Үйірме жұмысының мақсаты: Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің маңызы мен қоғамдағы орыны, жас ұрпақтың мемлекеттік тілдің қадір –қасиетін түсіне білуіне тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу, тілін, ой-өрісін дамыту. Қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру; поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
Міндеттері:
оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;