Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Мінез-құлық дегеніміз не және балалар



Pdf көрінісі
бет408/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мінез-құлық дегеніміз не және балалар
мінез-құлқын қарастыру неге маңызды? 
Психологтар «мінез-құлықты» адамның бақыланатын әрекетінің 
барлық аспектісі ретінде анықтайды (Child, 2004). Бір бала екінші бір 
баланы соғып, көпшілік алдында айқайлап жылатып және біреуі жылап 
қашатын, күнделікті болып жататын оқиғадан мінез-құлықтың негізгі 
3 аспектісін көреміз: әрекет, реакция және қозғалыс. Мұның әрқайсы да 
бақыланады. Заманауи педагогикалық психология баланың не ойлай
-
тыны, қалай ойлайтыны мен жадында нені сақтайтыны сияқты ақыл-
ой процестері де мінез-құлыққа әсер ететінін айтады. Соңғы жылдары 
мидың «мінез-құлқына» да баса назар аударылып келеді. Бұл жөнінде 
4-тарауда бірнеше мифтер келтіріліп, талқыланып өтті. Дегенмен ба
-
ланың ойы (ойлануы) сияқты бақыланбайтын мінез-құлықты меңгеру, 
олардың сыртқы мінез-құлқын қадағалау кезінде аса маңызды. 
Баланың мінез-құлқы мәселесіне көптеген тараптар қызығушы
-
лық танытады, олар: мұғалімдермен қоса ата-аналар, балалар қызметі, 
психологтар мен басқа да мамандар, коммерция саласы, тамақ пен ден
-
саулық индустриясы, үкімет, балалар құқығын қорғау топтары және ба
-
лалардың өздері бар. Мінез-құлық тақырыбына қатысты қаншама мил
-
лиард фунт стерлингке бағаланатын индустрия бар: газет беттеріндегі 
«сырласу» бұрыштары, мемлекеттік департаменттерден нұсқаулық, 


Мінез-құлықты басқару 
488
ата-аналар ұйымдары, діни және өзіндік (self-help) топтар, қайырым
-
дылық ұйымдары, Ұлттық денсаулық қызметі (NHS) мен Балалар қа
-
тігездігінің алдын алу туралы мемлекеттік қоғам сияқты ірі ұйымдар 
және 
Supernanny 
(Chanel 4, 2004) сияқты телебағдарламалар, интернет 
сайттары, кітаптар, журналдар, тренинг курстар мен конференциялар. 
Баланың мінез-құлқына деген қызығушылық өте көп болуы неліктен? 
Олардың көбі оқыту саласында баланың мінез-құлқы қандай бола
-
тынына алаңдайды. Өйткені олар баланың оқуында мінез-құлықтың 
қаншалықты маңызды рөл атқаратынын жақсы біледі. Балалар әдепсіз 
әрекеттер жасаған кезде, олардың оқу ынтасы азаяды және қатарласта
-
рының оқуына кедергі келтіреді. Мұғалімдер сабақтың кедергісіз өтуі 
үшін оның жинақы болғанын қалайды. Басқа мұғалімдер де теріс мінез-
құлықтың оқыту сапасына кері әсер ететінін айтады. Мектеп директор
-
лары, әріптестері, жергілікті билік өкілдері мен инспекторлардың өз 
сыныбында тәртіп орната алмайтын мұғалімді жақсы мұғалім деп айта 
алмаймыз деуі, мұғалімдерді ашуландыруы мүмкін. Бұл кез келген мұ
-
ғалімнің қызмет бабында деструктивті мінез-құлықтарды көріп жүрсе 
де, оны талқылауға құлықсыз болуына әкелуі мүмкін.
Қазіргі үкімет тәртіп пен оқу арасында маңызды байланыс бар еке
-
нін растайды. Жақында Қауымдар палатасының білім комитеті мінез-
құлық мәселесін талқылау кезінде «егер балалар өз оқу мүмкіндіктерін 
толықтай пайдаланам десе, мектепте жақсы тәртіп қалыптасуы қажет» 
деп атап өтті (House of Commons, 2011: 3). Сондай-ақ үкімет Біріккен 
Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі конвенциясында көрсетіл
-
ген міндеттеме аясында балаға қамқорлық жасауға міндетті. 28-бап
-
та «Мектептегі тәртіп балалардың қадір-қасиетіне құрметпен қарауға 
тиіс» деп жазылған. 
Ең қиыны мінез-құлқын түзей алмағандықтан мектептен шығып 
қалған оқушы жеке адам үшін де, отбасы мен қоғам үшін де орны тол
-
мас олқылық болуы мүмкін. Мінез-құлқы бастауыш мектепте түзелме
-
гендердің көбі кейін де «түзеле алмай» жүреді. Олар білім ала алмаған
-
дықтан, қоғамнан оқшауланып қалуы да мүмкін. Білім алудағы сәтсіз
-
діктер кедейлікке, қылмысқа және экономикалық тұрғыда кері кетуге 
тікелей әсер етеді (The Prince’s Trust, 2007). 
Бұл жағынан қарағанда, үкімет мұғалімдер санының жеткілікті 
болуын қамтамасыз етуі қажет. Мұның маңыздылығы сонда, жаңадан 
жүргізілген сауалнамалар оқушылардың теріс мінез-құлқы салдарынан 
мұғалімдердің жұмыстан кетіп қалатынын бірнеше мәрте дәлелдеді 
(Smithers and Robinson, 2003; Teacher Support Network, 2010). Бұзақы
-
лық оқушыларды да, мұғалімдерді де айтарлықтай стреске ұшыратады. 
Балалардың нашар мінез-құлқы талапкерлердің педагогикалық маман
-
дықтан қашуына да себеп болады. 


Мінез-құлықты басқару 
489
Біріккен Корольдік үкіметінің мінез-құлыққа деген қызығушы
-
лығы соңғы кездегі шолуларда, арнаулы топтар мен стратегиялар ар
-
қылы көрініс тауып жүр (DCSF, 2009; Scottish Executive, 2001, 2006 and 
2009; DENI, 1996). Үкімет саясатында бұған баса назар аударылғаны 
Консервативті үкіметтің 
Балалар проблемасы жайлы жарияланымда
-
рынан
(DfEE, 1994) бастап, Лейбористердің жаңа ә
леуметтік интег
-
рация: баланы қолдау
туралы жарияланымдарынан (DfEE, 1999) анық 
байқалады. Соңғы құжат әлеуметтік оқшаулануға қарсы саяси бастама 
болды. Мінез-құлық туралы оқу материалдары мінез-құлық проблема
-
ларында мұғалімдерді шешімге негізделген әдіске жүгінуге шақырады. 
Мінез-құлықты «айыптау» мәдениетінде емес, әлеуметтік байланыс 
контекстінде қарастыруға баса назар аударылды. Яғни теріс мінез-құ
-
лық оқшауланудың емес, әрекет пен реакцияның бөлігі ретінде қарас
-
тырылады. Бұл мұғалімдерді оқушыларға «проблемалы», «бұзақы» деп 
қараудан гөрі мінез-құлықтың байыбына бару мен түсіну әдісіне қарай 
бағыттайды. Алайда тренинг материалдары мінез-құлықтың күрде
-
лі мәселе екенін және оның қалыптасуына қоғамдық қарым-қатынас 
пен отбасылық ықпалдың көп болатынын анық көрсетті (Visser and
Raffo, 2005). 
Коалиция үкіметінің 
Оқытудың маңызы
туралы баяндамасы
(DfE, 2010) мұғалім мен директордың құзіретін күшейтуді қолға алды. 
Мәселен, оқушыны ұстау мен тінту ісінде мұғалімдердің құзіретін 
арттырды. Директорларға мұғалімдердің тәртіп пен мінез-құлық сая
-
сатына жүргізуге құзіретті екені туралы кеңес берілді (DfE, 2013b).
Мұғалімдер стандарты
(DfE, 2013а) мұғалімдердің жоғары талап қоюы
-
на және оқу ортасының сапасын арттыруға бағытталған. 2009 жылы 
үкімет өзінің жеке мінез-құлық гуруын тағайындады. Чарли Тейлорға 
Лондонның бастауыш мектебінде директор болып істеген кезіндегі тә
-
жірибесін бөлісуді міндеттеді; ол директор болып істеп жүрген кезін
-
де 11 жастағы және одан кіші 36 баланы оқудан шығарған. Тейлордың 
мінез-құлықты басқарудағы қалыптан тыс, массаждан бастап шәй мен 
тостқа дейінгі барлық (дәстүрлі емес) әдісі – «ағысқа қарсы жүзу» ре
-
тінде сипатталады. Бұл басқаша айтқанда, «ұрыс даласында» баланың 
өзіне сенімділігін арттыру (O’Hara, 2010). Тейлор алғашында сыныпты 
басқаруға мектептерді бейімдеу үшін кәдімгі мінез-құлықтар тізімін 
(12.1-қосымша) жасап шықты (DfE, 2011b). 
Коммерция мен бизнес әлемі балалардың мінез-құлқын қалыптас
-
тырудың экономикалық әлеуеті барын айтады. Біріккен Корольдік ба
-
лалары теледидардан жыл сайын орташа есеппен 10 000 жарнама кө
-
реді. Мұның балалардың мінез-құлқына әсерін бағамдау қиын болса да, 
көпшілік жарнаманы мұншалықты көп көру мінез бен әдетті көшіріп 
алуды, басқалардың қимылын қайталауды үйретеді және ақырындап 


Мінез-құлықты басқару 
490


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет