Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет31/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2. С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г

8 Дәріс. Тақырыбы: Мал азықтық дақылдарды өсіру технологиясы


Сұрақтар:

  1. Мал азықтық дақылдардың биологиялық ерекшеліктері

  2. Малазықтық, шабындық жайылымдық ауыспалы егістік

  3. Жасыл конвейер жүйесі

  1. Табиғи шабындық пен жайылымда негізінен көпжылдық шөптер өседі, біржылдық шөптер шамалы.

Көпжылдық шөптер жыл сайын вегетативті органдарынан өсуді бастайды, тұқыммен көбею өте аз. Астық тұқымдас өсімдіктердің жер үстіндегі бөлігі қысқа қарай толық өсуін тоқтады, жер астындағы бүршігінен жылда жаңа өсімдік өнуін бастайды. Көпжылдық шөптер бір орында көп жылдар өсіп, өне береді.
Бірақта өмір сүру уақыты өсімдіктердің бірдей емес. Мысалы: Өмір сүруіне байланысты өсімдіктер бірнеше топқа бөлінеді. 2- жылдық – түйе жоңышқа, 3-4 жылдық – қызылбас беде, үй бидайық, орташа ұзақжылдық – (5-6 жыл) – кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ, бетеге, егістік жоңышқа, эспарцет, мүйізді лотус.
Ұзақжылдық (10 жылдан жоғары) – шалғындық ноғаттық, қылтықсыз арпабас, шалғындық бетеге, шалғындық қонырбас, әр түрлі еркек шөп пен бетегенің түрлері. Кейбір өсімдіктің түрлері ұзақ өмір сүреді. Мысалы: порезник және чемерица- 40-50 жыл, қияқ өлең – 100 жылға дейін, женьшень – 100 жылдан жоғары.
Біржылдық шөптер табиғи шалғындық жерлерде өте аз кездеседі (10-15% өсімдіктер қорынан). Біржылдық өсімдіктер біржылдың ішінде толық өмірлік циклынан өтеді – тұқымнан өніп шығуынан бастап, дәні пісіп жетілгенге дейін. Қысқа қарай барлық жер үстіндегі және жер астындағы органдары өледі, өсімдіктер қайтадан тұқым арқылы өніп өседі.
Көпжылдық өсімдіктерге – табиғи шалғында өсетін – бұта, жартылай бұта, мүктер, қыналар жатады, әрі олар әр түрлі малдарға жем азық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет