«Бағалаудың теориялық аспектілері. Критериалды бағалау қағидаттары»


Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы



бет3/7
Дата04.05.2023
өлшемі40,06 Kb.
#176048
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс мәтіні

Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту процесінде әлеуметтік конструкцияға ерекше көңіл бөледі.
Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына негізделген, ол түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы бағалауды тәжірибеде жандандыруға мүмкіндік береді.
«Жақын арадағы даму аймағы»
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі Л.С.Выготскийдің енгізуімен белгілі. Бұл «жақын арадағы даму аймағы, баланың даму деңгейі, яғни қандай тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі арасындағы айырмашылығын білетінін анықтайды» дегенді білдіреді.
Осылайша, қалыптастырушы бағалау процесінде мұғалім немесе қабілетті құрдастарының бірі білім алушыға қолдау көрсетсе, оның дамуы жақын арадағы даму аймағында өтеді.
Скаффолдинг теориясы
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру процесіне қатысушылар арасындағы өзара сенімге негізделген серіктестік. Оқу процесі барысында қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету мақсатымен білім алушыларды қолдау қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функциялардың бірі болып табылады.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын теориялық негіздердің толық сипаттамасымен Жүйелі-әдістемелік комплекс білім беру порталындағы «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу- әдістемелік құралынан таныса аласыздар. (О. И. Можаева, А. С. Шилибекова, Д. Б. Зиеденованың редакциясымен).
Сонымен, критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі.
Біздің елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып анықталған критериалды бағалау жүйесі бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда

  • Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және нақты бағалау жүйесін іске асыру;

  • Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

  • мұғалімдердің бағалау саласындағы құзыреттілігін арттыру;

  • оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасау және олардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

сонымен қатар

Сонымен, орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілген критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін: оқу жылы бойына оқушының дамуын қамтитын қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пәннің мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет