Ит пен аспазшы
Ет асуға аспазшы қамданды. Ас үйдің есігінің алдында иттер жатыр. Аспазшы бұзауды сойып, ішек-қарнын қораға лақтырып жіберді. Қағып алып, ішек-қарынды жеп, иттер: «Аспазшы жақсы кісі, тамақты жақсы пісіреді» десті. Әр беріден соң аспазшы бұршақ, салқан, сарымсақ тазалап, қабық, тамырын лақтырып жіберді. Иттер таласа жүгірісіп барып, иіскелеп: «Аспазшы алжыды. Тамақты бұрын жақсы пісіруші еді, енді өзі түк болмай кетіпті» деді. Иттердің сөзіне құлақ қоймай, аспазшы етін пісіре берді. Етті жеп, аспазшыны бай мақтады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағасы: ____ ____ ____
Достарыңызбен бөлісу: |