Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет27/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдеиеттер тізімі:
1. Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2. С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г


7 Дәріс. Тақырыбы: Егістікте мал азығын өндіру
Сұрақтар:
1. Егістік мал азығы өндірісін дамытудың жағдайы мен басымдылықтары, қарқындату жолдары
2. Егістік дақылдарды классификациялау. Мал азығының негізі түрлері және олардың маңызы.
3. Мал азығы дақылдарының шығымдылығын бағдарламалау.
1. Егістік мал азығы өндірісін дамыту жағдайы мен басымдылықтары.
Ауыл шаруашылығы малдарының санын көбейту және оның өнімділігін арттыру үшін негізгі тежегіш фактор мал азығы базасының төмен деңгейі мен рациондағы азық жиынтығының мардымсыздығы болып табылады. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамытуды әрі қарай қарқындату мал азығы базасын нығайтуға, табиғи жайылымдық жерлер мен пішен шабуды тиімді пайдалануға, арнайыландырылған егістік мал азығы өндірісін қалпына келтіруге, толыққанды қатқыл, шүйгін, құнарландырылған азықтың болуы және оларды ғылыми негізделген түрде азықтандыру.
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы салалары жағдайының қазіргі заманғы кезеңінде азықтандыру факторы тіпті де зор рөлге ие, себебі сүттің, еттің, жұмыртқаның, жүннің өзіндік бағасының құрамына мал азығына жұмсалған барлық материалдық және қаржылық шығынның 60-75 пайызы кіреді. Осыған байланысты жайылымдарды олардың өнімді көпжылдылығын сақтаумен тиімді пайдалану, аса шығымды мал азығы дақылдарын дұрыс таңдау, оларды қарқынды агротехникалық әдістерді қолданумен өсіру, қысқа мерзім ішінде құнарлы заттардың ең көп жиналған фазасында жинап алу, сүрлем, пішендеме, пішен дайындау кезінде бастапқы шикізатты консервілеудің үдемелі тәсілдерін пайдалану – міне тұрақты мал азығы базасын құру және ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру үшін аграрлық сектор мамандары шешетін мәселелер осылар.
Республикада мал азығы шығынының құрамындағы құнарлыландырылған азықтар 35 пайыз, шырынды – 26, ірі азық – 18, жайылымдық – 17, малдан шығатын азық – 4 пайызды құрайды. Болашақта шырынды және ірі азық мал азығының таза салмағы өседі де оны әзірлеу көлемі ұлғаяды. Мал азығы өндірісін жақсарту бойынша кешендік бағдарламаларды жүзеге асыруда егістіктерді көбейту және бұршақ, жоңышқа, беде, соя, рапс және басқа жоғары ақуызды дақылдарды молайту есебінен мал азықтық ақуыздар мәселесін шешуге көп көңіл бөлінуде.
Басты міндеттердің бірі – мал азығы дақылдары өсетін егістік алаңдарын кеңейту жолымен егістіктегі мал азығы өндірісін күшейтудің арқасында мал азығының барлық түрінің жалпы жиынын молайту. Осы жарамды жерлерден тауар өндірушілер мал азығының 70 пайызынан астамын, ал аудандарда ауыл шаруашылыққа жарамды сапалы жыртылған жерлерде 90-95 пайызға дейін әзірлейді.
Болашақта егістік мал азығы өндірісі нығыз мал азығы базасын құруда жетекші рөлге ие болады. ҚР ғылыми мекемелері орманды дала мен далалы аймақтарда 1 га-дан 3,4-4 мың, ал суарып отырғанда 10-15 мың азық өлшемін алуға мүмкіндік беретін егістіктерді қарқынды пайдалану әдістерін әзірлеп, ұсынып отыр. Бұл әдістерді ендіру егістік жерлерден мал азығын өндіруді 2 еседен астам молайтуға мүмкіндік береді.
Егістік жерлерден мал азығын өндіруді әрі қарай дамытудың негізгі факторларының бірі жоғары өнімді мал азығы дақылдарын өсіруге көшу жолымен егістік алқаптарының құрылымын жетілдіру болып табылады. Қарқынды егістік шөптерін себу жағдайында бұршақ тұқымдас дақылдарды себу алаңын ұлғайтумен қатар азоттық тыңайтқыштармен жеткілікті қамтамасыз еткенде астық тұқымдас шөптерді, бәрінен бұрын ең өнімді 1 гектардан 110-120 ц. құрғақ зат беретін кәдімгі тарғақшөп пен қылтықсыз арпабасты себуді молайту керек. Көпжылдық шөптерді себу құрылымын осылай жақсартудың арқасында мал азығын өндіруді 1 млн. т. және протеинді 2 млн.т азық өлшемге дейін молайтуға болады.
Мал азығы өндірісін күшейтудің шешуші факторы арнайыландырылған мал азықтық ауыспалы егіс болуы тиіс.
Ауыспалы егістіктің малды азықтандыру түріне қарай 3 түрі әзірленген. Жасыл мал азығын, пішендеме, сүрлем, брикеттелген және түйіршіктелген мал азығын өндіру үшін 70-80 пайызға дейін көпжылдық шөптермен қанықтырумен шөптік ауыспалы егіс, мұндай ауыспалы егістер 1 га егістіктен 6,5-7 мың азықтық өлшем алуды қамтамсыз етеді.
Шырынды мал азығын өндіру үшін ферма маңында мал азықтық ауыспалы егіс, ал құнарландырылған мал азығын өндіру үшін – астықты дақылдармен 60-70 пайызға дейін құныққан астықты-екпе шөпті ауыспалы егіс құрылады. Аудандарда жүгері мен жоңышқа өсіруден 4-5 егістікке қысқа айналымды жүгері-жоңышқалы ауыспалы егіс кең қолданыс табады.
Барлық мал азықтық дақылдардың өнімділігін арттырудың шешуші факторларының бірі тыңайтқыш себу болып табылады, тыңайтқыштарды егіс алқаптарының бәріне бірдей пайдалану мал азығын өндіруді тиімді нормада 1,5-1,6 есе молайтады.
Мал азығы дақылдарының шығымдылығын арттыруда маңызды міндет өндіріске жоғары өнім беретін сорттарды жылдамдата ендіру, олардың өнімділігі 1 га-дан 100-120 ц дейін, ал суарған жағдайда 150-160 ц құрғақ массаға дейін жетеді.
Мал азығын өндіруді жоғарылатудың ең басты факторларының бірі шөптердің тұқымын өсіру және қолдан өсірілген құнды тұқым алу, астық тұқымдастарды, астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастарды, сүрлемдік дақылдарды, бір жылдық және көпжылдық шөптерден күрделі шөптер қоспасын араластырып себуді қолдану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет