Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет3/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.1.1.2 Өнеркәсіп

Алматы қаласының өнеркәсібі 1 392 кәсіпорыннан құралады, олардың 12% ірі және орта кәсіпорындар санатына жатқызылады. Олар қала индустриясының негізін құрайды және өнеркәсіптік өнім көлемінің 77,5 % өндіреді.

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 738,9 млрд. теңгеге жеткен, нақты өсім соңғы 3 жылда 3,7% құраған.

Осы орайда агломерация аймағына енетін қала маңындағы аудандар Алматы облысының өнеркәсіптік өндірісінің 80% жуығын қалыптастырады.

2012-2014 жылдардағы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекс көрсеткіші тұрақты үрдісті көрсетіп, 2013 жылы біршама артқан және 2014 жылы төмендеген. Сонымен, 2014 жылдың қорытындысы бойынша қала Алматы қаласының 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының негізгі мақсатты көрсеткіштеріне жете алмаған (жетістік коэффициенті 0,93). Аталған үрдіс өнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы шағын ауқымы көрсеткіштерді жеке кәсіпорындар көлемінің өзгеруіне тәуелділігін арттыруымен байланысты. Кәсіпорынды кеңейту немесе жаңа кәсіпорын құру тұтас өнеркәсіптің өсу ырғағының өзгеруіне алып келеді.

2.1.1.2.1. кесте. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері

Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2012

2013

2014

Сыртқы сауда айналымы

млн. доллар АҚШ

26 916,4

27 335,2

21 364

Экспорт

млн. доллар АҚШ

6 142,2

4 734,5

4 045,8

Импорт

млн. доллар АҚШ

20 774,2

22 600,7

17 318,2

Сальдо

млн. доллар АҚШ

-14 632

-17 866,2

-13 272,4

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері, 2015 ж.
Үш жыл ішінде қаланың сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 21% азайды және 2014 жылы 21 364 млн. АҚШ долларын құрады. Қаланың сыртқы саудасында импорт барлық айналымның 81%-нан асады, нәтижесінде сыртқы сауда теңгерімінің теріс сальдосы – 13 272,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау өсімі бойынша шамасы 2014 жылы жоспарлы көрсеткішіне жетпеген (жоспардағы 102% -дың орнына 88,5% нақты көрсеткіш). Тұтас алғанда шикізаттық емес тауарлардың экспорт үлесі 2012-2014 жылдардағы кезеңде 35% төмендеген. Бұл жағдай өңдеуші өнеркәсіп өнімдері көлемінің жалпы азаюына байланысты болып отыр.

Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің саны іс жүзінде бір деңгейде қалып отыр. Олардың санындағы ауытқу қала шаруашылығы мен қала халқының құбылмалы қажеттіліктеріне жауап болып табылатын кейбір өндіріс орындарының өз жұмысын бастауынан туындаған. Негізінен бұл фармацевтикалық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының кеңеюі мен ашылуына қатысты.

Соңғы үш жыл ішінде қаланың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз ететін ішкі салалардың үлес салмағы артқан. 2014 жылы электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету, сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинаудың үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің төрттен бір бөлігі тиісті болған.

Құрамына 30-дан астам арнайы маманданған салалар, ішкі салалар мен жекелеген өндірістер енетін тағам өнеркәсібі Алматы қаласының өнеркәсіптік кешеніндегі ірі салалардың бірі болып табылады. 2012-2014 жылдардағы кезеңде тағам өнімдері өндірісінің жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 27,8%-дан 32,3%-ға дейін артқан.

2014 жылы алдыңғы жылдардағы біршама өсімнен кейін химия өнеркәсібінің, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірудің көлемі айтарлықтай азайған. Алматы қаласында бірқатар ірі және технологиялық тұрғыда озық лак-бояу материалдарын, сумен қамту, кәріз және шоғырсымдарды қорғау жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларды, термоқабықшалар, қаптама өнімдерін, өлшеп қаптау қапшықтарын, тағам өнімдері мен мұздатылған өнімдерге арналған қапшықтар өндіру бойынша химия өндіріс орындары орналасқан.

Қаладағы өнеркәсіп саласының негізгі қиыншылығы төмен еңбек өнімділігі, сонымен қатар, саланың көрсеткіштерін жекелеген кәсіпорындардың жұмысына тәуелді ететін шағын көлемдері болып табылады. Салалық дамуды әрі қарай қолдау үшін қалада «Алматы қаласы Алатау ауданындағы индустриалды аймақты құру» жобасы жүзеге асырылуда.

Кластер құрудың негізгі мақсаты экспортқа бағытталған экологиялық шикізаттық емес өнімдер жасауды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.

Сонымен, 7 өндіріс секторы бар:

- тағам өнеркәсібі;

- машина жасау;

- құрылыс өнеркәсібі;

- фармацевтикалық өнеркәсіп;

- химия өнеркәсібі;

- жиһаз өнеркәсібі;

- жеңіл өнеркәсіп.



2015 жылдың басында жалпы инвестиция мөлшері 298 млрд. теңгені құрайтын 33 жоба бекітілген. Өнеркәсіптік өндіріс бойынша мақсатты көрсеткіштер 174 млрд. теңгеге өнім шығару болып табылады (бүгінгі өнеркәсіптік өндірістің шамамен 30%).
2.1.1.2.2 кесте. Өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

 Атауы/жылдар

Өлш. бір.

2012

2013

2014

Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны, бірлік

Бір.

1451

1407

1392

Өнеркәсіптік өнім көлемі, млн. теңге

Млрд. Теңге

584,5

641,0

738,9

Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %

%

103,3

105,5

102,2

Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты көлемінің индексі, %

%

103,2

108,2

100,6

Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам

мың АҚШ доллары/адам

38,5

35,0

28,7

Елдің жалпы экспорты көлеміндегі шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің үлесі,%

%

15,2

12,2

13,7

Жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығының көрсеткіші

2000 жылғы бағамен бір тонна мұнай баламасы мың АҚШ доллары

0,14

0,32

0,32

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы
2.1.1.2.3. кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млн. теңге

Атауы

2012

2013

2014

Өнеркәсіп

584 591

641 043

738 948

оның ішінде:










тау-кен өнеркәсібі

85

-

220

өңдеуші өнеркәсіп

455 947

483 767

580 625

оның ішінде:










тағам өнімдері өнеркәсібі

127 033

127 316

187 531

сусындар өндірісі

27 280

29 962

33 249

тоқыма бұйымдары өндірісі

1 236

1 300

1 327

киім өндірісі

5 825

7 753

4 696

тері және онымен байланысты бұйымдар өндірісі

1 379

1 463

2 520

жиһаздан басқа ағашжәне тығынды бұйымдар өндірісі

2 502

2 659

1 985

қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

6 788

7 063

10 169

Жазба материалдарын басып шығару және көшіру

40 113

42 149

34 738

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

1 391

967

2 940

Химия өнімдерін өндіру

9 605

12 138

  6 987

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

12 794

16 752

17 132

Резина және пластмасса бұйымдарды өндіру

26 033

29 134

27 055

Басқа да металл емес және минералды өнімдерді өндіру

39 390

48 848

55 401

Металлургия өнеркәсібі

31 654

23 131

40 387

Машиналар мен құрылғылардан басқа дайын металл бұйымдарды өндіру

26 663

29 359

36 564

Компьютер, электронды және оптикалық өнімдер өндіру

19 551

19 513

 23 455

Электрлік құрылғылар өндірісі

6 603

7 979

7 314

Басқа санаттарға жатқызылмаған машиналар мен құрылғылар өндірісі

6 178

5 050

10 702

Автокөлік құралдары, трейлер және жартылай тіркемелер өндірісі

491

1 141

4 909

Басқа көлік құралдары өндірісі

11 252

11 250

8 551

Басқа да дайын бұйымдар өндірісі

1 647

2 553

2 027

Жиһаз өндірісі

12 374

13 683

13 522

Машиналар мен құрылғыларды жөндеу және орнату

38 165

42 603

47 454

Электрмен қамту, газ және жылу беру, ауаны желдету

108 079

136 015

136 967

оның ішінде:










Электр энергиясын өндіру, беру және тарату

58 612

84 005

69 402

Газ тәрізді отынды өндіру және тарату

7 994

9 826

15 297

Жылу беру және ауаны желдету жүйелері

41 473

42 184

52 268

Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратуды қадағалау

20 479

21 261

21 134

оның ішінде:










Суды жинау, өңдеу және тарату

7 568

11 252

12 314

Кәріз жүйесі

2 855

3 632

3 963

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою

10 056

6 377

4 856

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің Санақ жинағы, 2015 жыл
Жергілікті мазмұнды дамыту

Отандық тауар өндірушіні қолдау және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұлттық компаниялардың сатып алуларында олардың үлесін арттыру мақсатында 2014 жылдың 4 желтоқсанында жалпы сомасы 800 млрд. теңгелік тиісті Меморандумға қол қоя отырып, «Мемлекеттік тапсырыс 2015» жыл сайынғы акциясы өткізілді. «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялардың Меморандумды орындауы шеңберінде Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 586,5 млрд. теңгеге шарттар жасалды. Қазақстандық мазмұн үлесі 68%.

2015 жылдың қаңтарында Алматы қаласының әкімдігі ұлттық компаниялармен және отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге өзара түсіністік туралы 6 Меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні Меморандумдарды орындау шеңберінде жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгеге шарттар жасалды.

3 қазанда Алматы қаласының әкімдігі және «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында Алматы қаласының іскерлік ортасымен және ЭКСПО бас мердігерлерімен жалпы сомасы 10 млрд. теңгенің сомасына ынтымақтастық туралы 12 меморандумға қол қойылды.

Қараша айында Универсиада 2017 дирекциясымен және мердігер құрылыс ұйымдарымен осындай кеңестер өткізілетін болады.



Алматы қаласының Мемлекеттік мекемелері.

Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері және ұйымдары ұсынған қазақстандық мазмұн және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептеріне сәйкес 2015 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 23,6 млрд. теңгенің сомасына 11 451 орындалған шарттардан қазақстандық үлес салмағы 14,5 млрд. немесе 61,3% құрады, оның ішінде:

- тауарлар бойынша 25,4% 5,6 млрд. теңгенің сомасы;

- жұмыстар бойынша 72,1% 9,7 млрд. теңгенің сомасы;

- қызметтер бойынша 73,2% 8,3 млрд. теңгенің сомасы.
Ұлттық компаниялар.
«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін Ұлттық компаниялар 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының кәсіпорындарымен жалпы сомасы 586,5 млрд. теңгеге шарттар жасасты, оның ішінде:

- тауарлар – 262,8 млрд. теңге;

- жұмыстар – 141,7 млрд. теңге;

- қызметтер – 182,0 млрд. теңге.

Қазақстандық мазмұндық үлесі 68%

Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергияны үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралының бірі болып табылады. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Алматы қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы экономикасының өсуімен байланысты энергетикалық ресурстарды тұтыну негізінен ішкі өңірлік өнім сияқты қарқында өседі, өйткені экономикалық өсім өнімді өндіруді арттырумен, ресурстарды пайдаланумен бірге жүреді. Осылайша энергияны үнемдеу Алматы қаласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Алматы қаласы бойынша электр энергиясының және қуатының заманауи нарығы «Алматы энергия станциялары» АҚ (бұдан әрі – «АлЭС» АҚ) энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуден және 30% ЖГРЭС және ГРЭС Павлодар-Екібастұз энергия торабынан электр энергиясын сатып алудан қалыптасады.

Электр энергиясын тұтыну құрылымы тұтынудың негізгі үлесі өнеркәсіп кәсіпорындарына – 33% , халық – 29 %, өзге де – 25%, бюджет ұйымдары – 13% келетінін көрсетеді.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Алматы қаласында тұрғын үй секторы шамамен 30% электр энергиясын және 61% жіберілетін жылу энергиясын тұтынады.

Алматы қаласындағы 33,4% тұрғын үй қоры дұрыс қалыпта, 53,4% күрделі жөндеуді талап етеді және 13,2% апаттық жағдайда.

Инженерлік желілердің тозу деңгейі Алматы қаласындағы коммуналдық секторда келесі сипатта:

Алматы қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 150 км. құрайды, олардың 35% нормативтік жағдайда және 65% жөндеуді талап етеді.

Алматы қаласы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 6 885,3 км. құрайды, олардың: кабель желілері – 4 041,2 км., әуе желілері – 2 844,1 км. нормативтік жағдайда 31,5% электр желілері және 68,5% жөндеуді талап етеді.

Алматы қаласы бойынша газ желілерінің жалпы ұзындығы 4935,8 км. құрайды, олардың: жоғары қысымды – 88,2 км., орташа қысымды – 646,33 км.,төменгі қысымды – 4201,27 км.

Бюджет секторындағы энергияны үнемдеу оның әлеуметтік өзектілігіне қарай маңызды орын алады. Бүгінгі күні Алматы қаласының бюджеттік ұйымдарында 70 мың сыртқы жарықтандыру нүктелері бар, энергияны үнемдейтіндер жоқ.


2.1.1.2.3. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- макроэкономикалық және саяси тұрақтылық;

- іскерлік ахуалды жақсарту және реформаларды жүргізу;

- өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін даму институттары жүйесінің болуы.




Әлсіз жақтары:

- өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділіктің төмендігі;

-Біліктілік деңгейін талап ететін адам ресурстарына қолжетімділіктің төмендігі;

- Инфрақұрылымда тар жерлердің болуы (көлік-логистикалық, энергетикалық, сумен жабдықтау);

- Өңдеуші өнеркәсіптегі бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі;

- Инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

- Ресурс тиімділігінің төмендігі және өнеркәсіптің жоғары энергия өнімділігі;

- Техникалық реттеудің дамымаған жүйесі:




Мүмкіндіктер:

- Кедендік одақ нарығына қолжетімділік, Қытайдағы, Орта Азиядағы және Каспий аралық мемлекеттердегі нарықтық мүмкіндіктер;

- Ресурс секторларының технологиялық құрал-жабдықтарына, мамандандырылған қызметтерге және инновацияға сұраныс;

- Өңдеуші өнеркәсіпте заманауи өндірістік және басқару технологияларын енгізу;

- Мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулардың және жер байлықтарын пайдаланушылардың сатып алуларының тиімділігін арттыру.


Қауіп-қатерлер:

- жаһандық және өңірлік дағдарыс түрлерінің Қазақстанның экономикасына және өндірісіне теріс әсері.





Түйткілі мәселелер:

  • қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығының төмен жүктемесі;

  • ескірудің жоғары дәрежесі, кәсіпорындардағы жабдықтардың рухани ескіруі;

  • ішкі нарықтың әлсіз дамуы;

  • шығарылатын өнімдердің төмен сапасы және оның түрлерінің аз болуы;

  • өнімдерді сертификаттау үшін сынақ базаларының және зертханалардың жоқтығы;

  • өнімдердің жоғары энерго және еңбек өнімділігі;

  • көлік - логистикалық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі;

  • тиісті білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

  • салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік - өнеркәсіп базаларын жаңғыртудың қажеттілігі;



2.1.1.3. Азық-түлік белдеуін дамыту

Қаланың қайта өңдеуші кәсіпорындарының жүктемесі шамамен 63% құрайды. Негізгі бағыттар бойынша жүктемелер мыналар:



  • Ет топтары -90%

  • Сүт топтары - 60%

  • Май-тоң май топтары -48%

  • Жеміс-көкөніс топтары - 52%.

2012-2014 жылдар кезеңінде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға салынатын НКИ тұрақсыз үрдіске ие болды. Сонымен қатар, 2012 жылы біршама өсті. 125% одан кейін 54,5% төмендеді. Мұндай үрдіс жалпы өткен кезеңде экономиканың дамуына сәйкес келді.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қатысуымен 9 жалпы қалалық жәрмеңке өткізілді. Сатылған өнімнің жалпы көлемі 1 920 тоннаны, 1 170 млн. теңгеге құрады.

Сонымен қатар, апта сайын Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы облысының жақын орналасқан ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің, сондай-ақ Алматы қаласының сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «демалыс күнінің» жәрмеңкелері өткізіледі. 2015 жылдың басынан бері Алматы қаласының аудандарында 602 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, олардың тауар айналымы 1,7 млрд. теңгені құрады.


2.1.1.3.2. кесте SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- Тамақ өнеркәсібін дамыту.




Әлсіз жақтары:

- егіс алаңдарының және мал жайылымдарының жоқтығы.




Мүмкіндіктер:

- жылыжай шаруашылықтарының, дайындау пунктілерінің қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар қатарын іске асыру, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын және сүт пен ет жинау бойынша стационарлық пунктерді дамыту;



  • Алматының ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жарақтандыру.




Қауіп-қатерлер:

- ГМО және химиялық қоспалары бар ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасының төмендігі.





Түйткілді мәселелер:

  • несие алу кезінде ауыл шаруашылық өндірушілеріне қажетті ликвидтік кепілдік мүліктің жоқтығы;

  • қала кәсіпорындарының моралдық және физикалық тозған құралдары үлесінің жоғары болуы;

  • өндірістік қайта өңдеуге лайықты шикізаттың жетіспеуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет