БАҒдарламасы аналитикалық геометрия 5В011000



бет1/13
Дата18.11.2019
өлшемі236,44 Kb.
#51976
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Аналитикалық геометрия000-конвертирован


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Аналитикалық геометрия
5В011000 «Физика»

3 кредит


Орал қ. – 2016

1. ƏЗІРЛЕНГЕН ЖƏНЕ ЕНГІЗІЛГЕН


Өтемісов атындағы БҚМУ, физика жəне математика кафедрасының оқытушысы Камкиева Ж.С.



  1. ƏЗІРЛЕНГЕН ЖƏНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

М.Өтемісов атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетінің математика жəне физика кафедрасы

Құрастырған: аға оқытушы Камкиева Ж.С., Қоңырбаева Н.Н., п.ғ.м.





  1. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

А.Е.Жумагалиева - ф.-м.ғ.к.

А.Ж.Кенжагалиева Ə.Мулдагулова атындағы №38 мектеп- лицийдің математика пəнінің І санатты мұғалімі




  1. БЕКІТІЛГЕН ЖƏНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс- Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-əдістемелік кеңес отырысында 2016 жылғы

«22» қыркүйек №1 хаттама



  1. Жұмыс оқу бағдарламасы 5В011000 «Физика»

(мамандықтың атауы) мамандықтарының элективті пəндер каталогына сəйкес əзірленген



  1. ҚАРАЛҒАН Физика – математика факультетінің Оқу-əдістемелік кеңес отырысында 2016 жылғы «15» қыркүйек №1 хаттама

Курс туралы қысқаша мəлімет


Анлитикалық геометриялық геометрия курсы болашақ математика мұғалімінің жалпы математик маман ретінде қалыптасуы үшін қажет. Бұл курсты оқу нəтижесінде басқа пəндерді, мəселені, математикалық талдауды, математикалық логиканы, математиканы оқыту əдістемесі жəне т.б. пəндерді меңгеруге болады. Сонымен қатар болашақ оқытушының геометрия пəніне деген көзқарасы қалыптасып, əртүрлі орта білім беретін оқу орындарында сабақ жүргізе алады.

Студент аналитикалық геометрия пəнін оқу барысында мынадай ұғымдармен танысып жəне олардың қолдануы туралы білім алады. Атап айтқанда: вектор; векторға қолданылатын амалдар;декарттық жəне аффиндік координат жүйесі; жазықтықтағы жəне кеңістіктегі сызықтар; жазықтықтығы түзу, екінші ретті сызықтар, жазықтық , кеңістіктегі түзу ; екінші ретті беттер, жазықтық түрлендірулері, проективиік геометрия элементттері.



Мақсаты: Болашақ математика мұғалімдердің мектептегі жұмысын табысты жүргізуді қамтамасыз ететін білімдер беру, оларға жоғары деңгейдегі кəсіби əзірлік беру, олардың геометрия пəніне кең ғылыми көз қарастарын дамыту. Курстың міндеті:

Аналитикалық геометрияның негізгі элементтерімен танысып, олардың қасиеттерін жете меңгеру.

Математикалық есептерді шешу жəне зерттеудің негізгі əдістерін меңгеру. Математикалық білімді өздігінен жетілдіруді қамтамассыз ету

Əр түрлі кеңістік туралы көзқарасын қалыптастыру.



Тақырыптық жоспар




Тақырыптар


Дəріс

1.

Векторларға қатысты негізгі түсініктер

1

2.

Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар

1

3.

Вектордың сызықтық тəуелділігі.

1

4.

Вектордың координаттары.

1

5.

Вектордың координаттарына қатысты негізгі теоремалар.

1

6.

Вектордың осьтегі проекциясы

1

7.

Векторлардың скаляр көбейтіндісі.

1

8.

Ішкі векторлық кеңістік

1

9.

Жазықтықтағы координат жүйелері.

1

10.

Жазықтағы координат жүйесін түрлендіру

1

11.

Кеңістіктегі координат жүйелері.

1

12.

Векторлардың векторлық көбейтіндісі.

1

13.

Аралас көбейтінді.

1

14.

Жазықтықтағы сызықтың, беттің, кеңістіктегі сызықтың

теңдеуі


1

15.

Жазықтықтағы түзудің əртүрлі теңдеулері

1

16.

Түзуге қатысты негізгі түсініктер

1

17.

Эллипс.

1

18.

Гипербола

1

19.

Парабола.

1

20.

Екінші ретті сызықтардың жалпы теңдеуі

1

21.

Кеңістіктегі жазықтық

1

22.

Кеңістіктегі жазықтық

1

23.

Кеңістіктегі түзу.

1

24.

Екінші ретті беттер

1

25.

Екінші ретті беттер

1

26.

Гиперболоидтар.

1

27.

Параболоидтар

1

28.

Жазықтық қозғалыстары

1

29.

Ұқсас түрлендірулер Центрлік проекция.

1

30.

Аффиндік түрлендірулер

1




Барлығы:

30

Курстың мазмұны Тақырып 1: Векторларға қатысты негізгі түсініктер

  1. Бағытталған кесінді.

  2. Бағыттыс, қарама- қарсы бағыттылған кесінділер.

  3. Вектор ұғымы.

  4. Коллинеарлы векторлар.

  5. Вектордың ұзындығы, бірлік вектор.

  6. Векторлардың теңдігі.

Фигура деп кез келген нүктелер жиынын атайтынын ескере кетейік. Нүктелер, түзулер, жазықтықтар, сəулелер, кесінділер, жарты жазықтықтар қарапайым фигуралар болады. Нүктелерді латын алфавитінің кіші əріптері: а,b,с,... деп, немесе екі бас əріптері арқылы АВ,СD,... деп, жазықтықтарды грек алфавитінің кіші əріптері: σ,τ, . . . , немесе латын алфавитінің үш бас əріптері: АВС,EFG, . . . деп белгілейді. Сəулелерді латын алфавитінің ортадағы кіші əріптері: h,k,l, . . , немесе екі бас əріптері: ОА,КВ,. . . деп белгілейді. Бұл жағдайда бірінші орынға сəуленің бас нүктесінің белгісі, ал екінші орынға сəуленің небір нүктесінің белгісі қойылады. Ұштары А жəне В нүктелері болатын кесінді АВ, немесе ВА деп белгіленеді. Кесіндінің ұзындығы да осы AB символымен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет