Андрогенез – ұрықтың жұмыртқа клеткасы ядросының қатысуынсыз тек аталық ядродан ғана дамуы.
Анемия – қан аздық. Эритроциттер мөлшерінің, оның гломогобиннің немесе жалпы қан мөлшерінің азаюына пайда болатын аурулар тобы. Оның бірнеше түрі бар: Кули анемиясы немесе талассемия, орақ тәрізді клеткалы анемия, примахиндік анемия.
Анеуплоидия – хромосома санының оның гаплоидты жиынтығына еселенбей өзгеруі (артуы немесе кемуі). Мысалы, жүгеріде болатын 20 хромосоманың 21 немес 19 болып өзгеруі.
Аниридия – көзде сыртқы мөлдір қабықтың болмауы (екі көзде бірдей), соның салдарынан қасаң қабықтың, көз бұршағының бұлдырлануы, көрудің нашарлауы, катарактаның пайда болуы, жарыққа қарай алмау байқалады. Аутосомды-доминатты тип бойынша тұқым қуалайды.
Анофтальмия – көз алмасының мүлде болмауы (рецесивті белгі). Толымсыз доминаттылық жағдайда гетерозиготалы дарақтардың көз алмасы кішірейген күйде болады.
Антигендер – организм үшін бөгде болып есептелетін белокты заттар. Олар организмге енгенде қорғағыш заттар түзіледі.
Антидене – организмге бөгде бөлшектер енгенде түзіліп, оның зиянды әсерін жоятын белокты зат.
Антикодон-белок биосинтезі кезінде матрициялық РНК-ға сәйкес келетін транспорттық РНК молекуласының бөлігі.
Антимутагендер – мутагендердің әсерін кемітетін немесе жоятын заттар.
Аутбридинг - туыс емес дарақтарды будандастыру.
Аутосомды хромосомалар – аталық жыныс пен аналық жыныстардағы құрылыстары біркелкі хромосомалар. Мысалы, адам клеткасының диплоидты жиынтығында 22 жұпты аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалар бар.
Ахондрипиазия – эмбриондық дамудың алғашқы кезеңінен бастап-ақ сүйектерінің өсуі баяулайды. Соның салдарынан тұлға бітімі дұрыс болмай балалардың қол-аяқтары қысқа, танауы жалпақ, ергежейлі болып туады. Көпшілік жағдайда бала іште жатып өледі. Аутосомдық доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.
Ахроматин – хроматинмен салыстырғанда әлсіз реңге боялатын ядролық зат.
Бактериофаг – бактерия клеткасында паразиттік тіршілік ететін және оны ертіп жіберетін вирус. Ол сыртын белокты қабықша қаптаған ДНК-дан тұрады. Мөлшері 200-500 мкм шамасында.