Бағдарламада



бет1/2
Дата06.10.2019
өлшемі72,27 Kb.
#49293
  1   2
Байланысты:
0004e0af-fb2fef02



Жүргізуші: Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. 
Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы.
Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек дей отырып бүгінгі «Жас ата-ана мектебі» атты қалалық семинарына қош келдіңіздер кұрметті ата-аналар, әріптестер.

Сіздерді бүгінгі «Жас ата-ана мектебі» атты қалалық семинар-тренингінің бағдарламасымен таныстырып өтейін.



Бағдарламада:

1.«Гүл шоғы» атты танысу тренингі. «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Ахметова Айкерим Инкарбековна.

2. «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық». «Еркетай» шағын орталығының педагог-психологі Тұрсынбаева Гүлжанат Жумабаевна.

3. Ата-аналарға арналған сауалнама және ситуациялық сұрақтар. №2 мектеп балабақша кешенінің әдіскері Ермаганбетова Алтынай Серіковна.

4.Тренинг «Жеміс-жидектер». Релаксация «Жеті шам». «Айналайын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Искакова Халида Кабуловна.

5. Ата-аналарға арналған кеңестер. Презентация слайд. «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші-әдіскері Зайнуллаева Асемгул Зейнадиновна.

6.Қорытынды тренинг «Күн шуағы». «Балбөбек» бөбекжай-бақшасының тәрбиеші-әдіскері Зайнуллаева Асемгул Зейнадиновна.

7. Кофе-брейк.

Құрметті ата-аналар қазір сіздермен «Гүл шоғы» атты танысу тренингін өткіземін. Ол үшін барлығымыз шеңбер болып тұрайық.Барлық ата- аналардың қолына бір - бір гүл таратып беремін. Мен өз гүлімді сол жақта тұрған адамға атымды айтып жылы лебіз айтамын. Менің гүлімді алған ата- ана, келесі адамға жылы лебіз айтып, өз гүлін қосып береді. Шеңбер солай жалғасып аяғында бір үлкен шоқ гүл тәрбиешіге қайтып оралады. 
- Міне, құрметті ата- аналар, мен бір кісіге, бір ғана гүл беріп едім, енді ол маған көп гүл болып қайтты. Мен де, сіздер де, балаларымызға осы кезде, осындай кішкентай ғана білім, тәрбие, мейірім сыйласақ, ол ертең өзімізге үлкен сый болып оралады.

Жүргізуші: Семинарымызды әрі қарай баяндамамен жалғастырамыз.

Баяндамашы «Еркетай» шағын орталығының педагог-психологі Тұрсынбаева Гүлжанат Жумабаевна.

Баяндама бойынша сұрақтарыңыз болса қойыңыздар.

Жүргізуші: Енді қазір сіздермен №2 мектеп балабақша кешенінің әдіскері Ермаганбетова Алтынай Серіковна ата-аналарға арналған сауалнама және ситуациялық сұрақтар жүргізеді.

Ситуациялық сұрақтар

«Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей, баланың мінез –құлқы өскен ортасына , көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге мынадай ситуациялық сұрақтар қойғым келіп тұр.



1. Сізге балабақшадағы тәрбиешілерден «сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген сөз, естуге тура келді дейік сіз не істер едіңіз?

2.Сіз балаңыздың тәртібі бойынша балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиеші сізді ашулы күймен қарсы алды. Сонда сіздің әрекетіңіз?

3.Егер балаңыз қандайда бір теріс іс-әрекеттер көрсетсе, сіз балаңызға қандай шара қолданар едіңіз?

Жүргізуші: Семинарымызды «Айналайын» бөбекжай-бақшасының педагог-психологі Искакова Халида Кабуловна «Жеміс-жидектер» тренингі және «Жеті шам» релаксациясымен жалғастырады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар енді назарларыңызды мына экранға аударыңыздар. Қазір сіздерге ата-аналарға арналған кеңестер туралы презентацияны ұсынамыз.(Слайд)

Осы кеңестер туралы толығырақ мәліметтер мына кітапшаларда (кітапшаларды ата-аналарға таратып беру)

Осы кеңестерді ұсына отырып сіздерге үйге тапсырма береміз.Үй жағдайында балаларыңызды бақылап қандай ситуациялық жағдайлар болды, соны суретке, видеоға түсіріп немесе күнделікке жазып өз қалауларыңыз бойынша. Келесі ата-аналар жиналысында осы жинақтаған материалдарыңызды ортаға салып ой бөлісіп, талқылайсыздар.
Жүргізуші: Ал енді құрметті ата-аналар және әріптестер бүгінгі «Жас ата-ана мектебі» семинарын «Күн шуағы» атты тренингпен қорытындылаймыз.

(Баяу музыка әуенімен): 

Барлығымыз көзімізді жұмамыз күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз. Құрметті ата-аналар көзімізді ашамыз

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Бүгінгі семинар тренинг ұнады ма?

Қандай әсер алдыңыз?

Сол алған әсерлеріңізді мына күн шуақтарына жазып, тақтадағы күннің айналасына жабыстырып шығамыз.

Кофе брейк.

4. Балаға айтуға болмайтын 10 сөз.

Психологтар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі де сіздің жеткізу мәнеріңізге қарап оның мағынасын түсінеді екен.


  1. Сенің қолыңнан түк келмейді – әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

  1. Ұста, тек тынышталшы!

Кей ата – ана бірнеше сағаттық «берші, алып берші» деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата – ана өздері байқамастан, баланың ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының «жоғына» мән бермеуге жаман үйретеді.

  1. Тағы да мұндайды байқасам – таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан – лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала бос қорқақ болатынын анық білу керек. Ал үлкендердің кенеттен ренжуі еш нәтиже бермейді.

  1. Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлеуге болмайды. Бұл сіздің балаңыз ғой. Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан «доғарудың» орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

  1. Сен мынаны түсінуге тиіссің...

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала бұлай ақыл айтуды түсінбейді.

5. «Балалық – шаққа саяхат»

Құрметті ата-аналар бәріміз жайғасып, көзімізді жұмып бір сәт тынышталып отырып, еркін тыныс алып осы бір тынысымыз арқылы бақытты балалық-шаққа шолу жасайық:

«Жаздың әдемі шуақты күні. Сіз анаңызбен қол ұстасып келе жатырсыз. Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап жүгіріп анаңыздың алдына шығып кеттіңіз. Біраздан соң жақын адамыңыздан алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп қарады. Көзіңізді көтеріп қарасаңыз алдыңызда мүлдем таныс емес адам тұр екен. Сіз тез ғана қолыңызды алып тастап, жан-жағыңызға қарадыңыз. Енді жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз?



Ата-аналар жауабы:

  • Қорқыныш сезімі пайда болды.

Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - дей отыра барлықтарыңыз алақандарыңызды алға созуларыңызды өтінемін. Оң жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз мектеп болсын. Ал енді үнемі ауызбіршілігіміз мол болып, жұмысымыз алға қарай өрлей берсін деген мақсатта алақандарымызды соғып қояйық.

Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді... Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады. Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн. Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің байбына барып, жұмсақ сөйлесіңіз. Ал мамандар кеңесі төмендегідей: – Балабақшада сәбиіңізге қысым көрсетілмейтіндігіне көз жеткізіңіз. Әріп жаттауға, сандарды тануға мәжбүрлей ма екен? Өзіңізде оны қыстамаңыз. – Балабақшаға ұзақ уақыт барған бала өзі дәретханаға барып, рұқсат сұрай алатын жағдайда болуы керек. Баланы таңертең киіндіргенде киімде артық түймелер мен батырмалардың болмауын қадағалаңыз. Бұл сәбидің ығырын шығарады. – Баланы алғаш рет балабақшаға алып келгенде құрдастарымен дұрыс ойнауына мән беріңіз. Өзгені ұрмауын, ойыншықпен бөлісуін, адам талғамауын айтып, ақыл-кеңестеріңізді аямаңыз. – Тәрбиешінің лауазымын жоғары етіп көрсетіңіз, оның тілін алуға үйретіңіз. Ол үшін тәрбиешінің жеткілікті түрде сауатты екендігіне көз жеткізіңіз. Баланың өзін жақсы сезінуі тәрбиешіге жіне тобындағы балаларға байланысты. – Ойын-сауықтарды да ұмытпаңыз. Себебі, бала онда тек қана оқуды үйренбейді, бірінші кезекте балалармен бірге көңіл көтеріп, жағымды әсерлер алады, танымын кеңейтеді. Осының бәрі сәбиді қанағаттандыратын болса, балабақшаға қуана-қуана барған болар еді.

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/4411-analar.html?Like
© www.ZHARAR.com



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет