды бағалау білім алушыларда өз қызметін бақылау және бағалау қабілетін қалыптастыруға, оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл білім беру стандарттарында белгіленген кең ауқымды дағдылар мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделе отырып:

  • білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталады;

  • оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  • пәннің оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес әр сынып бойынша бағалаудың түрлі формалары мен тәсілдерін қамтиды.

Келесі кезекте, критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздерге қысқаша тоқталайық.
Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме
Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеде оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі бір кезеңін аяқтағанда оқушылардың қол жеткізген білім деңгейлерін талдауға негізделеді.
Күтілетін нәтижелер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын білім алушылардың тәжірибесі мен қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрініс табады.
Кері дизайн
Кері дизайн – бұл білім беру процесіндегі арнайы педагогикалық жобалау технологиясы, мұнда оқу бағдарламасын әзірлеу оқу нәтижелерін жоспарлаудан басталады. Тәжірибе мұғалімдердің алдымен оқу мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтап, бағалау процесін қарастыруы, содан соң оқу мазмұнын жоспарлау арқылы оқушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екенін көрсетеді.
Кері дизайн аясында білім беру процесін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады:
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Білім алушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс?» деген сұраққа жауап;
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Білім алушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады?» деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және білім алушылардың күтілетін нәтижеге жету процесін жоспарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет