Бағдарламасы ( 11сыныпқа арналған) Түсінік хат



бет24/94
Дата07.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#96904
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94
Байланысты:
Биология факульт курсы (1)

Экологиялық жағдай
Адам денсаулығына қоршаған орта жағдайларының әсері зор.Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуының маңызы ӛте зор. Арал, Семей, Атырау ӛңірлерін атап кетуге болады.
Компьютерлік сырқат белгілері
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бӛлінеді:

  1. Кӛздің кӛру қабілетінің нашарлауы.

  2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Кӛру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық кӛрмеуі, ӛзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бӛлінеді.

  1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс – тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына кӛмектеседі.

Тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

  1. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам ӛмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам ӛзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ ӛмір сүруіне де септігін тигізеді.

  2. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нәтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс ӛсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жӛне т. б. Адамның ұзақ ӛмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рӛлі зор. Кӛбіне кӛкӛніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ – аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау – адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сүндетке отырғызу – терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оқу – тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам ӛз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі кӛңіл бӛліп отыруы тиіс. Ұзақ ӛмір сүрудің негізгі шарты – денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек. Адам денсаулығының басты үш кӛрсеткіші бар. Олар: біріншіден – адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден – адамның психикалық кӛңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден – жеке тұлғаның қоғамдағы ӛз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді Сҧрақтар

―Денсаулығың ӛз қолыңда‖ дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты ӛмір салты не үшін керек?
―Сатып алған ауруға дауа жоқ‖ дегенді мысалдармен түсіндіріңдер. Жағдаяттық тапсырма 1- жағдаят:
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын кӛп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі 4 баланы асырауға шамасы келмеді.Кей кездері үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауыруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сӛйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, кӛшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді кӛріп әке-шешемнің тіпті ұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай кӛз алдымызда ӛліп кетті.Наша табу үшін ұрлық жасауға кӛштік.Сӛйтіп жүргенде қолға түстім. Менің кӛрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман-есен шықсам, осы дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы ӛмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет