Бағдарламасы бойынша басылып шығарылды «Торғай кітапханасы»


Нұрхан аяқ қолдан, тілден



бет18/19
Дата11.01.2017
өлшемі4,14 Mb.
#6804
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Нұрхан аяқ қолдан, тілден

айырылып жатқанда

Шипалы болсын сырқауың,

Қазақтың ұлы Нұрханы,

Иса айтқан «топ жарған»,

Қиырдан қиып жол салған,

Ұлы шаңның тұлпары,

Аспанмен ұшқан қалықтай,

Аралас бұлтпен шарықтай,

Ұлы шаңның тұлпары.

Саған түскен салмақты

Үлесіп халқың алмақшы,

Ой, гөзелім тұр кәне.


Қолды жайып әмин деп,

Көтереміз білек,

Шипасын бер деп еліңнің,

Тулай соғып жүрек,

Келсе қолдан егерде,

Тастар еді қардай күреп.


Нұрхан қайтқанда қабір басында

Тірі тұрған Нұрханның мынау елі,

Мәңгі есінде ұмытпайды, сақтайды сені,

Ортамыздан кеттің бе ол дүниеге,

Жыр дүлейі, елімнің асқар белі.
Шабыста шалдырмайтын ел дүлдүлі,

Ерекше ерке туған сен бұлбұлы,

Мейірімсіз мекеніңе аттандың ба,

Жез таңдай, қызыл тілге кен бұлбұлы.


Торғайдың топтан озған тұлпары едің,

Киелі өлең-жырдың бұрқаны едің ,

Соиеттің салтанатты сарайында,

Сайраған сен сандуғаш Нұрхан едің.


Келіп тұр қоштасқалы мынау халқың,

Өлместей ат аталып, қалды даңқың,

Енді сен бізбен келіп тілдеспейсің,

Қайырлы ұрпағыңа болсын артың.


елінің ұл қызына өсиет етіп

жемісті жеңсік астай жырын төкен

жас ақын сендердің зор келешегің

борышқор тәтті жырға берешегің

қалаулы халық ішінде ақындардың

күн болды бүгін қадам теңесетін

әйгілі болып аталып ақындығың

үміткер күтіп отыр болып халқым

елеулеп ел құлағым тікеннінде

беріңдер сондай соған сөздей алтын

жырлаңдар елдің еткен еңбек жырын

айшықтап әшекейлеп сөздің түрін

торғайдың тарабыннан ақындар көп

айтыста болмағандар мұнан бұрын

түскенше топқа қызып ынтығып тұр

асаудай арда өскен бұлқынып тұр

жеңемін бұл айтыста жеңемін деп

суылығын қаршылдатып жұлқынып тұр

ел көрсін жүйріктердің шабыстарын

белдесіп бауландардың алысқанын

елітіп ел мейірін қанып қалсын

еңбек пен ерде қандай табыс барын

жарыста той томалақ келіп жүрген

ел көрсін сол ақының тыңдап бүгін

орғыған ақ бөкендей желіп жүрген

Ғаббастың жырағырақ қадамы бар

тұлғалы жырға құмар қаламы бар

тастүлек алығыр көзді ұшқыр қыран

жеткіншек жеделдердің талабы бар

тұрғынбек және серік кеңшілікті

сөзінде көрмей жүрміз кемшілікті

түсуге көп алдында осы айтысқа

шақырып оларды да келтіріпті

ақының бірі мықты Әбдіхалық

мұның да атағына халқы қанық

қазірігі ән мен жырды қабат айтып

құбылтып жырлайды ол топты жарып

жас ақындар жалындаған жаңа тілек

бірінен бірі асып тұрған үдеп

айтайын қай бірінің атын атап

құрышқол ақындар бар болат тілек

көрсін ел ақындардың құдыретін

қадамы қанша жерге жүгіретін

Альберт жас ала қашып арындап тұр

көрінбейді ұлы шаңда мүдіргері

ал енді ағызыңдар тілдің майын

туғызып жұлдыз күн мен айын

табысты тасқындаған елестетіп

естісін ер еңбегін елдің жайын

бас қосақан осы ақының мен ағасы

қазіргі жанды архив кен ағасы

осындай төбе ақын деп атап отыр

бірдей деп бәріне де тең ағасы

тірлікте де бітпеген уақытымда

алдында мен тұрған бел ағасы

әндетіп домбыра мен соза бермей

керек бер енді тоқтап сен ағасы.


Нұрхан ұлы Мәлікзадаға

Еңбекшіжұртым ел халқым

Елеулі еткен ел салтын

Тұрғасында сақтаған

Қағидалы ел қалпын

Қуаныш келсе қуанған

Шаттыққа жүзін суарған

Ауырлық келсе адамға

Бүгіліп белі бұралған

Тағдырлы жұмыс кез болса

Ақылмен шешіп жұбанған

Айрлып тұрмыз біз қазір,

Шыңға біткен шыардан

Жан - жақты туған жан еді

Шын асылдан құралған

Шеткері шықпас жан еді

Ақындық атақ ұраннан.

Шалқар қазір шалшық боп

Болғандай болып тұр саулған

Ойлаған жерге жете алмай,

Қамалып қайда кете алмай

Еркі кетіп елің тұр.

Мең-зоң болып мүұнардан.

Қайғырып, халқың қамығып

Қаралы туды жамылып

Саулыңа тірлікте

Тіледі тілек шағынып

Мезгілсіз келген ажалға

Ете алмай айла тарығып

Өксімеген адам жоқ

Көзінің жасын ағызып,

Ағайын жұртың жүдеп тұр,

Еңсесі түсіп жабығып

Болмады қабыл тілектер

Таусылса айтқан зарғып

Құтылған емес ешбір жан

Рахымсыз ажал келгенде

Аламын деп шабынып

Топжарғаннан туып еді

Атаның жолын қуып еді

Мирасқорлыққа ой бөліп

Белсене белін буып еді

Он бір жасқа толғанда

Астанаға барғанды

Келешек күннің келісті

Атанды алытн ардағы

Сол Мәлікті ортадан

Өмірін қиып қолқадан

Айырып бізден әкетті

Ажалдың айыр қарамағы

Он сегіз мың ғаламның

Жаралған барлық адамның

Қара жер - ана қойнына

Жалғансыз анық бармағы

Домбыра алса қолына

Бармақтан балын тамызған

Қалам алып сермесе

Жыр бұлағын ағызған

Жетелі қылыш семсердей

Жаралған жан еді нағыздан

Айбынды айтыс келгенде

Қарсыласып қағысқан

Өмірінде өзінің

Өткізді талай жарысты

Ән менен күйге асқындық

Үдете түсті шабысты

Ие болып жүлдеге

Бермеді қолдан намысты

Абырой -атақ Торғайға

Келтіред сөзбен табысты

Кәмелетке толғанда

Ақыл қамал болғанда

Жазылмаған жаман дерт

Тағдыр болып жабысты

Адалдық ақтық жүректен

Ендігі сөззі халқының

Топырағы, торқа боп

Қайырын берсін артыңның



Атасы мен анасы өсірген баласы

Жан болып туған соң

Ата -ан өсірді

Бөбегін атады

Сүйікті есімді

Олардың жандары

Бала үшін парманы

Тілейді, сұрайды

Сау бол деп зарлана

Өңінен өзгермей

Ерте -кеш тілегі

Емірене елжіреп

Ата - ана жүрегі

Бұлжымай бұл беттен

Әрқашан қалыпта

Айтпаса да ол айқын

Жер шары халыққа

Ақылды мінезі

Ендігі арманы

Шарықтап алқыды

Ой ұшы самғады

Шықтыма ойынан

Деме еткен баласы

Әлпештеп өсірген

Көзінің ақ - қарасы

Балаға бір күні

Әке ұрсын жекірді

Айналып артынша

Ұзамай кешірді

Ұмытты ата -ана

Кек тұтты баласы

Әдеттен бұрынғы

Салқын көз қарасы

Жақындық жағдай ды

Аздырды жүдетті

Осылайша жүргенде

Жаз өтіп күз келді

Береке батырып

Болмады тым онда

Жігерлі жетілген

Бұқтырар үй ішін

Айбарлы айбаты

Кемпір шал өлмеді

Бағуға сор болды

Құтылмай масыладан

Жігітте қор болды

Батырдың ащу

Бір сәтсіз келгендей

Ақылын сабаздың

Дулылық жеңгендей

Ата мен анаға

Қаһарымен ақырды

Жеңіске ие боп

Тойтарды жапырды

Қанағат етпеді

Бұл еткен ісіне

Өзі ырза болғандай

Зор алып ісіне

Қас жауға шапқандай

Қарасаң түсіне

Таяқпен ұрыпты ау

Таңбаны түсіре

Аузынан шықан сөз

Сандалма оттама

Аузынан шығар сөз

Тәйт пен жоқ қана

Балам бар деп ондай,

Атама ата-ана

Бүгінде қыршын жас,

Табысқа күнде мас

Ата-ана оған керек пе?

Жігітім ойла ұятты,

Істерің жөнсіз сияқты,

Табысыңа мақтанба,

Күпілдеме бекерге,

Әділет, шапқат, инабат,

Талаптан соған жетерге,

Сөзің болса құр ыржаң,

Тұрақсыз ісің жүр бұлғаң.

Ауызбен айтып,

Істеуден қайтып,

Кеуде керіп мақтанба,

Құр айғай, көкірек,

Өзіңді алдап шаттанба.

Істелген ісің бір күнгі

Қарауға болсын үлгілі.


Нағашысы Фазылханға

(өте аласа адам)

Кең кеуде, алып тұлға, ұзын бойлы,

Тұңғиық көз жеткісіз ақыл ойлы,

Шой желке, дүлей қабақ жазық маңдай,

Көзедей көзге түскен жұмыр мойны.
Секілді сойған қасқыр жықпыл шеке,

Сақал-мұрт орналасқан жалпақ, жеке,

Сүмбідей сүйегінде бір міні жоқ,

Ұқсаған қарауылдағы бөкен теке.


Көзінің қанды шашып қарасынан,

Қарасаң зәрең ұшар аласынан,

Атты адам шауып өтіп кететіндей,

Ай қабақ екі көздің арасынан.


Кісіден кездеспейтін шоңғал мұрын,

Баяндап тілің жетпес біткен нұрын,

Біткенін бір адамға орналасып,

Кім көрген қияпатты мұндай бұрын.



Төлеуханның Совхозбегі қайтқанда

Аттанған түп мекенге

Көңілдің бұзғандай болып қорған шебін,

Татқызып аз ғана күн шырын дәмін,

Керек деп бұлсыз беріп, алды тегін.

Түсірген көкірекке ауыр жара,

Шипасын, күш иесі берсін емін.

Аяулы, аяулы деп үлкен-кіші,

Көз жасқа бұлады ғой аққан селін,

Адамға қандай ауыр жүк болса да,

Жырылып, жартылмайды бүтін терің

Жан болса дүниеге жаралғанға,

Белгісіз ерте-кеште бар ғой өлім.
Ауырып келдік ауданға

Ауырып келдік ауданға,

Үй ішінде аз қалып сау,

Жәрдем талап еткенде,

Емшіге тиді үлкен дау.
Қайта әкелдім ертеңге,

Ауырып, қатын-балам да,

Сырқат болған жандардың,

Жақсы емес күні жарамды,

Көшені зыр жүгіріп,

Болдырып табан суырып,

Өлдім-талдым дегенде,

Балниске алып қарайды,

Егер ауру болмаса,

Қаратпақ түгіл дәрігерге,

Көрсетпес едім қарамды.

Төтелеп ажал келгенде,

Кісінің жетпес көмегі,

Ешқандай айла таба алмас,

Білімге дәрігер тереңі,

Бейнеттің бетін қайтарар,

Ондайда себеп керегі.

Дәрігерге адам келеді-ау,

Ауырған жағдай, әлекпен,

Аулақ болса артық па?

Жұғымсыз, жөнсіз әдеттен.
Омыртқасы өскен қарындасқа

Шырағым, ыңыршақты қарындасым,

Тынысың ашу кернеп тарылмасын,

Керек деп мұнда бір күн жатқызбайды,

Білемін, жібереді жазылған соң,

Хал-жөнін, ахуалын сұрап тұрмын,

Сәбиі емшектегі сағынған соң.

Болатбек сегіз айлық үйде жылап,

Сондықтан қарындасым тұрмын сұрап,

Емшектегі оны бағу ауыр соғып,

Қайтейін, бар ма амалым, жүрмін шыдап.

Қарындас, ашулансаң, қорықтым, қойдым,

Қатігез, жарасымды емес бірақ.

Тырсылдап, тымырайып тыңқылдамай,

Күдері жұмсақтыққа келеді шырақ.
Түсінбес қандай жансың, деп сөгесің,

Қолыңнан келсе егер қайта құрап.

Кездестірсең осы күні ұл мен қыздан,

Білімге болдым деген қайнар бұлақ.


Советтен салтанатты тәрбие алып,

Бойына сыйғыза алмай адамсымақ.

Терең ой, текті қиял көрінбейді,

Кісімсіп кімге кие белді қынап.


Білекке бір сағатты байлап алып,

Бұранды шықырлатып әлсін бұрап,

Сөзінің, не ісінің тұрағы жоқ,

Жүгірген кесе ішінде ұқсап сынап.


Сомтемірдің Ғалымына
Жүрсің бе сау сәлемет Ғалым жігіт,

Сөйлесе сөзі отты, жалын жігіт,

Әкеңе дүңкілдеген даусың ұқсас,

Қалған екен сол ғана сарын жігіт.


Кешқұрым екеуіміз кездескенде,

Ағыздың арақ-шалап бәрін жігіт,

Қаңғып кеп ауызыңа қайдан түсті,

Келместі орындауға әлің жігіт.


Сен маған ауыр сөзге барсаң дағы,

Ақ шабдар есептеймін қанық жігіт.

Әрқашан ризық, міндет жаратқанда,

Сенімің болар оған кәміл жігіт.

Жабысып айрылмайды деп ойлама,

Ол жайым өзіңе де мәлім жігіт.

Әкеңнің әкесін де көзім көрген,

Деуге аузым бармайды сені залым жігіт.


Игілік Абдуллинге

(деректірге)
Игілік сынып жатқан мен бір шалмын,

Жоқ жерде мүгедек боп қалған жанмын,

Тап беріп тар кезеңде ұстап алды,

Ортасына аунатып бейнет шаңның.

Ойда-жоқта опыр-топыр орнап қалып,

Айта алмай еш нәрсені қалдым даң-дұң.

Белгісіз бейнет шіркін ұстап алды,

Бүркіттей басып қалған сыртын аңның

Үйіме жеткізуге жағдай қара,

Еске алып арызын Ахметханның.




Гүлшираға
Гүлшира, главврач қарындасқа,

Бейнетті адам тілеп сағынбасқа,

Көмекке сіздер еткен алғыс айтам,

Жаңадан кездесуге жазым басқа.


Біреуге тауқыметің түскенне соң,

Шараң жоқ семьяңды сағынбасқа,

Ауылға жеткізудің мүмкіндігі,

Сіздерден ондай жағдай табылмас па?


Еңбек бар да, ақша жоқ
Төрт ай өтті құрғақ еңбек,

Қолға тиген ақша жоқ,

Қағылды қалта, әмиян,

Тиыннан түгел ақта боп.


Хат арқылы мұны жазсақ,

Редакция, газетке,

Ұят болып жүрер ме екен,

Қазақшылық әдетке.

Еңбек ет те алма деген,

Жоқ шығар заң советте.


Әкелеміз банкіден деп,

Бұғалтыр, кассир шабуда,

Ақша тимей аңтарылып,

Жұмыскерлер қажуда.


Әлсін-әлсін оқталады,

Ауданға арыз жазуға,

Бола берсе осылай қалып,

Күнде ертеңге жүрсек нанып,

Жағдайда тұр азуға.
Елу тоғыз, алпысыңның,

Және алпыс бір жылдары,

Істеп жатыр ерте-кеште,

Еңбекші қыз-ұлдары.

Демалыстан еш хабар жоқ,

Ол суалып құрғаны.


Қыста қарды,

Жазда желді,

Жұтып тамақ болар ма,

Ауаменен қорек етіп,

Жағдай сірә, оңар ма?
Арапша танымаймын, бір балаға

жаздырып беріңіз дейді
Сыпайы сызатын, жазатын бала таппадым,

Болса да ауыр оқуға өзім болды тапқаным.

Егделеген ағаңның порым әріп шотбағын.

Жас алпысқа келгенше ешкімге жала жаппадым.


Халық біледі жәйімді, Ешкімді тілмен шақпадым,

Түсіруге біреуді, құрылған емес қақпаным.

Келгеніңе жыл толды, кімнің қалай екенін,

Боларсың білген ақпарын.

Көтермеймін бірақ та, төзе алмаймын шыдап та,

Кісімсіген батпаның.


Жазықты тілім
Біткенің неге маған сорға тілім,

Болмадың майда жұмсақ, жорға тілім,

Жылпылдап, жылмаң қағып жағымпазсып,

Өтпейсің ел ішінде зорға тілім.


Не пайда айтқырлықтан таптың тілім,

Дей алман ащы тілмен шақтың тілім,

Қаралап қағаз жазып не куә болып,

Дей алман жанға жала жаптың тілім.

Ауылда құлқын құмар болғандарға,

Айта алман еш уақытта жақтың тілім.


Қылыштай қынаптағы өткір тілім,

Алмастай шыны тілер кескір тілім,

Жөн екен мына сөзің деген бар ма,

Ендігі қойған жерде тек тұр тілім.


Бір құрдасыма
Жаратқан сені құдай құрдас етіп,

Несіне туғызды екен жолдас етіп,

Жылдық па, тоқсандық па, адам кем болып,

Сондықтан есепке алған бір бас етіп.


Жалқау мен еңбек

ртерек тұрып бір күні,

Тысқа шығып жалқау,

Ерініп аяқ басуға,

Жүріп келеді салқау.
Көріп қалып еңбекті,

Уа, кімсің, бері кел депті.

Сонда айтыпты еңбек,

Шақырасың кел деп,


Уақытым жоқ баруға,

Жұмысымды жатырмын жөндеп,

Жолымнан шақырма,

Бекерге уақыт алдырма.


Оу, тілдесейік шырақ,

Менде көп сан сұрақ,

Айтқанға толық жауап бер,

Ашуланба бірақ.


Білмейтін кісің мен емес,

Ешкімнен тіпті кем емес,

Дұрыстап тілдесейік,

Түсінісіп, бірлесейік.


Көніңіз айтқан ақылға,

Бұрын да сізді көріп ем.

Үлкен деп сәлем беріп ем,

Мұндай емес ол кезде,


Шіреніп басар керік ең,

Кежегең кейін тартып,

Аузыңа түскенді тантып,

Қолыңды бір сілтеп кетіп ең.


Танымадым расы,

Адам сиқың кетіпті,

Кері тартқан жалқаулық,

Түбіңе тонап жетіпті.


Алдамшы өмір
Өтіп жатқан белгісі жоқ өмірдің,

Жайнап ұшқан күлі құсап көмірдің,

Желді күнгі толқындағы қайықтай,

Тұрақтайтын мекені бар ма көңілдің...


Белгісі жоқ өткен күннің бірі де,

Өтіп жатыр талай уақыт тіріде,

Келсе аларман жағдайыңа қарамас,

Тұра тұршы дегеніңе кідіре.


Сонда алысқа қош айтысып кетпексің,

Ойнап, күліп, сөз сөйлеуден өшпексің.

Жанашырдың көз жасына қарамай,

Жетегіне оның жүрмей не етпексің?


Қайнекей ауырып қалғанда

Айнымас ағаң әр кез тілегіңде,

Саялы сақтаулысың жүрегімде.

Әрқашан амандықта болып әркез,

Сәламат саулықтың бол тірегінде.

Шығанда шегі болмас адамда аррман,

Берер деп үміткерміз тілекті алдан,

Жаратқан жазылуға себепкер боп,

Шаттықта кездесуге етсін дәрмен.

Теңізге көз жеткісіз тілекті айдын,

Телміріп тесе қарап қызыл жардан,

Көңілдің көлеңкесі айнадағы,

Жерім жоқ жетімсіз жол алып қалған.

Қараман Әбіқаев әскерге алынғанда жазған хаты
Сәлем айтып хат жаздым көкем саған,

Кездесуге пұрсат жоқ уақыттарың,

Он тоғыздан бір ата, бір анадан,

Алды- артында мен ғана жалғыз қараң.


Амандықпен әрқашан жолығайық,

Жел жақтағы арқамда асқар панам,

Кешіріңіз кемістік ісім болса,

Дақ түсірген көңіліңе болса жарам.


Өзім үшін келгем жоқ бұл дүниеге,

Отанымды қорғауға кетіп барам,

Көппен көрген ұлы той қандай қызық,

Уайым етпеіңіз ешбір алаң.


Қараманның хатын алғанда
Хабар алдым хат жазған қалқам сенен,

Өтінесің ғафулық жаным менен,

Қанат құйрық көзімнің қарашығы,

Бұзды асқар тау көңілді көкем деген.


Еш уақытта көңіліме сақтамаймын,

Анау-мынау еркелік болса деген,

Абыройлы әрқашан амандықта,

Сәламат саулықта мүше-денең.


Аманат жан ұяда аман болса,

Тәрбие қалып келердей оған сенем.

Екі жүзді қылышым нар кескендей,

Қайтпайтұғын қалқашым асыл, терең.


Ақ сүтімен анасы баққандай-ақ,

Ширатылып шынығар қыран денең.

Жаратылыс жағдайың бар болатын,

Еш нәрседен қорықпайтын етіп елең.


Алып қалмай алаңсыз тілекті айтып,

Құтты болсын айтуға енді келем.

Құтты болсын армия сапрыңыз

Бақытты бол бәріңде қатарыңыз

Еңбекші ел геройы атаныңыз.
Елуге
Дәл биыл келіп тұрмын елу жасқа,

Таппадым татыма бар өнер басқа,

Таңдамай таңдайыңа татып дәмін,

Тигендей тоқырадың тағаң басқа.


Жастықтың топырлаған дәулетінде,

Өзекті бола алмапты сенде баста.

Ермектік келсе қолдан бірер ауыз,

Кейінгі балаларға жазып таста.


Қызықты ел ішінде елеулідей,

Ән салдың домбыра алып он үш жаста.

Шілделік, тартыс және той дегеннена ,

Қалмадық маңайында болса аста.


Күмпиіп көтерілдік пәлі десе,

Па сабаз, жігіт-ақ қой әні десе,

Жаттама өлең-жырды төпеп бердік,

Естиік жіберші енді кәне десе.


Ісің тазы, мылтық жастай сүйген,

Ол жағы ұзамай-ақ табылды үйден,

Сымбатты сұлу тазы, түзу мылтық,

Жерің қолқа қолға тимей аузың күйген.


Құлаштап жетсе тазың жұмарланып,

Алдыңда алтайы жүрсе бұраң қағып.

Көңілің де көтеріңкі күлкі сонда,

Қызықтап қызығына құмарланып.


Па шіркін, бұл іс қолға түспей жүрген,

Ғұмырым болса алда күдер үзбен.

Ақ иық, мұз балақты ұстарма еді,

Аң қағып, аспанды өрлей қанат сүзген.

Топшысын қомдай түсіп басып жатса,

Ит алған ол қызық-ау бірі жүзден.


Алпыс беске

Келгенді аңдамаппын алпыс беске,

Уақыттың ауған кезін түстен кешке,

Қайтерсің ұяты жоқ арсыз көңіл,

Тұрғандай бал дәурен кешгі есте.
Бір кезде секілді едім жігіт-сері,

Жоқтай еді қай жағымнан ешбір кемі.

Жан-жақты жігіт болған екен-ау деп,

Айтқандай осы күні кімдер мені.


Тақтайдай сырт сүйектің сын кетті,

Киімнің секілдімін жыртық жеңі.

Самай-мұрт қырау басып, аға жеңіп,

Әжім бар айғыз – айғыз сызық тері.

Шапата қайрат болды шапыр- шұпыр,

Күресте жығып жүрдік қапыл-құпыл,

Ән салып, мылтық атып, ит жүгіртіп,

Ақ қарда ат тұяғы шықыр-шықыр.

Ырзамын бергеніңе жаратқаным,

Соларды бердің маған, еттім шүкір.


Табылған сөздің таңбасы

Ақын мен шешен табады,

Сөйлем сөздің мүсінін.

Дәл кигізіп қойғандай,

Келтіріп тонның пішінін.
Шымбайыңа шым батып,

Қандырар айызын кісінің,

Әділеті адамның

Шапқаты болар ісінің.




Ойда жоқта
Кез болып қалар кездер бар,

Жылжыған жылмаң сөздер бар,\

Тауары тәуір деп жүрсең,

Бояима шығар бөздер бар.

Дос болып бүгін, ертеңге,

Ажарсыз ала көздер бар,

Сенімді кісі саналып,

Үстіңнен өсек таратып,

Сырғыма сырлы сөздер бар...
Көп қараймыз

Көп қараймыз ауылда,

Ажар менен беделге,

Құтыламыз біз қашан,

Осындай жігіт көп елде.
Қарамаймыз қайырылып,

Өзіңнен өзге төменге.

Бригадир болса да,

Санаймыз оны еренге.


Өзгені жөндеп санамай,

Жаратылыс көлемге,

Өйтіп асар жерің жоқ,

Саналар адам кезің жоқ,

Сөйтіп жүріп бір күні,

Дем біткен күні өлемде,

Ауылдан шығып кете алмай,

Арманда болып жете алмай,

Жүргенде сөйтіп өлемде.
Бір оправқа
Қарағым, өтірікке ұялмадың,

Барма еді мұндай сөзден сый алғаның,

Осынау құрғақ күлкі түпкілікті,

Өнердейт еш уақытта тыя алмадың.


Шімірігіп өтіріктен жеркенбейсің,

Өзіңше жұрттан артық білгендейсің,

Түймедей көрсең – дағы біреу мінін,

Басыңда түйедейді бір көрмейсің.


Семірме күнделікті тапқаныңа,

Түрткісіз тұнық елде жатқаныңа,

Осындай жағдаймен жүре берсең,

Түсерсің бір құлқың қақпанына.


Ажарың алтайы деп көрер көзге,

Жайдары жігіт-ақсың жаннан өзге,

Тең түскен төрт аяғың бірдей жорға,

Байлаусыз баяны жоқ жалған сөзге.


Керегі саған адам сағатында,

Естесің айтқаныңа баратын да.

Артынан он тиындық қажеті жоқ,

Қаласа да жеті қат жер қабатында.


Сұмдық сұйықтыққа адам өтпес,

Істеген істерің бар саған көктес.

Көрмедім ес білгелі сендей жанды,

Түбіне өтіріктің адам жетпес.



Қазиханның жалғыз баласы армиядан келгенде...

Жеңісің құтты болсын келісімен,

Оралсын ақ жағдайға кеңісімен,

Шартарап шаруашылық шалғай болмас,

Биігі таудан ассын ерігіңмен.

Жеріңнен өз ойлаған артық болып,

Құдайдың құтыла алма берісінен.

Қарттыққа келер ме қайтып жас дәурен

Болғанмен серпінді ашып, көңіл ояу,

Қатарда қалып барады селдір-сояу.

Арынды ағын алып кетіре алмас,

Сақал-мұрт, сақал шашта аппақ бояу.
Білмеймін бұлар бұрын қайда кеткен,

Өткен іс елестеп тұр кешегі кеткен.

Талайға табысты кет, ай бауырымдап

Сағынып жүрген болар сірә көптен.


Мирастай жұмыс болып келгенде деп,

Менің де бұған айтар жоқтай өкпем.

Келер ме қайта айналып, жастық шіркін,

Жеткендей жыл айналып жазға көктем.


Келдің бе мінекейін қайран қарттық,

Етектен ұстадың да мықтап қарпып,

Құтылу енді сенен болмас оңай,

Байладың желі қағып арқан тартып.


Па, шіркін, сенің біткен келбетіңе,

Парақтай ұстадың ба жер бетінде,

Қараша қарсы келген кім де болса,

Қараған шал дегіздің ел бетіне.


Айтысып, шал болмасқа амал барма,

Тіл келмейді сені даттап жамандарға.

Жеңімпаз атағың бар ертеден-ақ,

Күресіп күрсін асыр бар ма шама.


Жас дәурен қайта оралмас жыласаң да,

Қиынға, қияға өрлеп бұласаң да.

Қайтарып оны ешкім ала алған жоқ,

Бермейді саған қанша сұрасаң да.


Хабарсыз қапылыста жау жетер,

Кім-кімде бұл сөздерді демес бекер.

Күлкі-ойын, сауық-сайран бәрі бітіп,

Жарық күн жаққан шамдай сөнер- кетер.


Уақытша дем бітпеген жүрген жәй бар,

Азықсыз өтті- кетті жылдар –ойлар.

Қарны ашқа қанағатты өзі берсін,

Дәулет кем алға басып ол жаққа айдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет