Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)


Шалғын мен жайылымдағы егілген көпжылдық шөптер



бет20/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Шалғын мен жайылымдағы егілген көпжылдық шөптер
А) Астық тұқымдастар: қылтықсыз арпабас, талшықты бидайық, шалғындық бетеге, сібірлік қияқ, ситников қияғы.
Б) Бұршақ тұқымдастар: егістік жоңышқа, құмдақ эспарцет, түйе жоңышқа, беде, мүйізді лотус, ешкібұршақ.
Әдеиеттер тізімі:
1.Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.
2.С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г


5 Дәріс. Тақырыбы: Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері
Сұрақтар:

  1. Үстіртін жақсарту

  2. Түбегейлі жақсарту

1. Табиғи жайылымдар мен шабындықтарды екі жолмен үстіртін және түбегейлі жақсартады.
Жердің шөбінің ботаникалық құрамын елеулі түрде өзгертпестен табиғи жайылымдарды жақсарту үстіртін жақсарту болып табылады. Экологиялық жағдайлар да ескеріледі.
Агротехникалық шаралар:

  1. Су режимін жақсарту

  2. Жер отын қоректендіруді жақсарту

  3. Мәдени-техникалық жұмыстарды жүргізу

  4. Топырақтың ауа өткізгіштігін жақсарту

  5. Зиянды және улы өсімдіктермен күресу

  6. Тұқым себу

Қазақстанда 2 мл.га жуық табиғи шабындық пен жайылым үстіртін жақсартылады.
Табиғи өсімдіктерді түбірімен жойып, екпелі шөп отын жасауды түбегейлі жақсарту деп атайды. Қазақстанда 6,4 млн.га жер түбегейлі жақсартылған. Осы әдіспен жасалған жер оты әдетте 7-9 жыл пайдаланылады. Бұл тиімді.
Үстіртін жақсартудың технологиясы

  1. Су режимін жақсарту 3 түрлі әдіспен: 1. өзен, 2. жайылма су, 3. қар тоқтату арқылы жүзеге асырылады. Өзектегі табиғи мал азықтық жерлерді суландыру ең тиімдісі. Шөп түсімі 2-3 есе артады. Жер отының ботаникалық құрамы да жақсарады. Қар тоқтату СВУ – 2,6 қар күрегішімен 5-6 м аралықта қар тоқтату жердің ылғалдылығын 15% - ға, түсімін 30%-ға арттырады.

  2. Минералды тыңайтқыштармен қоректендіру де мол қайтарым береді. Астық тұқымдас түрлі шөпті негізінен азотпен қоректендіреді. Ол өсімдіктің өсуін, көбеюін қамтамасыз етеді фосфор, калий тыңайтқыштарын еңгізуде пайдалы.

  3. Топыраққа ауаның баруын жақсарту. Мұндайда жер қыртысы қопсытылады. Бұл жұмыстар топырағы тығыз телімдерде жүргізіледі. Ерте көктемде ЛД-10 агрегатымен жерді дискілеу керек.

  4. Зиянды және улы өсімдіктермен күрес. Алдын алу және химиялық шаралар қолдану арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда улы өсімдіктер ұрық шашпай турып, шауып тасталынады, қатаң карантин қойылады. Химиялық шаралар улы және зиянды өсімдіктер телімдерін гербицидтермен өңдеу болып табылады.

  5. Үстеме тұқым себу

- екі рет дискілейді.
- сосын шымға көктемде себеді.
- тұқым сепкен соң катокпен таптау қажет.
Кейде, тырмалағаннан кейін СЗП-3,6 тұқым сепкіштермен себеді. Үстеме тұқым себу түсімді 2,5-3 есе арттырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет