Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.
2.1.2.3.9. SWOT-талдауы
Күшті жақтары:
- шағын және орта бизнесті дамыту есебінен еңбекке орналастырудың кең саласы;
- еңбек нарығында қажет ететін мамандықтар бойынша оқыту үшін білім беретін мекемелер мен орталықтар санының жеткілікті болуы;
- өндірістік жарақат алудан сақтайтын, қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларында нормативтік-құқықтық базаның қажетті деңгейде болуы.
|
Әлсіз жақтары:
- республиканың өзге өңірлерінен халықтың көшіп-қонуының артуы;
- көші –қонның өсуіне байланысты жастар жұмыссыздығының жоғары үлесі, сондай-ақ еңбек нарығына алғаш рет келген жас мамандардың жұмысқа қабылдануына байланысты мәселелер.
- орта кәсіптік білім мекемелері түлектері қажеттілігінің жеткіліксіздігі;
- еңбекке жарамды мүгедектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
- жұмыс берушілердің қауіпсіздік және еңбек қорғау салаларындағы іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыруы.
|
Мүмкіндіктер:
- тұрғындардың өмір сапасын жоғарылату;
- шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру;
- еңбек қорғау саласындағы жұмыс берушілерді ынталандыру.
|
Қауіп -қатерлер:
- экономиканың дамуына жаһандық дағдарыс жағдайларының теріс ықпалы, ол жұмыссыздықтың тез өсуіне әкелуі мүмкін;
- ғаламдық дағдарыс әсерінен жарақаттануға әкеліп соғатын еңбек қорғау саласындағы қаржылай шығындарды төмендету.
|
Түйткілді мәселелер:
- инфрақұрылымдық нысандардың төмен деңгейде қамтылуы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға.
2.1.2.4. Мәдениет
Қала республиканың мәдени орталығы болып табылады. Мұнда 200-ден астам демалыс және мәдениет ұйымдары орналасқан, оның ішінде 27 мұражай, 32 кітапхана, 19 театр, 100-ден астам концерттік-ойын-сауық ұйымдары, клубтар мен мәдениет орталықтары, 21 кинотеатр, 8 демалыс паркі, цирк және зообақ бар.
Соңғы 3 жылда ұйымдар саны және оларға келушілер саны орта есеппен көптеген параметрлер бойынша бір деңгейде қалады. Неғұрлым тұрақсыз серпінді театрға келушілер көрсеткіші көрсетіп отыр, бұл театрлардың нақты репертуарларының біршама әсеріне байланысты қалыпты жағдай болып табылады.
2014 жылы тіркелген мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны бірнеше есе артты.
Қалада тұрақты түрде тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша, оның ішінде, мәдениет мекемелері тарапынан ескерткіштерді орнату, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Осылайша, 2012 жылы күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын:
«Ықылас атындағы Халықтық музыка аспаптары мұражайы» МКҚК;
«С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы» ММ;
Қазмемцирк жатақханасы.
2014 жылы 5 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген:
Абай (Ибраһим) Құнанбаев ескерткіші;
Қазақстан Жазушылар одағының ғимараты;
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты;
«Тәуелсіздік монументі» ескерткіші
Шоқан Уәлиханов ескерткіші
Сонымен қатар, «Даңқ» мемориалдық кешеніне күрделі жөндеу жүргізілген.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуден басқа, соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес жаңа ескерткіштер жасалып, орнатылған болатын (2012 жылы – Райымбек батырға, 2013 жылы – халық ақыны Кенен Әзірбаевқа).
Қаланың 27 мұражайы ішінде жекелеген мұражайларда заманауи техникалық жабдықпен экспозициялар бар, мысалы, 2012 жылы Қазақ халық музыка аспаптары мұражайы қайта жаңартылған.
Сонымен қатар, қаланың мұражай кешенінде бірқатар мәселелер бар. Бірқатар мұражайлардың материалдық-техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Алматыда шетелдің мәдени орталықтарында кеңінен ұсынылған заманауи өнер мұражайы, интерактивті ғылым және техника мұражайы жоқ. Осы жағдайлардың барлығы Алматының алдына қаланың мұражай кешенін дамыту бойынша үлкен міндеттер қояды.
2.1.2.4.1 кесте. Мәдениет ұйымдарының негізгі көрсеткіштері
Атауы/жылдар
|
|
2012
|
2013
|
2014
|
Театрлар саны
|
бірл.
|
13
|
13
|
13
|
Көрермендер саны
|
мың адам
|
450,8
|
451,9
|
462,5
|
Мұражайлар саны
|
бірл.
|
15
|
15
|
16
|
Келушілер саны
|
|
274,8
|
314,9
|
308,3
|
Кинотеатрлар саны
|
бірл.
|
25
|
25
|
17
|
Келушілер саны
|
мың адам
|
5441,9
|
5326,4
|
4712,9
|
Кітапханалар саны
|
бірл.
|
31
|
31
|
30
|
Кітап қоры
|
бірл.
|
37245,7
|
37359,1
|
37545
|
Оқырмандар саны
|
мың адам
|
335,5
|
339,2
|
374,2
|
Парктер саны
|
бірл.
|
7
|
6
|
8
|
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар саны
|
бірл.
|
175
|
133
|
452
|
Келушілер саны
|
мың адам
|
6 565,8
|
6303,1
|
6 513,5
|
Халықтың орташа жылдық саны
|
мың адам
|
1462615
|
1491469
|
1574922
|
Дереккөз:Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.
2.1.2.4.2 кесте. Мәдени іс-шаралар өткізу және мәдениет ұйымдарына бару бойынша көрсеткіштер
Атауы/жылдар
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Мәдениет саласында өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік
|
175
|
133
|
452
|
1000 адамға есептегенде мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны
|
|
|
|
- кітапханалар
|
608,5
|
600,1
|
578,5
|
- театрлар
|
21,3
|
10,5
|
16,1
|
- концерттік ұйымдар
|
211,0
|
225,0
|
215,0
|
- мұражайлар
|
21,1
|
25,0
|
22,8
|
Мәдениет ұйымдарының қызметтерін өткізу кезінде тапқан қаражаттардың қатынасы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, %
|
-
|
0,7
|
11,2
|
Дереккөз: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ведомстволық мәліметтері
2.1.2.4.3. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- Алматы қаласы республиканың интеллектуалды, рухани және мәдени орталығы болып табылады;
- барынша дамыған мәдени инфрақұрылым.
|
Әлсіз жақтары:
- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларын материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіздігі;
- мамандандырылған мәдени қызметкерлер кадрлар ағысының жоғарылығы.
|
Мүмкіндіктер:
- мемлекеттің орталығы ретіндегі қаланың мәдени-экономикалық келбетін қалыптастыруға әсер ететін заманауи жалпы ұлттық мәдени, ақпараттық орта, мәдениетті сақтау мен дамыту, тұрғындардың рухани-мәдени деңгейін дамыту.
|
Қауіп -қатерлер:
- кітапхана, мұражай қорларының, мәдени орталықтардың азаюы.
|
Түйткілді мәселелер:
- қаланың бірқатар мұражайлары мен кітапханаларының жеткіліксіз түрде материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
- қазіргі заманғы мұражайлардың жоқтығы, мысалы, осы заманғы өнер мұражайы мен интерактивті ғылыми мұражайлар;
- арт-менеджмент саласындағы білікті мамандардың тапшылығы.
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт
2014 жылы Алматы қаласының спорттық құрылымдарының желісі 1102 нысанды қамтыған, ол 2012 жылғымен салыстырғанда 4% артық. Қалада 12 стадион, 12 спорт кешені, 26 жүзу бассейні, 5 оқу-жаттығу орталығы, қаланың ЖОО және мектептер жанындағы 282 спорт нысандары жұмыс жасайды.
Алматы қаласында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын тұрғындар санының өсу үрдісі байқалады. Соңғы 3 жыл ішінде аталған көрсеткіш 2012 жылғы қала тұрғындарының 24,2%-нан 2014 жылы қала тұрғындарының 26,3 %-на дейін артқан.
Халықаралық деңгейдегі ең маңызды және ең ірі спорттық оқиға 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткен VII Қысқы Азия ойындары болып табылады.
Азиада қарсаңында қолданыстағы спорт нысандары халықаралық стандарттарға сәйкес қайта жаңартылған, сонымен қатар, жаңа спорт нысандары салынған: Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» биік таудағы спорт кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы, шаңғы-биатлон стадионы, «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені.
2014 жылы қалада 2017 жылғы 28 қысқы Универсиадаға арналған үш нысанның құрылысы басталған: Алатау ауданында 12 мың келушіге арналған мұз айдыны, Медеу ауданында 3 мың келушіге арналған мұз айдыны және 5000 орынды жатақханадан, қызмет көрсету нысандары, дүкендер, тамақтану орындарынан құралатын атлетикалық ауыл бар.
Алматы спорттық астана ретінде спорттық аренадағы өз орнын нығайтып келеді, мұнда жыл сайын әртүрлі спорттық шаралар өтіп, халықаралық деңгейдегі спорттық табыстарға қол жеткізіледі. 2014 жылы қалада 14 ірі спорттық шара өткізілген, оның ішінде биатлон, мылтық ату, волейбол, гандбол, жеңіл атлетика, су полосы, дзюдо, трамплиннен секіру, ауыр атлетика, конькимен жүгіру, велосипед спорты, регби бойынша халықаралық чемпионаттар мен әлем кубоктарының кезеңдері өткізілген.
Қалада топтық спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жалпы қолжетімді алаңдардың саны өте аз. Қаладағы қолданыстағы алаңдардың көпшілігі мектептер мен ЖОО иелігінде болады немесе жеке тұрғын үй кешендерінің аумағында орналасады. Нәтижесінде ересектердің оқу орнын аяқтағаннан кейін жалпының қолы жететін алаңдарда футбол және баскетбол секілді топтық спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндіктері өте аз болады. Топтық спорт түрлерімен айналысуға арналған инфрақұрылымдардың жалпы қолжетімділігін дамыту, сондай-ақ қаланың воркаут-алаңдарының жалпы қолжетімділігі жүйесін дамыту алдағы уақытта спорт инфрақұрылымын дамытудың алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жоғары жетістіктер спорты спорттық құрылымдардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4 өз базалары бар. Халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы бұйымдар мен заманауи құрылғылар да жетіспейді.
Мектепке дейінгі мекемелердің және жалпы орта білім беретін мекемелердің материалдық базасы әрі қарай дамытуды, жаңартуды және оқушылардың дене тәрбиесі бағдарламасын толық көлемде орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді. Негізгі қажеттілік - спорттық құралдармен жабдықтау.
Бүгінгі таңда спорт әртүрлі инновацияларға ұшыраған және спортшылармен жұмыстың ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістемелерін меңгерген мамандарды дайындауға баса назар аударуды талап етеді. Қазіргі кезде осы салада, әсіресе жас мамандар арасында білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Спортты, әсіресе, жоғары жетістіктер спортын әрі қарай дамыту үшін жаңа мамандарды дайындауға, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бас назар аудару керек.
2.1.2.5.1 кесте. Алматы қаласында спортты дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер
№
|
Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
Өлш.бір.
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту
|
%
|
24,9
|
25,9
|
26,5
|
2
|
1000 тұрғынға есептегенде дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді нысандар саны
|
бірлік
|
0,7
|
0,7
|
0,7
|
Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық мәліметтері
2.1.2.5.2 кесте. 2014 жылы Алматы қаласында өткізілген ауқымды халықаралық спорттық іс-шаралар
1) Биатлон бойынша Азия чемпионаты.
|
2) Орталық Азия чемпионаты, ат үйретуден ҚР Президентінің Кубогы үшін өтетін халықаралық жарыстары.
|
3) Стендтік атудан Әлем Кубогының кезеңі.
|
4) ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Кубогы үшін өтетін гандбол мен волейболдан халықаралық турнир.
|
5) «Қосанов ескерткіші» жеңіл атлетикадан халықаралық турнир.
|
6) Ерлер арасында өтетін судағы полодан FINAӘлем Кубогы.
|
7) Әйелдер командалары арасындағы волейболдан Әлемдік Гран-При.
|
8) Ерлер командалары арасындағы волейболдан Әлем Кубогы.
|
9) Дзюдодан «Гран-При» сериясы бойынша халықаралық турнир.
|
10) Ерлер және әйелдер арасындағы шаңғымен трамплиннен секіруден Әлем Кубогының кезеңі.
|
11) Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты.
|
12) Студенттер арасында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты
|
13) «Тур Алматы» 1.1 санаты бойынша Халықаралық веложарыс
|
14) Әйелдер командаларыарасында регбиден Азия кубогы
|
Дереккөз: Алматы қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасы
2.1.2.5.3 кесте. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- дамыған спорт инфрақұрылымының болуы
|
Әлсіз жақтары:
- қалада дене шынықтыру және спорт мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, халықтың, сондай-ақ біліктілігі жоғары спортшылардың сұранысын қанағаттандырмайды;
- бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы;
- спорттың ғылыми және медициналық базасының болмауы, білікті мамандардың тапшылығы.
|
Мүмкіндіктер:
халықаралық дәрежеде ірі спорттық шаралар өткізу.
|
Қауіп-қатерлер:
- жалпылама және аула спорт алаңдарында қирату қауіптерінің болуы;
- спорттық жеке және фитнес орталықтарда жаттықтырушылық қызметке мемлекеттік бақылау мен сертификаттаудың төменгі санатта қалуы.
|
Түйткілді мәселелер:
- спортпен айналысу үшін жалпыға қолжетімді алаңдардың жетіспеуі;
- жоғары жетістіктер спортының материалдық-техникалық базасының жетіспеушілігі;
- білім беру ұйымдарының спорт құралдарымен жеткіліксіз жарақтандырылуы
2.1.2.6. Туризм
Алматы Қазақстанның туристік индустриясының орталығы болып табылады, сонымен қатар бұл жағдайда қаланың аталған секторының әрі қарай даму әлеуеті бар. Бұл қаланың географиялық, аумақтық және тарихи орналасуымен байланысты әрі инфрақұрылымдық қызмет көрсету мүмкіндігі дамыған.
Жыл сайын туристер ағынының өсуі байқалуда.
Сонымен қатар сыртқы және ішкі туристердің талданып отырған кезеңдегі арақатынасы көп өзгере қойған жоқ (62%/38 %). Сыртқы туристердің көп бөлігі іскерлік туризм желісі бойынша келеді.
2.1.2.6.1 сурет. Алматы қаласындағы туристер саны
Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2012-2013 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Орналастыру орындары көрсететін қызметтердің көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) 2014 жылы біршама артқан.
2.1.2.6.2 сурет. Орындарға орналастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі
Дереккөз: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2012-2013 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Соңғы уақытта орналастыру орындары санының артуы байқалады.
2.1.2.6.3 сурет. Алматы қаласындағы орналастыру орындары
Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2012-2013 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
Егер бөлмелер қорының құрылымын қарастыратын болсақ, оның біраз бөлігі жоғары сегменттегі қонақүйлерде орналасқан. Қаланың қонақүй шаруашылығында санатсыз мейманханалар басым -53,3% және 4* және 3* - 32,3%, ал 5* қонақүйлердің үлесі бар болғаны 6%.
Туристік индустрияны дамыту сараптамасының негізгі көрсеткіштері Алматы қаласын туристік орталыққа айналдыру келешегінің жағымды динамикалық өсімдерін көрсетеді.
2.1.2.6.1 кесте. Туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштері
Нысаналы индикаторлар/ нәтижелердің тікелей көрсеткіштері
|
2012
|
2013
|
2014
|
Орналастыру нысандарының саны, бірлік
|
91
|
90
|
122
|
Орналастыру нысандарының орындаған жұмыстары мен қызметтерінің көлемі, млн. теңге
|
14 472
|
14 459
|
20 597
|
Орналастыру нысандарында қызмет көрсетілген келушілер саны
|
551 797
|
583 456
|
761 243
|
оның ішінде:
|
|
|
|
- ішкі туризм бойынша
|
361 696
|
360 446
|
473 027
|
- көшпелі туризм бойынша
|
190 101
|
223 010
|
288 216
|
Дереккөзі: «Алматы қаласындағы туризм мен қонақүй шаруашылығын дамыту» (2012-2013 жж.) статистикалық бюллетені, «Алматы қаласындағы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы орналастыру орындарының қызметі туралы» Алматы қаласының Статистика департаменті
2.1.2.6.2 кесте. SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- қолайлы табиғи-климаттық белдеуде орналасқан республиканың және Орталық Азияның қаржылық, мәдени және білім орталығы;
- Қазақстандағы ірі көлік-логистикалық хаб және «Жібек жолы» қалаларының бірі.
|
Әлсіз жақтары:
- туристік қызметтердің әлемдік нарығындағы туризм орталығы ретіндегі қаланың салыстырмалы түрдегі жеткіліксіз танымалдығы және жеткіліксіз ауқымды және әсерліжарнаманың болмауы;
- қалада тікелей орналасқан туризм үшін қызықты, маңызды және танымал экскурсиялық нысандардың жеткіліксіздігі
|
Мүмкіндіктер:
- Еуразиялық континенттің орталығында орналасуы, табиғи-климаттық жағдайы және экономикалық дамуы
|
Қауіп -қатерлер:
- туристік нысандарды қалпына келтіруді және құруды қаржыландыру бөлігінде туризмді дамыту мүмкіндігіне әлемдік дағдарыстың ықпалы, жеке инвестицияларды тарту, сыртқы туризмді көбейту.
|
Түйткілді мәселелер:
- туристік инфрақұрылымның баяу дамуы;
-қызмет көрсететін персоналдың жеткіліксіз кәсіби дайындығы және қызмет көрсетудің барлық кезеңінде тілдерді нашар білуі;
-туристік өнімді басқару және ілгерілету бойынша кәсіби құрылымның жоқтығы (DMO-CVB);
- қаланы урбандалуы және этникалық бірегейлікті көрсететін нысандардың жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |