Бағдарламаның мазмұны


Құрамы: Бадам ұны (миндальная мука



бет8/19
Дата26.04.2023
өлшемі75,82 Kb.
#175494
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
3 Балжан - 21 Хит рецепт

Құрамы:
Бадам ұны (миндальная мука) – 75 гр.
Сарымай (слив.масло) – 75 гр.
Қант ұнтағы (сахарная пудра) – 60 гр.
Қопсытқыш (Разрыхлитель) – ½ ш.қ (ч.л)
Сарыуыз (желток) – 1 дана (шт.)
Ұн – 120 гр.
Какао – 20 гр.
Тұз – шым-шым (щепотка)

Сары май (слив.масло) – 50/70 гр (қамырға қосымша керек)




Салмасына (для начинки):
Сүзбелі ірімшік (творожный сыр) – 400 гр.
Қант – 110 гр.
Жұмыртқа – 1 шт.
Кілегей 33-35% (сливки) – 110 гр.
Сүтті шоколад (молочный шоколад) – 200 гр.


Дайындалуы:
Бөлме температурасындағы сары майды қант ұнтағымен бірге араластырамыз. Сарыуызды араластырып тағы да араластырып аламыз. Қалған құрғақ ингредиенттерді қосып тездетіп қамыр илейміз. Көп иилеп тұрудың қажеті жоқ (!!!). Түйіршіктер пайда бола бастаған кезде тездетіп шар тәрізді етіп жинап, пленкаға орап, тоңазытқышқа 1 сағатқа жібереміз.
Қамырды алып, 2 пергамент қағазының ортасында 3/5 мм қалыңдықта жайып, шанышқымен тесіп шығамыз. 180 °С та қызып тұрған пеште қызарғанша, шамамен 15-20 минут аралығында пісіріп аламыз.

Суған қамырды блендердің көмегімен ұнтақтап аламыз. Қосымша дайындаған 50/70 гр. сарымайды ерітіп, ұнтақталған қамырға құямыз. Бізге өзара бірігіп тұрған ұнтақ керек.


Диаметрі 16/18 см болатын қалыпты (форма) майлап, ұнтақтан чизкейктің формасын шығарып дайындаймыз.
180 °С- та қызып тұрған пеште тағы 5 минут пісіріп алып, суытамыз.


Салмасы (начинка):
Шоколадты микротолқынды пеште (микроволновая печь) ерітіп аламыз. Бөлме температурасындағы сүзбелі ірімшікті шоколадпен араластырамыз. Қажеттілік туындаса блендерді пайдаланамыз. Қант салып араластырамыз. Жұмыртқаны салып, масса біріккенше араластырамыз. Кілегейді қосып жақсылап араластырып, массаны дайындап аламыз.
Дайын болған салмасын алдын ала дайындаған қамырға салып, 90/130 °С та 60/90 минут аралығында пісіріп аламыз.
Дайын болған чизкейкті бөлме температурасына дейін суытып, тоңазытқышқа кемінде 6 сағатқа жібереміз.
Суыған чизкейкті қалауыңызша әрлесеңіз болады.

Біз шоколадты ганашпен әрледік.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет