Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет29/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Дәнді бұршақты дақылдар
ҚР жануарлар үшін өсімдік ақуызының тапшылығы бұршақ тұқымдас дақылдарды өндіру арқылы шешіледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер құрамындағы ақуыз бойынша ешбір өсімдік тең келмейді; олардың тұқымдарында ақуыз дәнді дақылдарға қарағанда – 1,5-3 есе көп: бұршақта 20,4-35,7 пайыз, ноқатта 22-31 пайыз, сиыржоңышқада 22,3-37,8 пайыз, сояда 27-50 пайыз. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің ақуызы толыққанды және жоғары сапалы, себебі олардың құрамында теңдесі жоқ амин қышқылдары – ориптофан, тирозин, лизин бар. Қазақстанның солтүстік облыстары үшін ең тиімдісі бұршақ, соя, чина, ноқат, мал азықтық бұршақбастар. ҚР дәндібұршақты дақылдардың шығымдылығы – 9 ц/га маңайында.
Майлы дақылдар.
1. Рапс. – болашағы зор, шығымдылығы жоғары және малға жақсы азық бола алатын азықтық дақылдардың бірі. Жасыл азыққа, өріске, ВТМ, сүрлемге пайдаланылады. 100 кг көк балаусада 15,7 азықтық өлшем және 3 кг қорытылатын протеин болады. Шырындылығымен, жақсы қорытылатындығымен құнды және сүрлемге қолайлы дақыл. Оған қоса құнды қосалқы өнім – күнжара береді, оның құрамында ақуыз 37 пайызға дейін және 10 пайызға жуық май, көптеген құнды амин қышқылдары болады.
2. Күнбағыс. Майлы дақылдардың ішінде егістік алқаптардың 70 пайызын алады, 85 пайыз жалпы түсімді және 95 пайызға жуық майлы тұқымды мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз етеді. Күнжарасы – құнды құнарландырылған мал азығы, ақуыз бен майға бай. Жақсы бал шырынды өсімдік, құнды мал азығы: 100 кг дәнінде 100 және одан астам азықтық өлшем болады. Сүрлем мен көк балауса өндіру үшін кеңінен пайдаланылады, гектарынан 60-80 тонна өндіріледі. Күнбағыс күрделі аралас азықтардың құнды құрамы болып табылады. Ондай аралас азықтар (күнбағыс+жүгері+азықтық бұршақбастар) көк балаусаның жоғары сапалы көрсеткішімен жоғары түсім береді. Мұндай балаусадан жасалған сүрлемнің ақуызы көп болады деп сипатталады. Солтүстік Қазақстан жағдайына қарай іріктелген сорттары – Восход, Заря, Салют, Армавирец.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет