Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет44/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Азықтық қызылша. Малдың барлық түрлерін азықтандыруда азықтық қызылша үлкен орын алады. Онда 9-14 % жуық құрғақ зат бар. Ол зат негізінен қант пен пектин заттарынан құралған, шикі клетчатка мөлшері -1,2, май -0,15%. Органикалық заттарының қорытылу дәрежесі ірі қара мен шошқалар үшін бірдей, шамамен 85-87%, 1 кг азықтық қызылшада 0,12 азық өлшемі, 9 г қорытылатын протеин бар.
Азықтандыру нормасы әрбір сауын сиырларға тәулігіне 30-35 кг. Нормадан көбірек бергенде азықтың дәмін нашарлатып, сүттің майлылығын әжептәуір төмендетеді. Сондықтан бұл азықты әрбір кг сүт мөлшеріне 0,71-1 кг есебімен берген тиімді.
Азықтық қызылшаны бордақылауға қойған малдар жақсы жейді. Егер рацион белок жағынан байланыстырылған болса онда бордақылаудағы ірі қара күніне 30 кг дейін, қойлар 4,5 кг азықтық қызылша жей алады.
Қызылшаны жұмыста жүрген аттарға да береді, ал шошқаға әрбір 100 кг тірілей салмағына 5-7 кг береді.
Жалпы азықтығы 0,22 а.ө., 8 гр п/п, 35 г қант, сорттары: Сахарная округлая 0143, Тимирязевский -6, Эккендорфская желтая Боррес.
Брюква. Сурепица мен қырыққабат гибридінен пайда болған өсімдік. Құрамында құрғақ заттың 10-16%, қант 5-10% протеин, каротин, минералды заттардың көпшілігімен сипатталады.
Малдың сүттілігін арттыратын мал азығы, малдардың төлдерін азықтандыруға пайдаланылады. Вегетациялық мерзімі 90-110 күн. Суыққа шыдамды, ылғалды жақсы көретін өсімдік. Суарса өнімділігі 1,5-2 есе көбейді. Орташа өнімділігі 40-60 т/га сабағы 20-35 т/га.
Сорттары: Вышегородская улучшенная, Псковская местная, ЭСКО, Красносельская местная.


Азықтық сәбіз. Тамыр жемістілердің ішінде витаминдер жағынан ең құндысы сәбіз. Мұнымен қоса ол каротинге және онай қорытылатын басқа да қоректік заттарға, әсіресе көмірсулерге өте бай.
Сондай-ақ тағы бір маңызы ерекшелігі ондағы каротинді малдар пішеннің, сүрлемнің және басқа азықтардың каротинімен салыстырғанда, жақсырақ қорытады.
Сәбіз оңай қорытылатын азық болғандықтан рациондағы басқа азықтардың да қоректік заттарының сенімділігіне жақсы әсер етеді. Сәбізді тұқымдық малдар мен аналық малдарға берген кезде, олардың шәуетінің сапасы едәуір жақсарып, төлдеу қабілеті күшейеді.
Витаминді азық ретінде сәбіздің сауын сиыр рационында да үлкен маңызы бар. Каротин жеткіліксіз рационға сиыр басына 4-5 кг сәбіз қосса, сүттегі каротин 2,5 есе көбейеді. Көптеген шаруашылықтар сиырларға тамыздан желтоқсанға дейін сәбіз беріп жүр.
Сәбізді барлық малдардың түрлері жақсы жейді.Мөлшері:
Ірі жылқыларға – 4-6 кг
Құлындарға – 2-4 кг
Сиырларға – 10-12 кг
Бұзауларға – 5 кг
Шошқалар да жақсы жейді:
Ірі шошқаларға – 3,5 кг
Торайларға - 300 гр-3 кг
Сабағынан – шөп ұнын жасайды, сорт – Шантенэ, Нантская
Турнепс. Турнепс ең сулы, балғын тамыр – жеміс болып саналады. Алайда турнепстің сөлінде қант және басқа тез қорытылатын қоректік заттар көп. Құрғақ затының аздығына қарамастан турнепс толық құнды белоктарға бай. Мәселен, оның 1 азық өлшеміне 135-140 г қорытылатын протеин келеді.
1 кг турнепсте 0,11 ЭКЕ, 6 г протеин, 48 г қант, аз мөлшерде минералды заттар мен витаминдер кездеседі. Сауылып жүрген және бордақылаудағы малдарға турнепсті тәулігіне 30-40 кг береді. Турнепстің өткір, ащы иісі сүтке сіңбес үшін, бұл азықты сауын сиырларға сауғаннан соң беру керек.
Сорт: Московский, Волынский, скороспелый.
Себуге 1-2 класты тұқымы пайдаланады. Себкеннен кейін 3-4 рет топырақты 5-10 см тереңдікке қопсытады.
Қызылшаның, брюква мен турнепстің сабағын жинауға 5-7 күн қолғанда шауып алады. КИР – 1,5 шауып ұсақтаушы машинасымен. Траншеяларда, бурттарда сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет