Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы № бұйрығына 1-қосымша


Базалық деңгей бойынша күтілетін нәтижелер



бет35/101
Дата26.09.2023
өлшемі0,55 Mb.
#182478
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101
Байланысты:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org

Базалық деңгей бойынша күтілетін нәтижелер:
  1. Қазақша тікелей ақпарат алмасуды талап ететін күнделікті жеңіл тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу;


  2. Қысқа әңгімелерде бірнеше репликаларды қазақша айтып , тіл қатыса алу;


  3. Өмірінің негізгі аясында жиі кездесетін жекелеген сөйлемдер мен тұрақты айтылымдарды түсіну;


  4. Өзінің тікелей қажеттіліктеріне байланысты қазақша қысқа және қарапайым жазбалар, хаттар жаза алу;


  5. Өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу.




III В1 ДЕҢГЕЙІНДЕ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
І. Коммуникативті-сөйлеу құзыреттілігіннің мазмұны
1.1. Сөйлеу интенциялары
Орта деңгейде білім алушы сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға ұмтылады, бағалау-эмоциялық және коммуникативтік-ақпараттық, ақпараттық сипаттамалық ниеттеріне қатысты жағдаяттар мен тақырыптар көлемінде коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Осы мақсат үшін орта деңгейге арналған ресми және кәсіби салалардағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді (қарапайым және базалық деңгейдің материалдарын қоса есептегенде) толыққанды пайдаланады.
Қарапайым, базалық деңгей стандартында қамтылған сөйлеу актілері интенцияларының мазмұны орта деңгейдің мазмұны мен сипаттамасына қарай біршама толықтырылады.
Сұхбаттасушымен сөйлеу актісіне қатысып, ақпарат алмасуға бағытталған ниеттер (интенциялар):

  • коммуникацияға түсу (оқу орнында, қоғамдық орындарда);


  • сұхбаттарды жүргізу әдебі, сұхбатты бастау, жалғастыру, аяқтау;


  • әлеуметтік желіде ақпарат беру/алу, электронды хат жазу, кәсіби-іскери дағдыларын дамыту;


  • сөйлеу әдебі формалалары: сәлемдесу және қоштасу түрлері


  • танысу (ресми және бейресми өзін таныстыру, басқа адамды таныстыру); кешірім сұрау; тілек айту; алғыс білдіру; белгілі бір жағдаятқа сәйкес эмоциясын білдіру.


Сұхбаттасушыға коммуникативтік ықпал жасауға бағытталған реттеуші ниеттер:


  • әртүрлі жағдаяттардағы іс-әрекетті жүзеге асыруға өтініш білдіру;


  • құттықтау, алғыс білдіру және шақыру түрлері (ресми, бейресми);


  • әртүрлі жағдаяттардағы әрекеттерді жүзеге асыруға түрткі болу, қозғау салу формалары;


  • келісу/келіспеу, мақұлдау/мақұлдамау, сенімсіздік білдіру формалары;


  • ресми және кәсіби салаларға қатысты жағдаяттарда кеңес беру, ұсыныс айту, талап ету, бұйрық беру формалары;


  • тілек, ниет, қалау түрлері.


Бағалау-эмоциялық ниеттер (іс-қимыл, оқиға, зат, адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі):


  • адамға, затқа, дерекке, оқиғаға пікір білдіру, қатысым жағдаяты мен сөйлеу әдебіне сәйкес бағалау;


  • іс-қимылдың, оқиғаның немесе заттың артықшылығын/кемшілігін көрсету, жағымды/жағымсыз әрекетке баға беру;


  • оқылған, тыңдалған, көрген ақпаратқа қызығушылық таныту;


  • болжам жасау, оны растау немесе жоққа шығару;


  • эмоциялық куй-қалыпты жеткізу (қуану, таң қалу,өкіну, ренжу, ниет білдіру, кінәлау және т.б.).


Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық-сипаттамалық ниеттер:


  • сөйлеу мақсатына сай қажетті ақпараттарды табу, іріктеу, саралау;


  • қажетті білік-дағдылар (өзі білетін ақпараттар мен мәліметтер бойынша пікір алмасу, пікір білдіру, қорытынды жасау, баяндау, мазмұнын айту, түсіндіру, дәлелдеу; іс-әрекеттің орны мен мезгілін, себебін, мақсатын нақтылау).


Тіл үйренушінің білуі тиіс сөйлеу әдебі:


  • танысу кезіндегі қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • кездескенде, қоштасқанда, қаратпаларда қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • алғыс айту, кешірім сұрау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • өтініш айтқанда қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • кеңес беру кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • шақыру кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • құттықтау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі;


  • қарсылық білдіру әдебі;


  • өзіне көңіл аударту немесе айтылған тілекке реакция жасауда қолданылатын сөйлеу әдебі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет