Түсінік хат
"Дене шынықтыру" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылдың 16 қыркүйек №399 бұйрығы
1-4-сыныптарда білім алушылар «салауатты өмір салты» ұғымын білуі, «жаман әдеттердің» не екенін түсінуі, өздерінің физикалық қасиеттерін анықтай білуі керек.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру жәнеспорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру;білім алушылардың төзімділікке,ширақтыққа,күштілікке,ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту;Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.
2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты құрайды.
2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
5-9-сыныптарда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындауы (жалпы дамыту жаттығуларының әртүрлі жиынтықтарын құрастыру, дене шынықтыруға арналған жаттығуларды таңдау), спорттық ойындарда, жарыс әрекеттерінде пайдалану үшін креативті ойлауды дамыту, сонымен қатар бос уақытын ұйымдастыра білуі керек.
Оқу бағдарламасында денешынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атапайтқанда, әр түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты пайдалану,оны тиісті нысан данақты ұсыну қабілеті;ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту;адамгершілік-жігер,моральдық-ерікқасиеттерінқалыптастыруқарастырылған.
2023-2024 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
6-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
7-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
8-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
9-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды
10-11-сыныптарда оқушылардың оқу жүктемесі мен демалысын жоспарлай білуі, денені дамыту жаттығуларын таңдау, дене жаттығуларының техникасын талдау, алған білімдерін өз бетінше оқуға қолдана білу керек.
10-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
11-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Дене шынықтыру» білім саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене сапасын дамытуға және ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған; қозғалыс мәдениетін қалыптастыру, жалпы дамытушылық және түзету бағытындағы дене жаттығуларымен қозғалыс тәжірибесін байыту; дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеттерінде дағдылар мен біліктілікке үйрету, дене шынықтыру жаттығуларын өз бетінше ұйымдастыруға негізделген.
Дене шынықтыру сабағы кезіндегі білім алушылардың алдына қойылған міндеттердің қиындығын біртіндеп арттыру қозғалыс тұрғысынан да, қабылдау тұрғысынан да сақталуы керек.
Дене шынықтыру сабағының тиімділігі сабақты өткізу әдістемесімен ғана емес, сонымен қатар бірқатар ұйымдастырушылық шарттармен де анықталады:
- қолда бар жабдықтарды ұтымды пайдалану;
- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
- сабақты өткізу орнының ерекшелігін есепке алу (спорт залы немесе мектеп жанындағы спорт алаңы, стадион немесе саябақ, тегіс немесе тегіс емес жер);
- сыртқы ортаның сипаты және т. б.
1-4-сыныптарда білім алушылар «салауатты өмір салты» ұғымын білуі, «жаман әдеттердің» не екенін түсінуі, өздерінің физикалық қасиеттерін анықтай білуі керек. 5-9-сыныптарда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындауы (жалпы дамыту жаттығуларының әртүрлі жиынтықтарын құрастыру, дене шынықтыруға арналған жаттығуларды таңдау), спорттық ойындарда, жарыс әрекеттерінде пайдалану үшін креативті ойлауды дамыту, сонымен қатар бос уақытын ұйымдастыра білуі керек. 10-11-сыныптарда оқушылардың оқу жүктемесі мен демалысын жоспарлай білуі, денені дамыту жаттығуларын таңдау, дене жаттығуларының техникасын талдау, алған білімдерін өз бетінше оқуға қолдана білу керек. Сабақтарда дене тұрқының дамуына әсер ететін қозғалыс сапаларын ғана емес, шығармашылық қабілеттерді де дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің 5-9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы аясында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» оқу курсының мазмұны жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережелері бойынша негізгі тақырыптармен қатар мыналарды оқып-үйрену ұсынылады:
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында, орманда және тұрғын кварталдарда жүріс-тұрыс ережелері;
- зиянды әдеттердің алдын алу;
- шамадан тыс шаршау:
себептері және алдын-алу;
- дұрыс тамақтану;
- шұғыл жағдайларда алғашқы көмек.
Достарыңызбен бөлісу: |