Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Мал азықтық тамыр жемістілер



бет30/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Мал азықтық тамыр жемістілер – мал азықтық қызылша, тарна, мал азықтық сәбіз.
Мал азықтық түйнекжемістілер – жералмұрт, топинсолнечник, мал азықтық орамжапырақ, майлы шалқан және басқа.
3. Мал азығы дақылдарының шығымына бағдарлама жасау
Шығымдылығына бағдарлама жасау – бұл оның қалыптасуына кезең-кезеңмен ғылыми негізделген болжам, өсу мен дамудың негізгі факторларын тиімді ету және арнайы бағдарламалар бойынша электронды есептеу машинкаларында (ЭЕМ) тез өнделетін шұғыл-ағымдағы ақпараттар негізінде шығымдылығын қалыптастыру үдерісін басқару. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығына бағдарлама жасауда сәйкес математикалық модельдер, ЭЕМ арналған, ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу технологиясының алдын-ала тағайындалған кестесі бар сенімді машиналық бағдарламалар болуы тиіс.
Шығымдылыққа бағдарлама жасау негізінде өсімдіктердің сыртқы ортадағы өміріне маңызды факторлардың қажеттілігін қанағаттандыру, белгіленген шығымдылықты алуға арналған себуді мақсатты бағыттап қалыптастыру жатыр.
Үдеріске бағдарлама жасау – бұл оларды уақытыл және жоғары сапада орындағанда жоспарланған түсім алуды қамтамасыз ететін өзара байланысты шаралар кешенін әзірлеу.
Шығымдылығына бағдарлама жасау келесіні қарастырады:
1) нақты алынатын және шын мәнінде мүмкін болатын түсім арасындағы сәйкессіздік себебін анықтауды;
2) бағдарлама жасалатын түсімге себілетін, әр егістікке топырақтық агрохимиялық көрсеткіштерін және дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, минералды және органикалық тыңайтқыштар мөлшерін есептеуді;
3) барлық қажетті агротехникалық шараларды, оларды орындау әдісі мен мерзімі көрсетілген технологиялық карталар мен жүйелі кестелерді құруды;
4) технологиялық картада қарастырылған агротехникалық шараларды уақтылы және сапалы орындауды;
5) әр егістікте болжамды мүмкін түсімді анықтауда жүзеге асырылатын есептерді нақтылауға қажетті ақпараттарды жинақтауға арналған ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру шығымдылығы мен шарттарын есепке алуды, оған қоса әр сорттың генетикалық шамасының негізінде орын алған шын мәнінде мүмкін түсім алуға лимиттейтін факторларды анықтауды.
Осы әдістің көмегімен берілген өнімділікті климаттық жағдайларды, сорттың ерекшелігін, топырақтың табиғи құнарлылығы мен шаруашылықтың материалдық және еңбек қорларымен қамтамасыздандырылу деңгейін есепке ала отырып егу үшін себу нормасын, өсімдіктің орналасу тығыздығын, жапырақтарының аумағын, фотосинтетикалық шамасын алдын-ала есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет