Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет22/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
жетістік 
ұғымдарының 
арасындағы айырмашылықты анықтап алған жөн. Біріншісі: бір оқу
-
шының екінші оқушыға қарағанда қаншалықты жақсы нәтиже көрсе
-
те алатыны жергілікті немесе ұлттық тестілер арқылы дәлелденген. 
Мектептер жеке оқушылардың үлгерімін, жынысын, жасы мен мектеп
-
тегі ақысыз тамақтану және этникалық ерекшеліктері секілді әртүрлі 
топтасу белгілеріне сәйкес қадағалай алады. Олар нәтиженің заңды
-
лықтары мен тенденцияларын анықтауға көмектеседі. Мысалы, олар 
ер балалардың қыздарға қарағанда бастапқы 2-кезеңде оқу дағдысы 
бойынша онша жақсы нәтиже көрсетпейтінін анықтауы мүмкін. Кейі
-
нірек олар өз нәтижелерін басқа мектептермен және жалпы ұлттық 
білім беру үрдісімен салыстыра алады. Жетістік көбіне жеке адамның 
бастапқы деңгейімен салыстырғанда қаншалықты өскенін көрсетеді. 
Мысалы, мектепте білім беруде ерекше қажеттілігі бар 6-сынып оқу
-
шыларының саны көп болуы мүмкін. Бұл олардың ағылшын тілі мен 
математика бойынша қол жеткізетін нәтижелеріне әсер етіп, соны
-
мен қатар күтілетін ұлттық нәтижеге сәйкес келмеуі ықтимал. Алайда 
олар өз мүмкіндіктеріне сай жақсы жетістіктерге жетуі де мүмкін. 
Оқыту сапасын жеке деректер бойынша талдаудың модельге бай
-
ланысты бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, «оқыту нәтижесін» 
анықтау оңай емес. Шотландияда бұл нәтижелер оқу жоспарындағы 
құзіреттіліктерді құрайтын төрт «мүмкіндіктермен» байланысты. 
Олар: оқуда жетістікке жеткендер, өзіне сенімді тұлғалар, жауапты 
азаматтар және оқуда қабілеттері толық ашылмағандар (Menter
 et al
., 
2010). Екіншіден, қалыпты тестілеу нәтижелері қолданылғанда әртүр
-
лі сыртқы факторлардың салыстырмалы әсерін сұрыптауда қиындық
-
тар кездеседі, мысалы, нәтижелер мұғалімге, сыныптастарға, ресурс
-
тарға, сыныптағы ахуалға немесе басқа да факторларға байланысты 
болуы мүмкін бе? Мұндай тестілер мұғалім жұмысының сапасын емес, 
оқушы жетістіктерін анықтауға арналған. Үшіншіден, тестілеу нәти
-
желері жақсы мұғалімнің нашар мұғалімнен тәжірибесінің қандай еке
-
нін көрсетпейді. Жақсы мұғалім тестілеуден жақсы ұпай жинайды. Де
-
генмен мәселе оның сол нәтижеге қалай қол жеткізетіндігінде жатыр. 


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
36
Төртіншіден, өткен жылы сыныпты оқытқан мұғалімдердің арасынан 
нақты бір мұғалімнің еңбегін анықтау қиын. Сол себепті оқыту – бұл 
адам атқаратын, ғылыми эксперимент немесе деректерді талдауға 
көне бермейтін күрделі іс-әрекет. Өйткені оқыту нәтижесіне әсер етуі 
мүмкін барлық маңызды факторларды бақылау әсте қиын. Бұл дерек
-
тердің сапа туралы пікірталас туындағанда ешқандай қатысы жоқ де
-
генді білдірмейді, дегенмен деректер төңірегінде жауаптан гөрі сұрақ 
көбірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет