Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Шабындық пен жайылымдағы өсімдіктер өмірінің ұзақтығы



бет13/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
3. Шабындық пен жайылымдағы өсімдіктер өмірінің ұзақтығы.
Өмірлерінің ұзақтығы бойынша барлық мал азық шөптері 5 топқа бөлінеді:
1.Бір жылдық
2.Екі жылдық
3. Көп жылдық (4 жылға дейін)
4. Орта жылдық (5-7 жылға дейін)
5. Ұзақ жылдық (7 жылдан астам)
Агротехника деңгейіне, ылғалдану жағдайына және басқа факторларға байланысты өнімділік көп жылдылығының ұзақтығы ұзара немесе қысқара алады. Табиғи мал азығы жерлеріндегі бір жылдық шөптер жеротында үлес салмағы мардымсыз – барлық өсімдік массасының 10-15 пайызынан төмен, олардың құрғақ далада, жартылай шөл және шөлейт аймақтарда, әсіресе қатты соғылған жайылымдардағы үлесі өседі.
Бір жылдықтар жаздық егістер, қыстап қалатын (немесе двуручки) және күздік болады, оған қоса шөптің күздік формалары екі жылдыққа, көп жылдық өсімдіктерге де көшетін деп санауға болады. Мысалы, бір жылдық мятлик сомкнутый жер отында бір жылдық болып дамиды, ал биік таулы жерлерде полярлық өңірде және басқа қолайсыз жағдайларда өзін көпжылдық өсімдік ретінде ұстайды, екінші жағынан аса қолайлы жағдайда бір маусымда 2-3 ұрпақ береді.
Екі жылдық өсімдіктер – монокарпические – олар өмірінде бір рет қана гүлдейді және жеміс береді. Тіршілігінің алғашқы жылы көктегеннен кейін өсіп-өнеді, ал екінші жылы гүлдейді және жеміс береді және содан кейін қурап қалады, өмірінің екінші жылы оларда ең жоғары өнім қалыптасады.
Екі жылдықтарға арпабас, беде-шабдар және басқалар жатады.
Көпжылдық шөптер арасында ең көп тарағандар құм эспарцеті, қызыл және қызғылт беде, көпшабындық үйбидайық, қолайсыз жағдайда үйбидайығының өсіп шығуы көпжылдық. Дақылдардың бұл тобының ең өнімділігі тіршілігінің екінші, үшінші жылдары қалыптасады, әсіресе жабын дақыл сепкенде. Тіршілігінің үшінші жылы, әсіресе аралас шөптерде өнімділігі төмендейді, ал 4-5 жылдары – шөптер толығымен жеротынан шығып қалады.
Орта ұзақ жылдық шөптерге жоңышқалар (екпе және орта), мүйізді және батпақты лядвенцтер, шалғындық атқонақ, шалғындық бетеге, жима тарғақ және басқалар. Ең көп өнімді тіршілігінің 2-3 жылы береді, ал 4-5 жылы белгілі төмендейді. Қолайлы ылғалды жағдайда (атап айтқанда суарғанда) және агротехника деңгейі жоғары болғанда жоңышқаның өнімді ұзақ жылдық кезеңі 8-10 жылға дейін созылады.
Көпжылдық шөптердің ішінде бидайықты, қызылот арпабасты, қызыл бетегені, сары жоңышқаны, ірі және тарлау қияқты, шалғындық қоңырбасты, шалғындық түлкі құйрықты, ақ суотын, ақ бедені және басқаларды атауға болады. Бұл шөптердің биологиялық ұзақ жылдылығы жоғары, алайда егістіктен ең көп өнімді (ұзақ жылдық шаруашылық) тіршілігінің 3-4 жылдары алуға болады, ал әрі қарай жасы ұлғайған сайын өнімділігі төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет