Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз?
40
дегенді білдіреді. Алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибенің оқушы
үлгерімі мен жетістіктеріне әсер ететіні дәлелденген. Сондай-ақ оның
бірегей болуы міндетті емес, алайда басқалар бейімделе алатындай бо
-
луы керек. Эстин мен басқа да инспекциялар ұйымының уеб-сайтта
-
рында
үздік немесе озық тәжірибе үлгілерін көрсететін тақырыптық
зерттеулерден мысалдар келтіреді. Англия мен Уэльсте бұрынғы инс
-
пекция кезіндегіге қарағанда, қазір үздік оқыту үлгісін көрсету қиын.
Инспекторлар оқыту сапасына баға беруде «сонымен, енді қайтпек ке
-
рек?» деген сөздерді жиі қолданады.
Орындалу жиілігі
– оқыту сапасын бағалаудың негізгі факторы
болып саналады. Солтүстік Ирландия инспекциясы оқыту сипаттама
-
сын 1-сыныпта «өте жақсы», ал 2-сыныпта «үнемі жақсы» деп санайды.
Шебер мұғалім жұмысты жан-тәнімен беріліп істесе, үнемі жоғары дең
-
гейден көрінеді. Сол сияқты үздік стажер-мұғалімдерді тютор немесе
аға ментор ретінде өткізген бір сабағына қарап бағалауға болмайды.
Керісінше, жақсы бағалаушы оқыту сапасын ұзақ уақыт бойы, айта
-
лық, мектепте оқу жылы басталғаннан бастап күнделікті қадағалайды.
OFSTED (2014) шебер мұғалімнің бір күнгі жұмысы бойынша емес, жыл
бойына нәтижелі оқыту арқылы қол жеткізген оқушыларының үлгері
-
мі мен жетістіктері бойынша бағалайды. Бұл жас, тәжірибесі аз немесе
басқа елден келген мұғалімге кез болған инспекторлар үшін қиындық
туғызады. OFSTED (2014) сапалы оқытуды
бағалауға арналған кри
-
терийлерді тексеру парағы ретінде қарастыруға болмайтынын анық
атап көрсетті (1.3-қосымша). Керісінше инспекторларға өз кәсіби па
-
йымдауларын оқытуға «оң» көзқарас қалыптастыру үшін қолдануына
кеңес беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: