Бағдарламасы «бастау бизнес»


-МОДУЛЬ. КІРІСПЕ. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет6/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия
andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy, andabaeva gk ksiporyn ekonomikasy, мінездеме

1-МОДУЛЬ. КІРІСПЕ. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ





    1. Кәсіпкерлікке кіріспе. Өз ісіңді қалай бастау керек?

    2. Кәсіпкер психологиясының негіздері

    3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің психологиясы

    4. Мақсат қою және бизнестегі белсенділік



    1. КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ. ӨЗ ІСІҢДІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?




Жеке ісіңізді бастамас бұрын, есіңізде бол- сын, кәсіпкерлік дегеніміз – мамандық, және де кез келген мамандық сияқты оны күн сайын игеру қажет. Өз ісінің шебері болу үшін көп күш салуыңызға тура келеді. Ең бастысы, қол жеткіз- ген жеріңізде тұрып қалмай, алға қарай жылжи беріңіз!
Сіз кәсіпкер ретінде бизнесіңіздің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табыласыз,
себебі ісіңіздің басқарылуына және жетістікке жетуіне жауап бересіз. Қызмет- керлеріңіз бен компанияңыздың қызметіндегі нәтижелер үшін жауапкершілік алатыныңызды есте сақтаңыз.
Жеке істі бастау идеясының өзі сіздің өміріңізді, сол сияқты айналаңыздағы- лардың өмірін де айтарлықтай өзгертуге қабілетті аса маңызды шешіміңіз болып табылады. Аталмыш процесс қиын әрі негізгі уақыттан тыс жұмыс жасауға алып келсе де, тәжірибеңізді байытады.
Жеке ісіңіздің жетістігі тұлғалық мінездемеңізге, жағдайға және дағдыларға байланысты болады. Бойыңызда кәсіпкерлік қабілет пен дағдылар қаншалықты көп болса, істің жетістікке жету ықтималдығы соншалықты арта түседі. Қабілет мен дағдылар ерекшеліктері айналысатын қызмет түріне қарай ерекшеленеді.
Сіз тұлға ретінде белгілі бір қабілет пен дағдыларға иесіз. Егер белгілі бір дағ- дылар жетіспейтін болса, онда оларды машықтану немесе сабақ алу арқылы үйре- нуіңізге болады. Сонымен қатар жеке ісіңізге қажет дағдыларды сондай қабілеті бар адамдарды жалдау арқылы алуыңызға болады.
Әрі қарай жылжып, кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырына кіріспей тұрып, кәсіп- керлікпен айналысу үшін қандай қабілет пен дағдыларыңыз бар екенін талдай кетейік. Оған сізге психологиялық тестілер (жұмыс дәптеріндегі «Кәсіпкерлік қа- білетті анықтау деңгейі» тестісінен өтіңіз) жәрдем береді.
Тәжірибе көрсеткендей, дәл осы тестілеу мынадай сауалдарға жауап беруге мүмкіндік береді:

  • Мен перспективалы бастаулардың бастамашысы болып, өз қызметкерлерімді соңымнан ертуге қабілеттімін бе?

  • «Кәсіпкерлік қабілетім» қандай деңгейде?

      • Ақша ұстай аламын ба? «Ақша жасай» аламын ба?

      • Идеяларымды қандай жолмен жүзеге асырамын?

      • Табысты кәсіпкерге қандай қабілет қажет? Және тағы басқа.

Сонымен бизнесті неден бастаймыз? Бизнесті бастау үшін, ең алдымен, барлық қорқыныш пен үрейді алып тастау керек! Алдыңызға нақты мақсат қойып, соған әрекет етіңіз! Кәсіпкер болу өте тиімді, себебі сіз тәуелсіз боласыз және өз ар- мандарыңыз бен қажеттіліктеріңізді жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер ашылады. Сіздің бастапқы мүмкіндіктеріңізге сай жүзеге асырылып жатқан бизнестің дайын идеясын алып, болашақ бәсекелестердің кемшіліктерін анықтап, нарықты талдап, маркетингілік зерттеулер жүргізіңіз.
Жеке бизнесті бастауда кәсіпкер мынадай негізгі ережелерді білуі тиіс:

      • Ақшаны емес, болашақ ісіңізді ойлаңыз. Жақсы ойластырылған бизнес сізге міндетті түрде табыс әкеледі;

      • Табысқа жету үшін мақсат қойыңыз және қиыншылықтарды жеңе біліңіз. Бар- лық қиындықтар – уақытша құбылыс!

      • Табысты идеяны ойлап табыңыз және оны жүзеге асырыңыз!

      • Мақсат қойып, әрекет етсеңіз, барлық мүмкіндіктер ашылады!

      • Кәсіпкерлік адамнан толық күш-жігерді және жоғары мақсаттарға мән бе- руді талап етеді. Осыған байланысты өз арманы мен мақсаттарыңыздың аражігін ажырата біліп, қайсысын орындап, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін білу қажет.

Кез келген адам бизнесті бастамас бұрын, ең алдымен, немен айналысу қажет- тігін анықтап алуы қажет.
Әдетте, ол адамның кәсібіне байланысты. Алдымен, кәсібі жоқ адамдарға қиын, бірақ осы санаттан да кәсіпкерлер аз емес.
Егер таңдау жасалса, оңай болады, бірақ әлбетте, бастапқы капиталды қай- дан алуға болады деген сұрақ туындайды. Басты мәселе оны қайдан алу емес, оны қажет мөлшерде уақытылы қайтара алуға деген сенімділігі. Осы сұрақта екі психологиялық мәселе тұр, ол – жауапкершілік пен тәуекелге баруға дайын болу. Егер осыған дайын болсаңыз, онда кәсіпкерлікті меңгеруде тағы бір қадам жасаға- ныңыз, болмаса, осы сәттен бастап кәсіпкерлікпен қоштасқаныңыз дұрыс.
Ең күрделісі – өз клиентін табу және өзіңізге тиімді бағамен тауарды сату мүм- кіндігі.
Бұл мүмкіндікті әрқашан қолдану қажет, осыған дағдыланса, сізге таңдау жа- сауға болады – өз қызметін жалғастыру қажет пе, әлде басқа жоғары деңгейге өту қажет пе? Егер сізде ынта (мотивация) болса, өзіңізге сенімді болсаңыз және кәсіп- керлер қатарынан табылуға дайын болсаңыз, онда өз бизнесіңіздің техника-эко- номикалық негіздемесін құруға дайындалыңыз. Бұл негіздеме болашақ кәсіпкер- лік қызметті жан-жақты қарап, табыс жолында кездесетін қиындықтарды түсінуге көмектеседі.
Бизнестің техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін кәсіпкерліктің басты құжаты – бизнес-идеяларды, маркетинг жоспарын, қаржылық жоспарлауды және қызметкерлерді жоспарлаудан тұратын бизнес-жоспар құру қажет. Сонымен қатар толыққанды жұмыс істеу үшін меншікті қаражат пен жинақтаулар, отбасы мен туысқандар көмегі, несие, лизинг, гранттардан тұратын бастапқы капиталды іздестіру қажет.
Барлық осы процесс бизнесті дұрыс бастау үшін кезектесіп келетін әрекеттер- ден тұрады:

  1. Өз күші мен мүмкіндіктерін талдау;

  2. Бизнес-идеяны қалыптастыру;

  3. Болашақ бизнестің жоспарын құру;

  4. Өз бизнесін құру туралы шешім қабылдау;

  5. Меншік түрін таңдау;

  6. Заңды тіркелу.

Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, та- уарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүр- гізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіп- керлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкер – өз ісін құрып, тәуекел етуге және эксперимент жасауға дайын, өз өмірін өзгерткісі келетін және көп әрі қажырлы еңбек ететін адам.
Кәсіпкер деп

        • кем дегенде бірнеше коммерциялық операцияны жүзеге асыруда табысқа жеткен;

        • өз ісінің орындалуына жеке өзі қатысатын;

        • өз ісінің нәтижесіне материалдық жауапкершілікті мойнына алатын;

        • істің даму бағытын таңдау кезінде шешім қабылдау құқығына ие болатын;

        • өз ісінен алынатын пайданы бөлу құқығы бар адамды айтамыз.

Осы нышандардың болуы кәсіпкерлік мәртебесіне қатыстылығы үшін қажет, бірақ өздеріңіз білетіндей, кепілді түрде табысқа ие болу жеткіліксіз.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет