Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет11/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Өсіп-өну фазасы: Шөптесін өсімдіктер мен бұташықтарда өмірінің бірінші жылы біржылдық өсімдіктерде жалпы қалыптасқан өсіп-өну фазасы байқалады. Өмірінің екінші және келесі жылдары келесі негізгі фазалар: көктемгі, ерте көктемгі және толық көктемгі түптену, сабаққа шығу, бұталану (бұршақ тұқымдастар мен түрлі шөптілерде), масақ шығару (бүрлену), гүлдеу, жемістену, жазғы тынығу, жазғы-күзгі түптенудің басы және толық түптенуі, қысқа, қысқы тынығу алдындағы жағдайы болады.
Көктемгі өсіп шығуы орта тәуліктік температура 3-50С болғанда басталады. Қазақстанның далалық және орманды-далалық аймақтарында өсу сәуірдің ортасынан басталады.
Өніп шыққан кейін 15-20 тәулік өткен соң өсімдіктер толық түптену фазасында – түптену аймағынан жаңа өскіндердің шығуы, 8-10 см-ге дейін жетеді.
Сабақтану – түтіктеніп өсу және бұтақтану фазасында (кезеңінде) шөптердің өркенінің тәулігіне 2-5 см-ге дейін қарқынды өсуі байқалады.
Масақтану кезеңі - астық тұқымдастар мен қияқөлеңдерде жоғарғы жапырақ қынабынан гүл шоғы сыртқа шығуынан, бұршақтұқымдастар мен түрлі шөптерде – гүлденудің басталуына дейін гүл шоғының қалыптаса бастауынан басталады.
Шөптердің гүлдену кезеңі орта есеппен 6-12 тәулік, ал бұршақтұқымдас шөптер мен түрлі шөптерде 25-30 тәулікке дейін жалғасады.
Гүлдену кезеңінен кейін жеміс беру кезеңі келеді, ол тұқым байланғаннан бастап оның пісіп-жетілуіне дейін 10-15 тәулікке созылады, ал тұқым толық пісіп-жетілгеннен кейін өркендердің қурау кезеңі басталады.
Дала аймағының бірқатар шөптері қара күзге дейін жасыл қалпында қалады, мысалы қызылот арпабас, әсіресе бетеген.
Өсімдіктердің биологиялық және морфологиялық белгілері бойынша типтері.
Барлық мал азық өсімдіктері негізгі 4 топқа бөлінеді:
1.Астық тұқымдастар
2.Бұршақ тұқымдастар
3.Түрлі шөптер
4.Қияқөлең шөптер
Топ ішінде келесі биолигиялық және морфологиялық белгілері бойынша топтаулар жүзеге асырылады:
1.Барлық вегетативтік кезең бойы даму барысы
2.Көпжылдық өсімдіктердің көбею және қайта жаңару әдістері
3.Өсімдіктердің тіршілік ету ұзақтығы (биологиялық және жемісті ұзақ өсуі)
4.Өсімдіктердің сыртқы орта факторларына әсері (суға, ауа температурасына, топыраққа, қысқа төзімділігіне, жапырыққа)
5.Мал азықтық құндылығына, көрпекөктігіне, пішендігіне, желінілуіне
6.Түптену және өркенінің байлануына
7.Жапырақтарының орналасу сипатына
8.Тамыр жүйесінің орналасу тереңдігіне
Өсімдіктердің вегетациялық кезең бойы даму барысы бойынша типтері. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (тез пісуі) бойынша көпжылдық шөптер 4 топқа бөлінеді: өте ерте, ерте, орташа және кеш
Өте ерте – эфемерлер мен эфимероидтар көктемнің аяғында (мамырда) гүлдеу және жеміс беру кезеңі аяқталады, эфемероидтар эфемерлермен салыстырғанда метеорологиялық жағдай жақсы болғанда күзде қайта шыға алады. Бұл топқа тән өсімдіктер баданалы қоңырбас, жалбыз, қияқөлең (толстолобиковая және раң), бәйшешек,арпаған арпабас, мортық және басқа.
Ерте және тез пісетін көпжылдық шөптер көктемнің аяғында гүлдеп, жаздық басында жеміс береді. Далалы аймақта көп тарағандар – кәдімгі бетеге (бетеген), Лессинг ақселеуі, шисабақ және басқалар, орманды және орманды дала аймақтарында сібір қияғы, шалғындық қоңырбас, қойбетеге және қызыл бетеге, биік үйбидайық, тарғақ және басқа.
Орташа және тез пісетін көпжылдық шөптер жаздың басында гүлдейді. Жаздың аяғында жеміс береді. Далалы аймақта бұл топқа еркекшөптер, қызылбас арпабас, жоңышқа, құм эспарцеті, түйежоңышқа, тамырсабақсыз бидайық,, жаушалғын, қызыл, қызғылт және ақ беде жатады, Орманды және орманды дала аймақтарында оларға су бетеге, қарабас шалғын, кәдімгі тарғақшөп және басқалар жатады. Көптеген бұршақтұқымдас шөптерде гүлдену және жеміс беру кезеңі созылған (25-35 тәулікке дейін), бұл дақылдың тек биологиялық ерекшеліктеріне ғана емес, сонымен қатар жылдың метеорологиялық жағдайына да байланысты.
Кеш және кеш пісетін көпжылдық шөптер жаздың ортасында гүлдеп, аяғында жеміс береді. Далалы аймақта бұл топқа жатаған бидайық, садақбоз, жартылай шөлді және шөлді аймақтарда – ұзақ уақыт өсіп-өнетін өсімдік – жартылайбұталы жусан, алабұталар тұқымдасынан шалабұта мен тал-шілік және қарақұмық тұқымдасы-құмаршық, эбелек, толқынды сораң, сұрланған сүттіген, құм хрозофорасы және т.б.
Орманды және орманды дала аймағында кеш пісетін шөптерге ақ суоты, батпақты қоңырбас, жатаған бидайық және басқа.
Жоғарыда аталған шөптер классификациясының шаруашылықтағы маңызы зор, көпжылдық шөптердің дамуындағы айырмашылық вегетациялық кезеңде жегізуге және шауып алуға, мал азығы конвейерлерін әзірлеуге және құруға, жайылым мен пішен шабу айналымына белгілі бір кезек орнатуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет