Бағдарламалық басқару жүйелері


Геометриялық мәліметтерге басқару бағдарламаға түзету енгізу



бет22/24
Дата08.07.2018
өлшемі1,32 Mb.
#48529
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

4.2.6 Геометриялық мәліметтерге басқару бағдарламаға түзету енгізу

Тік-жонғыш Н33-1М сандық бағдаламамен басқаратын жүйелермен жабдықталған білдектерде басқару бағдарламаға геометриялық мәліметтерге түрлі түзетулер енгізуге толық мүмкіншіліктер бар. Онда технологиялық мүмкіншіліктер, өңдеу әдістер, тетіктердің құрылым ерекшеліктері ескерілген. Кесу құралдың қозғалыс траекториясының коррекциясы L мекен-жаймен және үш белгі кодты санмен жүзеге асырылады.



Үлкен разряд 0-ден 8 дейін өзгереді түзету түріне байланысты (4.2 кесте).
4.2 кесте – Түзету түрі

Үлкен разрядтың коды

Коррекцияның атқаратын міндеті

0

Сыртқы эквидистанталы қарамға таяу не сыртқы қарамды түзету

1

X осьпен түзету

2

Y осьпен түзету

3

X, Y осьтермен түзету

4

Z осьпен түзету

5

X, Z осьтермен түзету

6

Y, Z осьтермен түзету

7

X, Y, Z осьтермен түзету

8

Ішкі эквидистанталы қарамға таяу не ішкі қарамды түзету


L мекен-жай ылғи басқару бағдарламаның соңында орналасады. Түзету мөлшері ондық ауыстырып-қосқышпен теріледі. Барлығы 16 ауыстырып-қосқыштар бар. Максималды терілетін сан 99,99 мм. 1-10 түзетушілер кесу құралдың ұзындығының түзетулерін енгізуге қолданылады, 11-16 түзетулер жонғының радиусын түзетуге қолданылады. 17-18 түзетулер координаттық жүйенің нолін ығыстыруға қолданылады.



4.2 сурет


Түзетуді қайтаруға, яғни осьтерге қатысты бағыт белгілерін, G40 функциясын енгізіп, сонымен қоса L түзетуді кайтару функциямен бірге. Тең қашықтық қарамда жұмыс жүргізілсе, онда түзетуді қайтару ішкі не сыртқы қарам ба белгіленеді, сонымен қоса G50 функция енгізіледі.

G40 – G43, G50 – G53 дайындау функциялар көмегімен кесу құралдың ұзындығына радиусына түзетуді берілуі мүмкін. Мұнда басқару бағдарламаға координаттық қозғалыстар тетіктің номиналды өлшемдеріне тең енгізіледі (яғни сызба боынша), түзету мөлшері кесу құралдың радиусына тең және түзетушіде + белгімен теріледі (яғни импульстар санымен). Мұндай ұсаныс басқару бағдарламаға жұмыс атқарғанда тең қашықты қарам автоматты түрде есептеледі, сондықтан алдына ала R радиусқа қатысты есептеу қажет емес.

G40 – G43, G50 – G53 функциялармен дұрыс қолдану үшін олардың физикалық мағынасымен және олардың атқаратын міндеттерімен танысу керек..

G41 функция – кесу құралдың ұзындығына оң түзету, G51 функция – теріс түзету, олар оң не теріс белгіні түзету шамасына орнатады түзетушіде терілген белгіге қарамастан. Түзету өткізілгенде программаланған қозғалыс шамасымен коррекцияның шамасы алгебралық түрде қосындыланады («+» және «–» белгілерді еске ала отырып). 4.2 суретте көрсетілгендей А нүктеде қозғалыс программаланған, В нүктеде қозғалыстың шамасы түзетілген.

G42 функция - радиусқа оң түзету, G52 функция - теріс түзету, осылар шеңбердің төрттен бір бөлігін сағаттын жүру бағытында өңдегенде қолданылады. Яғни, өңдеу доғаның нақты радиусы сызбадағы тетіктің радиусымен R жонғыштың радиусының қосындысына тең (4.2 сурет).

G43, G53 функциялар G42, G52 функцияларға ұқсас тек доңгелек түзетуді сағаттың жүру бағытына кері бағытта қолданылады.

G42 - G43, G52 - G53 функцияларды қолданғанда L мекен-жайдан кейінгі тұрған санның үлкен дәрежесі екі санда ғана болады «1» не «2». «1» сан болса, онда G19(XY) және G18(XZ) жазықтықтарда программаланған бастапқы түзетілетін i координатқа, ал G19(YZ) өңделу жазықтықта j координатқа сәйкес. «2» сан болса онда G17(XY) жазықтықта түзетілетін бастапқы j координатқа және G18(XZ), G19(YZ) өңделу жазықтықтарда k координатқа сәйкес.
4.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма

Бастапқы мәліметтер ретінде №1 зертханалық жұмыста табылған деректер. Сондағы құрылған өңдеу граф пен есептелген өлшемдік мәліметтерді қолданылады:

1) Н33–1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 білдекке тетікті өңдейтін бағдарламаны жасау;

2) бағдарламаны бағдарлама тасымалдауышқа – бағдарлама таспасына аудару;

3) бағдарлама тасымалдауышты реттеу.
4.4 Техникалық жабдықтар


  1. Н33-1М сандық басқару құралмен жабдықталған 6р13Ф3 тік-жонғыш білдек;

  2. УПДЛ тәрізді перфотаспаны дайындайтын құрылғы.


4.5 Әдістемелік нұсқаулар және жұмысты орындау реті

Н33-1М сандық бағдарламамен басқаратын құрылғымен жабдықталған 6Р13Ф3 тік-жонғыш білдекке басқару бағдарламаны жасау алдында мыналар ескерілу керек:



  1. білдектің жұмыс мәрімдерінің бағдарламамен басқарылуы олардың ноль орындарынан басталады, яғни бастапқы ноль және ноль нүкте бір орында орналасады. Айналдырық басшаның ноль күйі ең жоғарғы күйге сәйкес, үстелдің ноль күйінде оның ортасы айналдырықтың осімен сәйкес;

  2. басты қозғалыстың жылдамдығы – айналдырықтың айналыс жиілігі және кесу құралдың ауысымы қолмен жасалады, сондықтан олар программаланбайды. Тек М03 функция мен айналдырықтың айналуы қосылады;

  3. басқару бағдарламаны жасағанда геометриялық мәліметтерді түзетуудің толық мүмкіншілігін қолдану керек. Z осінің түзетуі кесу құралды өңделіп жететін өлшмнің дәлдігін реттеуге; мысалы, кілтек ойықтың тереңдігі, қолданылса; сондай қарамды саусақты жонғышпен жонғанда жонғыштың кесу жиегінің тозуын түзетуге қолданылады. Түзету түрін басқару бағдарламаның бас жағында жазу керек және Z оське қатысты қозғалыстар бағдарламанатын жақта.

N003 G01 Z-005000 L401


Бағдарламаның соңында қозғалыс кері бағытта болса түзетуді айыру керек.
N121 G40 Z+ 005000 L401


  1. X және Y осьтеріне қатысты түзету есептеу нольді ығыстыруға қолданылады, есептеу нольді ығыстыру, себебі айналдырық осінің үстелдің ортасымен дәл келмеуі. Ондай дәлсіздік айлабұйымның білдектің үстелінде, өңделетін тетіктің айлабұйымда қондырылу қателіктерінен туындайды. Түзетулер Z осіне қатысты түзету секілді енгізіп-шығару. Егер X жәнеY осьтерінде қозғалыстар болмаса, онда түзетілу ноль қозғалыстарын бағдарлағанда енгізіледі (4.3 сурет).

N005 X+000000 L117

N006 Y+000000 L218 – түзету еңгізу

__________________

N096 G40 X+000000 L117

N097 G40 y+000000 L218 – түзетуді шығару






4.3 сурет




  1. X және Y осьтеріне қатысты қозғалыстарға түзету G41 және G51 дайындау функциялармен кесу құралдың тең қашықтық қарамға шығуын бағдарлағанда қолданылады. G41-G43 және G51-G53 дайындау функциялар тік төрт бұрышты және оның құрамында шеңбердің бір квадрантындағы доғасы бар тетіктерді өңдейтін кесу құралдың радиусына түзету енгізуге қолданылады (4.4 сурет). Мұнда деп аталатын тең қашықсыз (безэквидистантное) бағдарламаны жазу орын алады; яғни бұл кезде басқару бағдарламаға нақты қарамның өлшемдері еңгізіледі; кесу құрал тең қашықтықпен қозғалу үшін кесу құралдың радиусының өлшеміне тең . X және Y осьтеріне қатысты түзетулер енгізіледі. Сондықтан алдын ала тең қашықтықтың өлшемдерін есептеу қажет емес.

Мысалы:

Тең қашықтыққа шығу 1 – 2 нүктелер (4.4 сурет) .






4.4 сурет
N004 G51 X+005000 F0680 L114

14 түзеткіште (корректорда) Rф = 15 мм жонғыштың радиусы (оның диаметрі 30 мм болса) теріледі.

2 – 3 нүктелер арасында

N005 G41 Y+020000 L214

3– 4 нүктелер арасында

N006 G41 X+002000 L115

15 түзеткіште 2 Rф = 30 мм теріледі, өйткені 3 – 4 нүктелердің арасындағы қозғалыс нақты қарамнан 2 Rф-ке өлшемі көп.

5-6 нүктелер арасында

N008 G51 X+008000 L115

5-6 нүктелер арасындағы қозғалыс қарамның осы нүкетелер арасындағы өлшемнен 2 Rф ке кем.

8 – 9 нүктелер арасында

N011 G42 J+006000 X+006000 Y+006000 L214

Тең қашықтықтан шыққанда түзетуді алып тастау үшін тең қашықтыққа кіргендегі қолданылған функцияға қарсы функция қосылып беріледі.


  1. 3 нүктелер сондай

N019 G41 X-005000 L114

      1. Күрделі теңқашықтық қарамдардарға бағдарлама жазғанда жонғыштың радиусына түзету еңгізгенде ішкі және сыртқы қарамдар белгілерін қолдану керек. Ішкі және сыртқы белгілерді қолданғанды қарамның түрімен байланыстырмай мынадай қасиет еске тұтылады. Егер жонғыштың диаметрі ұлғайғанда қозғалыстың өлшемі де өссе онда ол сыртқы қарам болып есептеледі. Егер жонғыштың диаметрі ұлғайғанда қозғалыстың өлшемі азайса онда іщкі қарам. Әтине кей кезде осындай белгілерді еске ала отырса қарам виртулды болуы мүмкін (4.5 сурет).Осы суретке сәйкес; егер теңқашықтыққа 0 нүктеден 1 нүктеге шықса онда қарам ішкі болады; ал егер траектория 0 – 2 – 3 нүктелерден өтсе онда қарам сыртқы болады.

Күрделі қарамдарды өңдегенде (4.5 сурет) теңқашықтыққа шығу үшін кесу құралдың радиусына түзету еңгізу керек, одан кейін басқару бағдарламаның әр бір кадрында қисықсызықты қарамға бадарлама жазылады; яғни әр бір кадрда дөнгелек интерполяция қолданылады.

Тік сызықты интерполяцияны қолданылатын кадрларда жонғыштың радиусына түзету енгізу қажет емес; себебі жонғыштың диаметрінің өзгеруі қозғалыстың мөлшеріне әсері жоқ.. Аталған себептерді еске алсақ, онда 4.5 сурете көрсетілген тетіктің өңдейтін басқару бағдарламаның кейбір кадрлары мынадай түрде жазылады.

1 нүктеден 2 нүктеге эквидистантаға шығу

N008 G01 Y+002000 L813

2 – 3 нүктелер арасындағы қозғалыс

N009 G02 X-008500 Y+008500 J+008500 l013

5 – 6 нүктелер арасындағы қозғалыс

N012 G02 X+024200

6– 7 нүктелер арасындағы қозғалыс

N013 G02 X+000800 Y-000800 I-000800 l0137

Тетікті өңдеп болғаннан соң тең қашықтықтан шығар кезде түзетуден де шығу керек. Оны кері қарамды қолданып не G50 функцияны қолданып жасауға болады.

N023 G02 Y-002000 L013



не

N023 G50 Y-002000 L813



Жоғарыда аталған нұсқауларды ұстанып жасалған бағдарлама оқытушыға көрсетіліп тексеруден өтеді.







4.5 сурет

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет