Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Егістік дақылдардың классификациясы. Мал азығының негізгі түрлері және олардың маңызы



бет28/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
2. Егістік дақылдардың классификациясы. Мал азығының негізгі түрлері және олардың маңызы.
Мал шаруашылығы кешендерінде мал азығын базасын жылдамдату үшін, әсіресе ірі қара малды, шошқаны өсіріп жетілдіру және бордақылау бойынша жемдік астық дақылдарын – сұлы, арпа, жүгері, сорго, құс шаруашылығы үшін – тары, итқонақ, қонақ тары себудің маңызы зор. Бұл дақылдардың дәні құрама жем өндірісі үшін шикізат болып табылады. Малдардың рационындағы ақуызды теңгеру мақсатында бұршақты дақылдар (бұршақ, сиыржоңышқа, чина, мал азықтық бұршақбас) алқабының бір бөлігі жемдік астық өндіру үшін пайдаланылады.
1.Мал азықтық астықты дәнді дақылдар (жемазықтық)
1.1. Арпа. Солтүстік Қазақстан жағдайында – бұл ең өнімді дақыл және ең арзан құнарландырылған мал азығы, нәрлілік құны 1 кг арпа дәнінде 1,2-1,3 азықтық өлшем және 100 кг дейін қорытылатын протеин. Арпа дәнінен – арпа жармаларын даярлайды, арпа жармасын нан пісіруге қолданады. Арпа сорты сыра өндіру үшін шикізат болады. СҚО үшін келесі сорттар іріктелген – Самырсын, Медикум 85, Омбы 87, Қарабалық 160, Донецк 8, Целинный 5.
1.2. Сұлы астыққа, жасыл мал азығына және пішенге, дара азыққа және өріске өсіріледі. Таза түрінде және бір жылдық бұршақтұқымдас дақылдармен- сиыржоңышқамен, бұршақпен, чинамен аралас еккенде – тамаша мал азығы болады. Сұлының нәрлілік құны эталон болып табылады: 1 кг сұлы 1 азық өлшеміне тең. 1 кг сұлының көк балаусасында 0,16 азықтық өлшем және 25 г қорытылатын протеин болады. ІҚМ, шошқа төлдерін жемдегенде диеталық азық ретінде қолданылады. Солтүстік Қазақстан үшін іріктелген сорттар – Мирный, Ертіс15, Синельников 14, Сельма, Скакун, Орал, Золотой дождь.
1.3. Жүгері. Ең жақсы жем астықтық дақыл. Нәрлілігі 1 кг дәнінде – 1,34 азықтық өлшем 100 кг сүрлемде - 16-20 азықтық өлшем және 1,2-1,4 кг қорытылатын протеин бар. ҚР орташа шығымдылығы 38-42 ц/га.
1.4.Тритикале – жаңа дәнді дақыл, бидай мен қара бидайды будандастырғаннан алынған, жасыл массаға, пішендемеге, сүрлемге, жасыл мал азығына, өріске пайдаланылады. Бидай мен қара бидайдың ең жақсы сорттарынан асып түсетін ең жоғары өнім береді. Мемучаскедегі шығымдылығы 1 га-дан 5 тонна, Воронеж облысы жағдайында – 8,46 т/га, Ставропольск өлкесінде – 9,4 т/га.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет