Бағдарламалық басқару жүйелері



бет20/24
Дата08.07.2018
өлшемі1,32 Mb.
#48529
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

3.2.8 Түзетулерді енгізу

Геометриялық ақпаратты түзетулерін енгізу станокты реттеу қателігі, кесу аспабының мүмкін тозуы, жылулық деформациялар және т.б. байланысты. Бұл жағдайда түзету өзімен аспаптың Х немесе Z координаталары бойынша программаланғандарға қатысты «+» немесе «–» белгімен қосымша орын ауыстыруларын көрсетеді.

Түзетуді енгізу L мекен-жайы мен екі дәрежелі санның көмегімен іске асырылады. Санның үлкен дәрежесі келесі мәндерге ие бола алады:

1) түзетуді тек Х осі бойынша енгізу;

2) түзетуді тек Z осі бойынша енгізу;

3) түзетуді тек Х және Z осьтері бойынша енгізу.

Кіші дәреже басқару пультында түзетудің номерін атпайды. Түзетудің шамасы 0-ден ±99,99 дейінгі шектерде Z осі бойынша ондық қосқыштарда; және 0-ден ±49,995 дейінгі шектерде Х осі бойынша енгізіледі.

Түзетуді өңдеуден соң оны жою керек, яғни оны қарама-қарсы белгімен қайтадан өңдеу керек. Түзетуді жою G40 функцияның көмегімен түзетушінің номері мен Ғ берісті атаумен өткізіледі.


3.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма

Зертханалық жұмысқа бастапқы мәліметтер №1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған нәтижелер болып келеді. Технологиялық және өлшемдік ақпаратпен есептелген (таңдалған) өңдеудің құрылған графын ескере отырып қажетті:

1) тетікті СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станокта өңдеу үшін ББ жасау;

2) бағдарлама тасушы – перфолентаға ББ орналастыру;

3) бағдарлама тасушының баптауын орындау.
3.4 Техникалық жабдықтау

1) СББ Н22 – 1М құрылғымен жабдықталған жону 16К20Ф3 үлгідегі станок;

2) УПДЛ түріндегі перфолентада мәліметтерді дайындау құрылғысы, немесе перфоратормен тоғысудағы компьютер.
3.5 Әдістемелік нұсқаулар мен жұмысты орындау реті

Басқару бағдарламасын жасау үшін бастапқы ақпарат № 1 зертханалық жұмысты орындау кезінде алынған мәліметтер болып табылады.

ББ жасаған кезде әдістемелік нұсқауларда мазмұндалған программалау бойынша жалпы мәліметтермен ықыласты танысу.

ББ жасау үрдісінде келесі ретті ұстану керек:

1) басқару бағдарламасы басында «%» символынан соң жұмыс органдарының нольдік күйінен бастапқыға орналасуын программалау қажет. Осы станок үшін нольдік күй құралкүймешіктің шеткі оң күйі мен күймешктің алдыңғы күйіне (3.2 сурет) сәйкес келеді. Бағдарламаның бұл бөлігі кез-келген тетікті өңдеу үшін стандартты болады да үш кадрдан тұрады:

%

N001 G27 F…. S…. T…. M104



N002 G58

N003 X + 000000 Z + 000000

ББ бірінші кадрымен координаттардың абсолюттік жүйесінде (G27) жұмыс белгіленеді, Ғ жылдамдатылған беріс, айналдырықтың қажетті аналу жылдамдығы S, бірінші әрекетті орындау үшін аспап номері орнатылады және айналдырықтың саға тілі бойынша айналуын қосуына команда М104 беріледі.

Жеке кадрмен нольдік жылжуы функциясы (G58) енгізіледі, ал үшінші кадрмен осы жылжудың геометриялық ақпараты енгізіледі. Жылжудың фактілі шамасы станокты баптау кезінде анықталады және СББ құрылғысының ондық қосқыштарында жиналады;

2) ББ негізгі бөлімін жасау өңдеу графының нольдік төбесінен бастап тікелей тетікті өңдеу бойынша ақпаратты енгізумен іске асырылады. Негізгі бағдарламаны блоктарға бөлуге болады, сонда әрбір блок бір әрекетті орындауға сәйкес келу керек. Осындай әрбір блоктың құрылымы бірдей деуге болады. Бірінші блоктың басында жеке кадрмен G26 функциясын енгізу керек, себебі барлық кейінгі программалау координаттардың салыстырмалы жүйесінде орындалады. Бұл жылжулардың есептелуі жұмыс органының бастапқы күйінен басталады, яғни координаттар жүйесінің центрі жұмыс органының бастапқы күйінде аспаптың төбесіне байланысқан және бұл жағдайда абсолютті жүйемен операция жасау қиын болады.

Бірінші блоктың бірінші кадрында ББ кесу аспабы төбесіне күйіне түзету функциясын енгізу қажет. Сонда түзетуді жағдайлардың көбінде екі координаттар бойынша бірдей жоспарлау қажет. Кейін жұмыс органының графтың бастапқы аралас төбелері арасында орын ауыстыруын белгілейтін бірінші геометриялық ақпаратты енгізумен интерполяцияның қажетті функциялары мен беріс жылдамдықтарын енгізу керек. Келесіде бағдарламаның бір блоктағы шектерде әрбір кадрда геометриялық ақпараттың өзгеруімен қатарлас қажет жағдайда беріс жылдамдығы мен интерполяция функциясы өзгереді. Берістің үш функцияларын пайдалану ұсынылады: біреуі жұмыс жүрістерінің өздерін орындау үшін; екіншісі үлкен емес қашықтықтарға (аспапты жақындату – алыстату) бос жүрістерді орындау үшін және үшіншісі – үлкен қашықтықтарға (аспаптарды ауыстыру нүктесіне, өңдеу басына қайтару) бос жүрістерді орындау үшін тез жүрісті жылдамдық.

Бағдарламаның блок соңында G40 түзетуді жою, беріс функциясы енгізіледі, онда бұрын енгізілген түзетудің шамасын өңдеу жоспарланады.

Төменде әрекетті өңдеу үшін бағдарламаның мұндай блогының мысалы келтірілген.

N004 G26

N005 G01 L31

N006 F10600 X – 17800 Z – 0430

N007 F10200 X + 00800 Z – 00400

N008 Z – 02300

N009 X + 01000

N010 X + 01200 Z – 01500

N011 Z – 03800

N012 X + 01200

N013 F10600 X + 13400 Z + 12300

N014 G40 L31.

Аспапты ауыстыру үшін станоктың жұмыс органы бастапқы нүктеге апарылады, ал апарудан кейін осы аспаптың күйіне түзетуге жою программаланады.

Келесі блоктың құрылымы біріншінің құрылымын қайталайды, тек технологиялық және өлшемдік ақпарат қана өзгереді.

Бунақтарды өңдеу кезінде жұмыс жүрісін орындағаннан соң уақыт шыдамын программалау қажет. Кадрдың құрылымының осы жағдайда 3.2.7 бөліміне сәйкес келесі түрі болады

N028 G04 F10200 X + 02000

Шеңберлік интерполяцияның программалау кезіндегі кадрдың құрылымы 3.1 суретте көрсетілген.

Бұранданы кескен кезде кадрдың құрылымының түрі (3.2.6 бөлімді қараңыз) келесідей болады:

N043 G33 X + 000256 Z – 002500 D + 000200

G58, G25 және G33 функциялары ұзартылған форматтарды (6 дәрежелі) қолданады;

3) бағдарламаның соңы стандартты түрі боалды. Өңдеудің соңында жұмыс органы нольдік күйге қойылуы керек, бұл екі кадрмен программаланады, осыдан кейін М02 «Бағдарлама соңы» функциясымен кадр жазылады.

N076 G25 X + 999999

N077 G25 Z + 999999

N078 M002

X және Z осьтері бойынша координаттар геометриялық ақпарат алдын ала үлкенірек етіп енгізіледі, ол жұмыс органының нольдік күйде тоқталуы шекті қосқыштармен іске асырылатыны ескеріліп жасалады;

4) зертханалық базаны бағдарлама тасушыны жасаудың техникалық құралдарымен жабдықтау кезінде зертханалық жұмыста ББ бағдарлама тасушыға оның кейінгі тікелей станокта баптауымен аударылуы ескеріледі. Мұндай құралдар болмаған кезде студенттерге станокта бапталған ББ өңдеуі көрсетіледі.
3.6 Есептің мазмұны

Есеп технологиялық құжаттаманың жазылған ББ түрінде көрсетіледі. Көрсетілген құжаттамада қандай да бір түзетулер жіберілмейді. Бланктік құжаттаманы дайындау кезінде мәтіндік құжаттарға сәйкесті талаптарды ұстану керек. Егер зертханалық жұмыс бағдарлама тасушыны жасау мен баптаумен аяқталса, онда есепке бағдарлама тасушы қосылады.


3.7 Бақылау сұрақтары:

1) қарастырылатын буындағы СББ құрылғысының сипатыт ерекшеліктерін атаңыз;

2) импульстарда орын ауыстыру тапсырмаларының физикалық мәнін түсіндіру;

3) қандай ақпарат ББ кадрына шеңберлік интерполяцияны программалаған кезде енгізіледі?

4) қандай ақпарат ББ кадрына бұранданы кескен кезде енгізіледі?

5) қандай тәсілмен түзету және оның физикалық мәні программаланады?

6) өлшемдік орын ауыстыруларды программалаған кезде координаттардың салыстырмалы жүйесін артық пайдалануын түсіндіріңіз.

4 Зертханалық жұмыс. Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған тік-жонғыш білдекке басқару бағдарламаны жасау



4.1 Жұмыс мақсаты: Н33 – 1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған тік-жонғыш 6Р13Ф3 білдекке тетіктерді өңдейтін басқару бағдарламаны жасаудан тәжірибе алу.
4.2 Жалпы түсініктер

Н33 – 1М және Н 22-1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғылар бір қезде шыққан құрылғылар. Сондықтан әртүрлі білдектер жабдықталса да көп бірдейшілік бар.


4.2.1 Мекен-жайлар және сөз форматтары

Сандық бағдарламамен басқарылатын Н33 – 1М құрылғыда келесі адрестармен сөздер форматтары қолданылады:

N3 – басқару бағдарламаның қадрының номері;

G2 – дайындау функциясы;

M2 – комекші функция;

F4 – беріліс жылдамдығы;

L3 – коррекция;

X6, Y6, Z6 – X, Y, Z осьтерге қатысты интерполяция параметрлері.

Осы зертханалық жұмыста 6Р13Ф3 тік-жонғыш білдек қолданылады. Осы білдекте айналдырықтың айналу жылдамдығы жене кесу құралдар қолмен ауыстырылады, сондықтан мұнда T және S мекен-жайлар қолданбайды.

Басқару бағдарламаның кадрының форматындай түрде:



N3 G2 X Y Z I+6 J+6 K+6 M2 F4 L3
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет