Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Жайылым айналымы және пішендік жер (шабындық) айналымы



бет26/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
3. Жайылым айналымы және пішендік жер (шабындық) айналымы.
Жайылымдарды жүйесіз пайдаланған кезде жайылымдағы жеуге жарамсыз өсімдіктер саны 20-30 пайызға көбейеді, ал шөптердің өнімділігі 40-50 пайызға төмендейді. Мұндай теріс жағдайды жайылым айналымын енгізу жолымен болдырмауға болады.
Жайылым айналымы деп жайылымды пайдалану мен оған күтім жасаудың белгілі бір тәртіпте (бір жылдан, маусымнан немесе бірнеше жылдан кейін) жайылымды пайдалану мерзімі мен әдісі өзгеретін жүйесін атайды. Жайылым айналымының сызбасын құрастырған кезде келесіге көңіл бөлу қажет: а) жыл сайын малды жаюға арналған қашаны пайдалану тәртібін өзгерту: егер ағымдағы жылы мал жаюды бірінші учаскеден бастасаңыз, келесі жылы екіншіден, сонан соң үшіншіден және т.б.; б) қашалардың бір бөлігін (2-4) мезгіл-мезгіл шабындыққа пайдалану; в) құнды азықтық шөптердің тұқымын жинаған соң немесе тұқымдандырғаннан кейін 1-2 қашаны мезгіл-мезгіл кеш шабу; г) әбден тозған қашаларға түбегейлі немесе үстіртін жақсатру жүйесін өткізумен мезгіл-мезгіл толық дем алдыру. Н.Г.Андреев (1983) құрғақ дала жағдайы үшін алты жылдық жайылым айналымының келесі сызбасын ұсынады:
8 кесте

Пайдалану жылы

Учаске




І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

Бірінші

2

3

4

1

0

С

Екінші

3

4

1

0

С

2

Үшінші

4

1

0

С

2

3

Төртінші

1

0

С

2

3

4

Бесінші

0

С

2

3

4

1

Алтыншы

С

2

3

4

1

0

Жетінші

2

3

4

1

1

С

Ескертпе: 0 – «демалыс» ағымдағы жылы


С – шабындыққа пайдалану
1-4 – ағымдағы жылы учаскелерді пайдалану кезегі
Жайылым айналымында келесі маңызды қағидаларды да сақтау қажет: ф) «демалыстан» кейін және пайдаланылатын жерді жақсарту шараларын жүргізгеннен кейін бұл учаскені қыртысының нығаюына мүмкіндік беру үшін келесі жылы шабындыққа қалдыру қажет; б) «демалысқа» өткен жылы бірінші болып мал жайылған учаскелерді қалдырған дұрыс, себебі алғашқы (ерте) малды оттату жер отына көбірек зиян келтіреді.
Шабындық айналымы да осы жайылым айналымының принципі бойынша құрылады, ал шабындық учаскелерін пайдалану өсімдіктердің вегетативтік және тұқымдық көбеюіне, ұзақ уақыт бойы аса құнды шөптердің өнімділігін жаңартуға және қолдауға мүмкіндік береді.
Ауыспалы шабындық айналымы жыл сайын кезектесуге негіздеуге тиіс: а) шабу мерзімі, яғни, егер ағымдағы жылы пішен шабуды бірінші учаскеден бастаса, келесі жылы екіншіден және т.б.; б) осы учаскеде түбегейлі және үстіртін жақсарту жүйесін өткізу үшін пішен шабу және «дем алу»; в) мал жаюмен пішен шабу; г) еселеп шабу. ҚР әр түрлі топырақтық-климаттық аймақтарда жайылымдық жерлердің түріне қатысты шабындық айналымының да өзіндік ерекшелігі болады.
Жайылым кезеңі өте қысқа және топырақтық-климаттық жағдайы аса қолайды аудандар үшін сегіз учаскелі жайылымдық шабындық айналымының сызбасы (Н.И.Можаев, И.П.Копытин, 1986):
1-ші жылы - шөпті гүлдену кезеңінде пішенге шабу
2-ші жылы – екі еселеп шабу
3-ші жылы – негізгі өсімдіктерді гүлденгенше дейін шауып алу және бір рет (күзде) көрпекөкке мал жаю
4-ші жылы – бір рет мал жаю
5-ші жылы – гүлдену кезеңінде шауып алу және көрпекөкке бір рет жаю
6-шы жылы – екі еселеп мал жаю
7-ші жылы – табиғи жер отын күту (тұқым себу, құнарландыру, арам шөптермен күресу).
Осы орайда 7 жылдық ауысуда әр учаске мал жаю үшін және пішен шабу үшін 6 жыл пайдаланылады, ал мұндай жайылымдық шабындық айналымын ендіру жайылымды жақсартуға әдістер қолданумен тиімді мал жаюдың және пішен шабуға оң әсер етумен үйлесуін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет