Популяция қҧрылымына туыстас шағылысудың ықпалы. Ӛздігінен ұрықтанатын организимдер популяциясына қолдануға ХардиВайнбергтің формулалары әрине жарамсыз. Ондай ұрықтанудың немесе туыстас шағылысудың генетикалық мәні, В.Иогансен кӛрсеткендей, популяцияны генотиптері әр түрлі линияларға ажыратты. Бұл кезде гетерозиготалы гендер гомозиготалы қалыпқа ауысады.Нақтылы популяцияның соңғы саны тағы бір маңызды нәтижеге әкеліп тірейді.
Популяция қҧрылымы.Популяция деп ӛмір сүру ортасы бір және оған бейімделу қабілетіде бірдей, бір- бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен алынатын жануарлар тұқымдарымен ӛсімдіктер сорттары да жекелеген популяцияға жатады. Популяцияның қалыптасу процессі және оның динамикасы микроэволюция болып есептеледі. Популяцияның генетикалық құрылымын анықтау селекционерлерден басталады деуге болады. Себебі олар қандай болмасын бір сорт не тұқым шығару үшін будандастыратын ата-ана жұбын таңдап алумен қатар, бірнеше буын бойы олардың ұрпақтарын зерттейді. Бірақ популяцияны генетикалық тұрғыдан зерттеудің ғылыми негізгі тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары, яғни Мендель заңдары ашылғаннан кейін салынды. Популяция құрылымын ең алғаш статистикалық және генетикалық әдістер қолдана отырып зерттеген дат генетикі В. Иогансен. Оның 1903 жылы «популяциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалау» деген еңбегі жарық кӛрген.
Организимдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар генотиптердің ӛзгергіштікке ұшырауына байланысты бір генотип үнемі бір генотиппен алмасып отырады. Оны популяцияның генетикалық құрылымының динамикасы дейміз. Популяциядағы генотиптік ӛзгергіштіктің негізіне мутациялық және комбинативтік ӛзгергіштік жатады. Қорытынды.