Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет43/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдеиеттер тізімі:
1.Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2.С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г


11 ДӘРІС
Тақырыбы: Тамыр жемісті, түйнекті жемісті және бақша шырынды мал азықтары
Сұрақтар:

  1. Малды азықтандыруда шырынды мал азығының маңызы.

  2. Қант, азықтық қызылша.

  3. Бақша дақылдары. Мал азықтық құндылығы, таралуы, пайдалануы.

1. Мал азығы құрамындағы су мөлшеріне негіздеп жіктеу қазіргі уақытта кең қолданады. Шырынды мал азығына құрамында су мөлшері 40% пайыздан асатын өсімдіктер жатады. Тамыржемістілер, тамыртүйнектілер, бақша дақылдары және сүрлем дақылдары – шырынды мал азығын құрайды.

  1. Тамыржемістілерге: мал азықтық кызылша, сәбіз, брюква, турнепс жатады.

  2. Тамыртүйнектілерге: картоп, топинамбур – жер алмурты.

  3. Бақша өсімдіктеріне: мал азықтық асқабақ, мал азықтық қарбыз, қауын жатады.

  4. Сүрлем өсімдіктерге: жүгері, шай жүгері, күнбағыс, мал азықтық қырыққабат, борщевик – аюбалдырған жатады.

Осы аталған өсімдіктер шырынды мал азығын береді. Бұларды қыс мезгілінде, көк шөп жоқ кезінде пайдаланылады.
Шырынды мал азығының маңызы зор. Олар организмде жеңіл қорытылады. Құрамында көп көмірсу, витаминдер, және минералды заттар бар. Шырынды азықтар малдардың тәбетін көтеріп, тамақты жақсы қорытуға әсер етеді. Егер шөп, сабанмен қосып бергенде олар жақсы қорытылады.
Мал азықтық рационға шырынды азықты кіргізгенде мал өнімдері ұлғайады. Сауын сиырлар сүтті көбейтеді, төлдері тез өсіп дамиды. Ал шошқа малында тамаша май түзледі. Шырынды азықты рационға енгізгенде құрама жем мөлшерін азайтуға болады.
Тамыржемістілер өте бағалы шырынды азық. Құрамында қант, витаминдер және минералдық тұздар көп. Сүтті шығаруды көбейтетін азық ретінде сүтті сиырларға береді, төлдеріне, шошқаларға да береді.
Бұл өсімдіктердің тамырын пайдаланумен қатар жапырақтарында пайдаланады. Олар тамырдың салмағының 25-40% құрайды.
Бұл өсімдіктердің арасында сәбіздің орны ерекше. Онда провитамин каротин көп болады. Малдардың төлдері сәбіз бергенде тез өсіп жетіледі. Сондай-ақ, мал азықтық қызылшада көп тараған, пайдалы азық болып табылады.
Тамыртүйнектілерге жататын картофель, жералмұрты сүтті малға және шошқа малына бағалы азық болып табылады.
Бақша өсімдіктері – азықтық қарбыз, азықтық асқабақ та ауыл шаруашылық малдарына таптырмайтын азық болып саналады.
Азықтық асқабақ сауын сиырлардың сүттілігін арттырады. Сүрлем – мал шаруашылығы үшін аса бағалы азық болып табылады. Сүрлем дайындауға пайдаланылатын дақылдар-жүгері, шай жүгері, күнбағыс және де бұршақ тұқымдастарды, картоп, сәбізді, қырыққабат, рапс сияқты өсімдіктер. Жақсы дайындалған сүрлемді барлық малдар сүйсініп жейді және де малдар өнімдерін көбейтеді.
Сондықтан да, шырынды мал азықтары мал рационында жаз айларында көк азық 80-100%, қыс айларында 35-40% құрайды. Осы көрсеткіштерден ақ маңызын байқауға болады.
2. Қант, азықтық қызылша. Егістікте өсірілетін басты тамыр жемістілер төмендегідей тұқымдастар тобына жатады: қант қызылшасы, ала бұталар тұқымдасы, сәбіз шатырша гүлдер тұқымдасы, тарна, турнепс, қырыққабат тұқымдасы.
Тамыр жемістілердің ішінде азықтық құндылығы ең жоғарғысы – қант қызылшасы. Онда әрбір салмақ өлшеміне шаққандағы қоректік заттар азықтық қызылшадағыдан екі есе көп. Қызылшаның таза тамырларының сөлінде микроорганизмдердің дамуын тежейтін фитонцид тектес бактериялық заттар бар екені байқалады. Осы заттардың арқасында қант қызылшасы басқа жемістермен салыстырғанда жақсырақ сақталады, микроорганизмдердің әсеріне төзімдірек келеді.
Қант қызылшасының тамырында орта есеппен 16-20% қант, 1,5-2% протеин бар. Протеин құрамында аргинин, лизин, гистидин, лейцин, изолейцин, тиразин секілді алмастырмайтын амин қышқылдары бар.
Өнімі: тамыры – 30-80 мак- 200-250т, жапырағы – 15-25, мак- 35-45т, Сорт: Победитель, Сахарная округлая, Старт.
Протеин мен амин қышқылдары қызылша жапырағында 1,04 г аргинин, 0,99 г триптофан, 1,20 г фенилалгин, 2,01 г лейцин мен изолейцин бар. Құрамындағы триптофан жөнінде қант қызылшасының жапырақ сабағы бұршақ тұқымдас шөптерден кем түспейді.
Қант қызылшасы ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлері үшін де өте қажет азық. Оны шикі күйінде турап майдалап береді. Азықтандыру нормасы тәулігіне сүтті сиырларға – 25 кг, жұмыс аттарына 15-18 кг, қойларға 2 кг.
Қант қызылшасымен шошқаны азықтандыру өте тиімді.
Мөлшері мегежіндерге 5-6 кг.

    • торайлы мегежіндерге 6-7 кг

    • бордақылаудағы сақа шошқаларға 8-10 кг береді.

Шошқаларға қант қызылшасын негізінен ұдайы езіп, басқа азықтармен қосып береді.
Шикі және пісірілген қант қызылшасын әзірлегеннен кейін 2 сағаттың ішінде мал жеп тауысуы керек, өйтпеген жағдайда олар бұзылып, ашып қарайып, жеуге жарамай қалады.
Қант қызылшасын сауын сиырларға сүт өніміне байланысты, әрбір кг сүтіне 0,5 кг береді.

    • буаз сиырларға 8 кг

    • бордақылаудағы жас ірі қараға 10-15 кг, бір жасқа дейінгілерге 5 кг, бұзауларға – 2 кг дейін қант қызылшасын береді. Қант қызылшасының сабағы қорытылатын протеин жөнінен жоңышқа пішенінен сәл кем түседі, ал басқа қоректік заттар бойынша ең сапалы пішеннің өзінен асып түседі. Қызылша сабағын малға жас күйінде де, сүрленген күйде де беруге болады. 1 кг сүрлемнің қоректілігі 0,12 азық өлшеміне, 22 г қорытылатын протеинге тең.

Қызылша сабағын топырақтан және басқа бөтен қоспалардан мұқият тазартып, жас күйінде сүрлейді. Қызылша түбірінің сабағы қоса қырқылған жас сабағының сүрлемі мейілінше сапалы, қоректі болады.
Қызылша сабағын сүрлеген кезде көп сөл ағады, соған байланысты қоректік заттар едәуір ысырап болады. Аққан сөлді бос жібермеу үшін сабаққа туралған сабан қосып сүрлейді. Қант қызылшасының сабағынан жасалған сүрлемді мал сүйсініп жейді. Азықтандыру нормасы күніне сауын сиырларға 20 кг дейін, 6 айлық төлдерге 7-15 кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет