Бағдарламасы 2016 жыл Бағдарламаны жасау негіздері: ҚР "Білім туралы"



Дата10.06.2017
өлшемі215,32 Kb.
#18447
түріБағдарламасы

ЖАЗ-2016” бағдарламасы



2016 жыл

Бағдарламаны жасау негіздері:

 


  • ҚР “Білім туралы” Заңы

  • Баланың құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы

  • «Қазақстан Республикасы балалар құқығы туралы» Заңы

  • «Қазақстан Республикасы  азаматтарының денсаулығын қорғау туралы»Заңы

  • «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы»

  • «Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 22 сәуіріндегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері»

  • «Сабақтан кейінгі мектеп: Оқушылардың сабақтан тыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру» әдістемелік ұсыныстар

 

І. Тұжырымдама



  • Оқушылардың жазғы демалыс уақыты жыл бойындағы ең ауқымды бос уақыт болып табылады.

  • “Жайдарлы жаз” бағдарлдамасы оқушылар мен ата-аналардың таңдауы бойынша жоспарланды. Бағдарламаның басты мақсаты ойын және сауықтыру технологияларын енгізу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, этномәдениеттілік пен құқықтық тәрбиені жүзеге асыру.

  • Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланған. Басты назар әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар, жетім балалар, қауіпті топ, қалалық және мектепішілік бақылауда тұрған оқушылардың жаз мезгілінде бос уақыттарын сапалы ұйымдастыруға бағытталған /қалалық мекемелер, орталықтармен тығыз байланыс жасау арқылы/.

Балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында №11 жалпы орта білім беретін мектебінде құрылды:

  • «Күншуақ» мектеп жанындағы сауықтыру лагері (1-4 сыныптар)

  • «Ақылды ұрпақ» профильдік алаң (5-8 сыныптар)

  • «Жасыл аула» мектеп алаңын көгалдандыру (5-8 сыныптар)

  • Құрылыс және еңбек жасағы (9-10 сынып)



ІІ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті

«ЖАЗ-2016» бағдарламасын іске асыру барысында алға мақсат, міндеттер қойылды.



Мақсаты:

Ойын және сауықтыру технологиялырын енгізу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, экологиялық және құқықтық тәрбиені жүзеге асыру.



Міндеті:

- Спорт пен туризмге қамту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.

- Оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

- Құқықбұзушылықты алдын-алу

Жазғы демалыстың бағыттары мен өту формалары төмендегідей айқындалды.
ІІІ. Жазғы демалыстың бағыттары
Оқу – зерттеу бағыты

Міндеттері:

‒     оқушылардың негізгі іс- әрекеті интеллектуалдық байқаулар, пән олимпиадалары,  ғылыми жобаларға  дайындық жасау және  білім, білік, дағды жүйесін жетілдіру;

‒     балалар үшін толық жарамды демалыс ұйымдастыру;

‒     әр оқушының деңгейін көтеру;

‒     ұжымдық қарым- қатынасты дамыту;

‒     салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру;

‒     оқушылардың өзін-өзі жүйелеуге жағдай туғызу;

‒     оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

   

Сауықтыру – шынықтыру бағыты

Міндеттері:

‒       оқушылардың денсаулығын нығайту үшін қажетті жағдайлар туғызу;

‒       оқушылардың гигиена ережесі, салауатты өмір салты туралы білімдерін кеңейту;

‒       салауатты өмір салты туралы дағдыларын дамыту;

‒       салауатты өмір салтына өздігінен дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

Осы бағдарламаның бағытын жүзеге асыру үрдісінде балалар денсаулық негіздері бірнеше аспектіден тұратынын біледі:

-         физикалық;

‒     сезімталдық;

‒     әлеуметтік;

‒     танымдық;

‒     руханилық
Бір- біріне тәуелділік бөлімнен тұратын денсаулық бір бүтін түріндегі ұғымды білдіреді.  Әуелі сауықтыру алаңы оқушылары өздерінің – «Өмір заңдылығы» ережесін қабылдауда мыналарды ұсынады:
- жағымсыз әдеттерден бас тарту (темекі шегу, ішімдік, нашақорлық);
- белсенді қозғалмалы күн тәртібі;
- тиімді тамақтану;
- шынығу;
- жеке басының гигиенасы;
- жағымды көңіл- күй т.б.
Аталған бағыт  қызметі  бойынша шынығу шаралары, спорттық мерекелер, спартакиадалар, ойындар,  психолог пен медицина қызметкерлерімен сабақтар күнделікті дене шынықтыру сабақтары есебінен жүзеге асырылады.

Келесі жағдайлар балалардың денсаулығын нығайтады:

     - балалардың толыққанды тамақтануы;

     - тамақ қабылдау гигиенасы;

     - күн тәртібі;

     - еңбек және демалысты ұйымдастырудың тиімділігі;

     - таза ауада таңғы жаттығу жасау;

     - таза ауада лагердің негізгі іс-әрекеттерін ұйымдастыру.



Бос уақытты қамту бағыты
 Міндеттері :

- балалардың шығармашылық деңгейін ашу;

- танымдық қызығушылығын, ой-өрісін кеңейту;

- балалардың шығармашылық ойлау және креативтілігін дамыту;

- оқушылардың өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі жүйелеу бағыты;

- ұжымда бір-біріне көмек көрсету;

- оқушылардың мәдени негіздерін қалыптастыру.
Жұмыс түрлері:

Бұқаралық шаралар:

- күнделікті шығармашылық шараларды  дамытушылық түрде ұйымдастыру;

- думан,кештерді,сайыстарды  және мерекелерді ұйымдастыру;

- тақырыптық мерекелік күндер.

Шығармашылық-танымдық іс-әрекет:


-  конкурс, байқаулар, ойындар, викторина өткізу;
- тақырыптық күндерге байланысты мерекелер.

ІV. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері:


  1. Ұйымдастыру кезеңі - (20 наурыз-1 маусым)






Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Директор жанындағы кеңес «Жазғы демалысты ұйымдастыру шаралары»

Наурыз-сәуір




2.

Сыныптардың бос уақытын ұйымдастыру картасын құру

15 мамырға дейін




3.

Оқушылар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізу

20 мамырға дейін




4.

Мектеп бойынша оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру картасын құру

20 мамырға дейін




5.

Оқушылардың жазғы уақытын ұйымдастыру бойынша білім бөліміне есеп беру

Сәуір-мамыр




6.

Лагерь басшысы, тәрбиеші лауазымына үміткерлермен әңгімелесу

30 сәуірге дейін




7.

Сауықтыру лагеріне қажетті бөлмелерді дайындау:

  • мәжіліс залы

  • спорт залы, алаңы

  • асхана

  • кабинеттер

31 мамырға дейн




8.

Дайындау:

  • ойыншықтар

  • спорт құралдары

  • оқу-құралдары

  • муз.аппаратура

31 мамырға дейін




9.

Штаб жұмысының ұйымдастырылуы

31 мамырға дейін






Күтілетін нәтиже:

Демалыс уақытында әр түрлі формада оқушылардың қажеттілігін анықтау және қорытындылау; әр түрлі бағыттағы және негізгі формадағы әзірлемелер; тәрбие үрдісінде қатысушылардың үйлестіру; жоспардың жүзеге асыруын қалыптастыру; қалалық құрылымдармен келесімге отыру.



2. Жарнамалық-мәліметтендіру кезеңі (20 сәуірден - 25 мамырға дейін)



Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Оқушылар арасында жарнамалық акция «Жаз жақындады!»


20 сәуірге дейін




2.

Мектептен тыс мекемелермен байланыс орнату

-қалалық кітапхана

-өрт бөлімі

-спорт мектебі

-мұражай

-кинотеатр

-қауіз


1 маусымға дейін




3.

Тегін және ақылы түрде демалатын балалар тізімін анықтау

20 мамырға дейін




4.

ҚБ,ЖЖЕ, суда жүзу ережелері бойынша оқушыларға нұсқаулар беру

17 мамыр-23 мамыр




5.

Мектеп жанындағы лагердің жоспары, күн тәртібін құру


31 мамырға дейін




6.

СЭС және ӨБ лагердің ашылуына рұқсат алу


31 мамырға дейін






Күтілетін нәтиже:

-Жұмыс күннің қорытындысы бойынша штабтың отырысы; әр оқушының сағат сайын бос уақытының ұйымдастырылуы;

-Қатысушылардың шығармашылық нәтижесінің мониторингі.

-Бір мөлтек аудандағы жақын мектептермен, қалалық мекемелермен, ата-аналармен бірігіп жұмыс жүргізу.



3. Іске асыру кезеңі(1 маусым – 22 тамыз 2016 жыл)



Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінің жұмыс уақыты

01.06-19.06

9.00-17.00






2.

Профильдік алаң

-«Құқық мектебі»


-«Фиксики»

-«Қылқалам шеберлері»

-«Жарқын болашақ»

-«Пифагор»

-«Физика әлемінде»

-«Сұңқар»

-«Ашық әлем»

01.06-19.06


маусым
маусым

шілде

тамыз





3.

«Жасыл аула» мектеп алаңын көгалдандыру және абаттандыру

маусым

шілде


тамыз




4.

Оқушылардың құрылыс және еңбек жасағы

маусым




5.

Жазғы мектеп

Саяхаттар мен серуендер



Жаз бойы




6.

Жаз мезгілінде құқықбұзушылықты алдын-алу шаралары бойынша ҚЖБ бірлескен жұмыс жасау

-есепте тұрған оқушылардың бос уақытын бақылау;

-сауда орталықтарына рейдпен шығу;

-мекен-жайына бару.



Маусым-тамыз





Күтілетін нәтиже:

-Шығармашылық жұмыстар (көрмелер, жобалар, концерттік бағдарлама)

-Қалалық мұражай, кітапхана, мешіт, саябақтарға саяхат-серуен;

-Қалалық, облыстық байқауларға қатысу.



4. Рефлексиялық-талдау кезеңі – (25 тамыз-1 қыркүйек)



Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Жаз уақытындағы мектеп жұмысының қорытындысы

Тамыз пед.кеңесте


Сапарбаева А.А.

2.

Қалалық, облыстық байқауларға қатысу


қыркүйек

Сынып жетекшілер

3.

Құқықбұзушылықты алдын-алу шаралары бойынша ҚЖБ бірлескен жұмысының қорытындысы

қыркүйек құқықбұзу-

шылықты алдын-алу кеңесі



Акмагамбетов К.О.


Күтілетін нәтиже:

-Шығармашылық есеп (көрмелер, жобалар, концерттік бағдарлама)

-Жаз уақытындағы мектеп жұмысының қорытындысы;

-Қалалық, облыстық байқауларға қатысу



БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУЫ




Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік әдебиеттер жинақтау

Мамыр айы




2.

«Жазғы демалыстың бағыттары мен формалары» сынып жетекшілер отырысы

10 мамыр






Кадрмен қамту

Жоғары санатты - 5, І санатты-16, ІІ санатты - 7, санатсыз - 4



Қамтылу мерзімі

Бағдарлама жаз уақытында іске асырылады:



МТБ: асхана 200 орын, компьютерлік класс 10+1, спорт зал-2, мәжіліс залы-1, спорттық алаң, ойын бөлмесі-4, спорттық жабдық, телевизор, Интербелсенді тақта-1, музыкалық орталық.
Каталог: uploads -> doc -> 04e6
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04e6 -> Сабақтың тақырыбы: ХVII -хviii ғасырлардағы мәдениет пен ғылым


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет