Бағдарламасы (10 11 сынып, 34 сағат саны) Құрастырған Биология пәнінің мұғалімі К. О. Жаныспаева


Ген – хромосоманың белгілі бір бөлігіне орналасқан тұқым қуалағыштың негізгі материалдық бірлігі. Генезис



бет8/18
Дата10.10.2022
өлшемі74,95 Kb.
#152505
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Заманауи жалпы биология 2019 жыл

Генхромосоманың белгілі бір бөлігіне орналасқан тұқым қуалағыштың негізгі материалдық бірлігі.
Генезис – шығу тегі немесе пайда болу процесі.
Геном – организмнің ата-аналарынан қабылдаған тұқым қуалау бастамаларының немесе гендердің жиынтығы. Генотипі бойынша организм не гомозиготалы не гетерозиготалы болып келеді.
Генеалогия – қандай болмасын бір организмнің шығу тегін зерттеу.
Генетика – организмдердің тұқым қуалағыштығы мен өзгергіштігі туралы ғылым.
Генетикалық талдау – организмнің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттеу.
Гетерозигота – клеткаларында белгілі бір генның түрлі алельдері бар дарақтар. Ондай дарақтар «А» және «а» - алельдері бар гаметалар түзеді. Гетерозиготалы организмдерді өзара будандастырғанда генотипі мен фенотипі бойынша Мендель заңдылықтарына сәйкес ажырау жүреді. Кез-келген дарақ бір жұп алельге байланысты гетерозиготалы болуы мүмкін.
Гетерозис – бірінші будан ұрпақтың тіршілік қабілетінің ата-аналарына қарағанда күшті болуы.
Гибрид – генетикалық тұрғыдан бір-бірінен өзгеше формаларды будандастыру арқылы алынған ұрпақ.
Гипертрихоз – құлақ қалқанының жиегіне жүн өсу. У хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әдетте бұл ауру тек ер адамдарда болады.
Гипоплазиятіс эмалі өте жұқарып, соның салдарынан тістің түсі бұзылады. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын доминатты белгі.
Гистондар – жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының көпшілігінің ядросында болатын қарапайым белоктар немесе протеиндер тобы.
Глаукома – көз алмасындағы сұйықтықтың сыртқа бөлінуі бұзылады. Соның салдарынан түрлі патологиялық өзгерістер қалыптасып, ең соңында адам көруден қалады. Глаукоманың түрлері көп. Олардың біразы аутосомдық – доминантты, ал кейбіреулері аутосомдық рецессивті тип бойынша тұқым қуалайды. Сондай-ақ тұқым қуаламайтын фенокопиялық формалары да кездеседі.
Гомозигота – деп клеткаларында белгілі бір аллель жұбының біркелкі не доминантты (АА), не рецессивті гендері (аа) бар дарақты айтады. Ондай дарақтардың гаметалары бір сортты болады және ешуақытта ажырамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет