Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет47/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Жоңышқа – люцерна. Дұрыс егіп, баптап өсірсе жаз бойы 2-3 рет шауып жинауға болады. Жоңышқаны гүлдене бастағанда шабады. Жоңышқа сиырға, жас малдарға, қойға, шошқаға өте жақсы жем азығы болып есептеледі.
Ірі қара малға жаңбырдан кейін немесе шықтан кейін жоңышқаны аса сақтықпен беру керек. Себебі жас жоңышқадан малдың іші кеуіп кету қауіпі бар, алдын ала шөп беру керек болады. Нормасын біртіндеп көбейтеді және басқа да түрлі мал азығына қосып берген дұрыс болады.
Көк жоңышқаның құрамында 20-25% құрғақ зат, 5-5,5% шикі протеин, 0,8-0,9% май, 5,7-8,4% клетчатка, 9,1-11,9 АЭЗ 2,4- 3,0% минералды заттар бар.
Органикалық заттардың қортылуы күйіс малдарында 65-70%, шошқада 60-65% болады.
Жоңышқаны малға жегізу уақыты бутон пайда болғанда және гүлдене бастағанда. Орташа 100 кг көк жоңышқа пішенінде 50-60 а.ө., 127-175 кг қорытылатын протеин және 1 кг- 17-29 мг каротин бар.
Көк жоңышқаны пішен, пішендеме, витаминді шөп ұнын дайындауға пайдаланылады. Көк жоңышқаның орташа шығымы 1 гектардан 300 ц болады, ал шөп дайындаса әр гектарынан 100 ц өнім алуға болады.
Эспарцет. Жылына екі рет шауып алуға болады. Өнімділігі таза күйінде де, немесе басқа шөптермен қоспа ретінде де жақсы. Құрамында 20-25% құрғақ зат, 4-4,5%протеин, 0,9% май, 4,5-6,1% клетчатка, 8,6-11,0%азотсыз экстративті заттар, 1,5-1,6% минералды заттар. Қорытылуы органикалық заттардың 65-68% мөлшерінде. 100 кг көк балаусасында 19-20 а.ө. және сіңімді протеин, 100 кг пішенінде 50-60 а.ө. және 8-9,5 кг сіңімді протеин болады.
Эспарцет – бағалы мал азығы және оны жайылымда да, шөп күйінде де барлық малдардың түрлері жақсы жейді. Шөпке гүлденген уақытта шабады. Эспарцеттің өнімділігі көк өсімдік ретінде 120-180 ц, шөп ретінде гектарынан 40-60 ц. Басқа бұршақ тұқымдастарынан айырмашылығы эспарцет іш кебу стимпания ауруын тұғызбайды.
Беде-клевер. Құрамында орта есеппен 20% құрғақ зат бар, оның 3/1 бөлігін протеин құрайды, күлінде кальций өте көп.
Жоғары жұғымдылығымен, әрі протеинге бай болуына байланысты барлық малдарға жақсы жем азық болып табылады.
Бедеде – 18-24% құрғақ зат, 3,9-4,4% протеин, 0,8-1,0% май, 3,0-6,1% клетчатка, 7,9-10,8% АЭЗ, 1,6-1,9% минералды заттар бар. Қорытылуы органикалық заттардың 60-68%-ға жетеді.
Бедені жайылым үшін пайдаланылған жөн. Өнімділігі әр гектардан көк шөп ретінде 180-220 ц болса, пішен ретінде 50-60 ц болады. Бедеде бутон пайда болып, гүлдей бастағанда пішен, пішендеме, өсімдік ұны ретінде дайындап пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет