Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет23/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
Мүдделі тарап пікірлері
Мұғалім, ата-ана, оқушы, губернатор, жұмыс беруші және тағы бас
-
қалармен өткен пікірталастардың барлығы оқыту сапасын бағалауға 
ықпал етеді. Соңғы жылдары «мүдделі тарап» бизнес термині білім 
беру саласына мектептің немесе университеттің өз миссиясын орын
-
даудағы жетістіктеріне қызығушылық танытатын адамды, топты не
-
месе ұйымды сипаттау үшін енгізілді. Мектепте болып жатқан оқиға
-
ларды бақылайтын ішкі мүдделі тараптар (мысалы, мұғалім немесе же
-
текші басшы тұлға) және нәтижеге басым қызығушылық танытатын, 
бірақ осы нәтижеге қол жеткізуге тікелей қатыспайтын сыртқы мүдде
-
лі тараптар (мысалы, жұмыс берушілер) болады. Осы айтылғандардың 
әрқайсының күтері бар. Мысалы, өндірісте сауатты әрі есепке жақын 
студенттер керек. Сондықтан мүдделі тараптармен кеңесіп, мектептің 
стратегиялық бағыты мен ұсыныстарына қанағаттанған жөн. Мектеп 
инспекторлары мен менеджерлері мүдделі тараптармен жиі пікірталас 
өткізеді немесе олардың пікірлерін зерттейді. Сонымен қатар OFSTED 
бастауыш мектеп мұғалімдерінің даярлық сапасын бағалауда мұғалім 
біліктілігін таяуда алғандардың (бұрынғы студенттердің) пікірлерін 
ескереді.
Ең маңызды мүдделі тараптар – бұл оқушылардың өздері.
ХІХ ғасырдан бері инспекторлардан және тағы басқаларынан мектепте 
оқушыларға берілетін білім беруге қатысты пікірлері сұралып келеді 
(Blishen, 1973; Wragg, 1993; Pollard and Triggs, 2000; NFER, 2011). Әртүр
-
лі буын өкілдері мұғалімнің:
„
білімді;
„
қатал алаи�да әділ;
„
балаға ашық;
„
сабақты қызық өткізе алатын;
„
әзілқои�;
„
қамқор болғанын қалаи�ды.


Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
37
Соңғы онжылдықта бала құқығын қорғау деңгейі көтерілгеннен 
кейін оқушылар пікірі шындап қабылдана бастағаны сөзсіз. Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бала құқығы туралы конвенциясы (Біріккен
Корольдік үкіметі 1991 жылы қабылдаған) заңды түрде балаға өз көзқа
-
расын еркін білдіруге құқық береді. Бұл Біріккен Корольдік деңгейін
-
де үкіметтік, инспекциялық және кәсіби әдебиеттер арқылы танылған 
(мысалы, DCELLS, 2007; Aitken and Millar, 2004; Burke and Grosvenor, 
2003). Білім беру сапасын бағалау кезінде оқушының көзқарасын ес
-
керуге баса назар аударылғанымен, сақтық таныту қажет. Брандретт 
пен Силкок (2002: 12) көрсеткендей, «құзіретті немесе оңтайлы оқы
-
тудың қандай болатынын іс-тәжірибеге қарап бағамдай алмайтыны
-
мыз секілді, жақсы оқытудың не екенін де мұғалімдермен немесе оқу
-
шылармен жай ғана сөйлесу арқылы анықтай алмаймыз». Кейбір сы
-
нып жетекшілері, мектеп директорлары және университет оқытушы
-
лары оқыту мен оқу сапасы сияқты күрделі мәселелер бойынша пікір 
білдіруге балалардың біліктілігі жетпейді деп есептейді. Алайда көп 
жағдайда мұғалімдердің көрсетуі бойынша, олар конструктивті және 
қолдау сипатындағы оқушылармен кеңесуден қорықпайтын көрінеді. 
Мұғалім өзіне неғұрлым сенімді болған сайын оқушылардың көзқара
-
сын қорқыныш ретінде емес, өзіндік рефлексия ретінде қарастырады. 
Балалардың мұғалімдермен қарым-қатынасын өзгерту қиындық ту
-
дыруы мүмкін. Бір зерттеу жобасында бүкіл әлемдегі математика пәні 
мұғалімдерінің бетін «ауыр ойдан» әжім торлағанын, стилі мен дос
-
тары жоқ «ботаник» ретінде қабылданатынын анықтады. Британия, 
Швеция, Германия, Румыния және Америка Құрама Штаттары секілді 
елдердің 12–13 жас аралығындағы оқушылары тақтада немесе ком- 
пьютерде көзілдірік тағып, жұмыс істеп тұрған, сақалды, таз ер адам
-
ның суретін салды (Savill, 2001).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет