Мінез-құлықты
басқару
487
тәртіпті ретке келтіруде шарасыз екенін айтады. Білім министрі
Елизавет Трас балабақшадағы бүлдіршіндердің әлі де дұрыс отыра ал
-
майтынын және тәртіпке бағынбай шу шығаратынын айтты (Williams,
2013).
Шын мәнінде, мұндай қоғамға жат әрі дөрекі қылықтар қо
-
ғамның аз бөлігіне ғана қатысты.
Алайда балабақша болсын, бастауыш
мектеп немесе орта мектеп болсын, оқытуға келген маманның мінсіз
мінез-құлық стандартына сай тәртіп орнатуда қиындыққа тап болары
сөзсіз. Бұл тарауда мектептегі мінез-құлық мәселесі тарихи және әлеу
-
меттік контексте қарастырылады. Сонымен қатар үздік тәжірибеден
өткен маңызды теориялар да талқыланады.
Мұғалімдердің балалар
-
мен, олардың теріс мінез-құлқымен қалай жұмыс істейтіні азды-көпті
түрде сол мұғалімдердің баламен қарым-қатынасы мен білім берудің
мақсаты туралы,
сенімі мен құндылығына, біліміне қатысты болады.
Басқаша айтқанда, мұғалімдердің өзіндік теориялары бар.
Білім беру
мамандары мен зерттеушілердің айтқанымен салыстыра қарасақ, мұға
-
лімдер мінез-құлыққа қатысты туындайтын қиындықтар туралы түсі
-
нігін тереңдете алады.
Достарыңызбен бөлісу: