Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Далалық аймақтарда шөптерді



бет25/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное

Далалық аймақтарда шөптерді жайылымдық пайдалану орманды далаға қарағанда бір-бір жарым апта ертерек мамырдың ортасында пайдалануға мүмкіндік береді, бір реттік пайдалану кезіндегі ең көп азықтық потенциалы жаздың басында байқалады. Мұндағы жайылымдарды 3 маусым пайдалануға болады: көктемде – ақ селеулі-бетеген, жазда – астық тұқымдасты далалы жайылымдар мен көлтабан учаскелердегі, ал күзде – жусанды-сортаң жайылымдардағы жер отын. Бұл аймақтағы жайылым азығының жыл маусымдары бойынша (қыстан басқа) шығымы шама-шарқынша теңдестірілген. Ең көп шығымдылық көктемнің аяғында және жаздың басында байқалады, сонан соң құрақғақ алқапты азық өсімдіктері қурағаннан кейін шөптің өнімділігі төмендейді, алайда бұл көзде ең көп өнімді көлтабан және өзен аңғары учаскелерінен алуға болады. Ерте күздік жауын-шашындар түскеннен кейін жайылымдық масса саны өседі, алайда жайылым кезеңінің басындағы сияқты соңында да малды азықпен толық көлемде қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан осы кезеңге мал азығын егістікте өндіру есебінен азық қорын жинайды. Мұндай жағдайда далалы және құрғақ далалы аймақтарда малдың жеке түрлерін жайылымда 170-195 тәулікке дейін ұстауға болады.
ҚР табиғи аймақтарында жайылымдық өсімдіктерді жегізу ерекшеліктері.
Шөпті өсімдіктерді жегізуді көпжылдық шөптердің өсе бастаған кезінен бастап 13-16 тәуліктен кейін бастаған жөн, ол кезде көбі түптену – сабақтану немесе тармақтану-гүлшанақтану фазасына жетеді де сол жайылымдық жетілген кезеңінде шөптің биіктігі 12-15 см болады. Жайылымдық массаның небір жетіспеушілігі кешірек оттатумен салыстырғанда ең жақсы көрпекөкпен, шөптердің желінілуімен және құнарлылығымен теңестіріледі.
Жайылымда басым өсетін көпжылдық шөптер (ақ селеу, бетеге, жатаған бидайық, қызылот арпабас және б.) жартылай күздік даму түріне жатады, сондықтан олардың өткен жылғы жас өркендері қыстан шыққан болса олар жақсы дамиды. Көктемдегі жаңа өркендер баяу дамиды да, қыстан шыққан өркендер көктемде тез өседі. Сондықтан күздегі өркендерді малға түгел жегізсе, келесі жылғы өнімділік күрт төмендейді, ал малды байыппен, уақтылы бағып тұрса күздік өркендердің қажетті көлемін сақтап қалуға мүмкіндік туады, ол келесі жылғы шығымдылыққа әсерін тигізеді (Н.И.Можаев, И.П.Копытин, 1986ж).
Оттатуды суық түскенге дейін 20 тәуліктен кешіктірмей аяқтау керек. Сол уақыттың ішінде желінген өсімдіктер тамырдың жер бетіндегі массасы мен артық құнарлы заттарын қалпына келтіріп үлгереді.
Көпжылдық шөптерді жегізгеннен кейін алғашқы көрпекөк екінші рет оттатуға 20 тәуліктен кейін әзір болады, одан кейінгілер ылғалды аудандарда – тек 40-45 тәуліктен кейін ғана даяр болады, сондықтан орманды дала мен таулы (шағын таулы аймақтарда) оттатудың 2-3 циклін өткізеді, оған қоса бір реттік мал жаю кезеңі 7-10 тәуліктен аспауы тиіс, ал жүйесіз баға беруден нәтиже шықпайды.
Далалы жайылымдардың әр түрін пайдалану кестесі әртүрлі: ақ селеулі-бетегенді жайылымдағы желінетін азықтың ең көп екі мерзімі бар (мамырдың-маусымның ортасы, күздің ортасы – жауын-шашынның түсу мөлшеріне қарай), сондықтан оларды дәл осы кезде пайдаланған дұрыс, яғни жылына 2 рет, жазда ксерофитті жер оты демалыста болады. Жақсы ылғалдандырылатын жайылым түрлері мен мезофитпен басылған өсімдіктерді орманды дала жайылымдары секілді пайдаланған тиімдірек. Көктемгі жайылымдарда ІҚМ да, қойларды, жазғы жайылымда –ІҚМ және күзгі сортаң жерлерде – қой мен жылқыны да баққан тиімді.
Мал жаю ұзақтығы жайылымдық өсімдіктердің жағдайына байланысты белгіленеді: Ақ селеу-бетегенді жер отын мамырдың ортасында 10-12 тәуліктің ішінде және маусымның ортасында 12-25 тәулік ішінде, бұталы, жусанды-изенді және көкпекті жайылымда – күздің басынан бастап ортасына дейін, бірақ өнімді дұрыс шеттету шегінде оттатқан дұрыс. Бұл күзде қайта шығатын ақ селеу-бетегенді жайылымға да қатысты. Қолайлы жылдары көктемгі-жазғы оттатуды 10-12 тәуліктен 2 рет өткізуге болады. Бұндай мерзім мен сирек оттату жайылымның өнімділігін жүйесіз оттатумен салыстырғанда 13-15 пайызға арттырады және болашақ өнімге де жақсы жағдай жасайды.
Өзен аңғарындағы жайылымды – жаздың күні жасыл массаның ең көп шығу мөлшеріне қарай пайдаланған тиімді. Тиімді пайдаланудың ең маңызды элементтерінің бірі малды бөлінген жайылымда бағу болып табылады. Бұл әдіспен жайғанда мал бағуға орын аз кетеді, мал жаз бойы жақсы азықтанады, ал құнды шөптер жер отында жақсы сақталады.
Жайылым учаскелерінің (загондарының) мөлшері табынның мөлшеріне, жайылымның өнімділігіне, өсімдік массасының өсу жылдамдығына қарай белгіленеді. Ол үшін келесі салдарды назарға алу керек: а) малдың бір учаскеде болу мерзімі 5-6 тәуліктен аспайды; б) малдың жайылу мерзімі оттату биіктігіне байланысты - малды жайғаннан кейінгі шөптің биіктігі 5 см шамасында болуы тиіс, олай болмаған жағдайда егер тақырлап жегізген кезде жер оты нашарлайды; в) уақтылы оттатпаған жағдайда шөптің өнімділігі күрт төмендейтіндіктен өсімдіктердің артық құнарлы заттарын пайдалану мен қайта жаңартудың цикілділігі. Жас өскіндер артық құнарлы заттар есебінен және тек ассимиляциялық қабаты қалыптасқаннан соң ғана дамиды, қорларын жаңарту басталады. Циклдің ұзақтығы орта есеппен 12-16 күнді, жұмсалған құнарлы затты толықтыру да 12-16 күнді құрайды, яғни барлық кезең 30-35 тәулікті (бірқатар жағдайда 40-50) құрайды.
Осыған орай шөптік өсу кезеңін орта есеппен 35 тәулік деп алып, учаскеде бес күн оттатқан кезде қолданып отырған учаскеден басқа 7 учаске қажет болады – барлығы 8 учаске немесе загон, оған қоса өңірдің топырақтық – климаттық жағдайына байланысты 3-10-нан кем болмайтын артық учаске болуы қажет.
Бөлінген жайылымдық (учаскелік) жайылым жүйесі бірнеше учаскеге бөлінеді, оларға малды кезекпен және бірізді оттатады, және әр учаске мал жаюдан 25-35 күн бос болуы тиіс, сол уақыт ішінде ондағы шөп өсіп үлгереді.
Артық загондардың болу қажеттігі, яғни олардың санын молайту келесі себептерге байланысты: а) жер отының өнімділігі келесі оттату циклдерінде төмендейді, сондықтан бұл учаскенің шөбін тез жеп тауысады; б) оң түстікке қарай ауысуға байланысты жайылым кезеңі ұзарады, яғни учаске саны да молаюы тиіс; в) жыл сайын 1-2 учаскеде жайылымдарды жақсарту бойынша шаралар жүйесі жүргізілуі тиіс; г) жыл сайын учаскелердің біршамасы өнімділігіне қарай ағымдағы жылы пішендік жерге пайдалануға берілуі тиіс.
Осыған байланысты, тәжірибеде көріп отырғандай, мал бағу үшін жайылымдарды келесі учаске (загон) санына бөлген тиімді деп саналады: Орманды аймақта 12-ден, орманды дала мен далалы аймақта ылғалдандыру жақсартылған жағдайда 16-дан, құрғақ далалы және жартылай шөлді аймақта 24-тен кем емес.
Тікелей малды жаяр алдында жайылымның азықтық сыйымдылығын да анықтайды, жеке қосты (бір қора малды, табынды) орналастыру мен олардың қозғалысының жоспарын әрбір бөлінген учаскеде немесе жайылым айналымы алаңында малдарды бағудың болжамды күнтізбелік мерзімін көрсетумен құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет