5. Кең тараған улы өсімдіктер
Малдардың орталық жүйе-жүйкесіне әсер ететін өсімдіктер: кәдімгі утамар, қара меңдуана, сасық меңдуана, кәдімгі қылша, қыздырма үшбидайық, ұлы, жабайы ессүттіген.
Орталық жүйке-жүйесіне қысым көрсететін және сонымен бірге ас қорыту, жүрек-қан жолдары жүйесіне әсер ететін өсімдіктер: егістік тегеурін гүл, ірі жапырақ сужелкек.
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын және сонымен бірге жүрек, ас қорыту процессіне, бүйрекке әсер ететін өсімдіктер: кәдімгі түймешетен, ұлы сарғалдақ, батпақ қалта гүлі, ашық құндызшөп.
Ас қорыту және қосымша орталық қимылдатқыш, жүйкеге әсер ететін өсімдіктер: кәдімгі сүттеген, қара алқа, кәдімгі сиякөк, батпақ қондыгүл, айланшөп таран, сортаң құртқашаш, бақажапырақ тәрізді кербезгүл.
Көбінесе демалатын мүшелеріне және ас қорыту жолына әсер етерін өсімдіктер: ұлысарыбасқурай, шытырмақ, жабайы көкнәр.
Витамин жетпеушілігімен ауру қоздыратын өсімдіктер: егістік, батпақ қырықбуын.
Бауырға әсер ететін өсімдіктер: Яков зиягүлі.
Қан құйылу белгілерін қоздыратын өсімдіктер, сары түйе жоңышқа, хош иісті тілқияр.
Достарыңызбен бөлісу: |