Бағдарламасы бойынша басылып шығарылды «Торғай кітапханасы»


«Яуза» магнитофонын алғанда



бет19/19
Дата11.01.2017
өлшемі4,14 Mb.
#6804
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Яуза» магнитофонын алғанда
Ән салып бастайыншы аздап кеңес,

Көргендер онша артық, бөтен демес.

Жүйріктей өрге шапқан шамырқанып,

Дауысын сілтеуші еді асып белес.


Бүл уақыт көзім болды тартқан тарлан,

Таусылмас адамзатқа айтып арман.

Өтермін дүниеден менде бір күн,

Аларман алатұғын келсе парам.


Сол күні кетермін мен елден жырақ,

Тірліктен тебіренген сөнер шырақ.

Жоғалып жоқ боп жүдә құрымаса,

Балаларым, әкең дауысы тұрар бірақ.


Әкеңнің дауысы өалар азынаған,

Ол – бұлсыз келген дүние қазынадан,

Апырау солай болған жан екен деп.

Ой бөлер ой көзі бар сазына адам.


Сөйлесіп мен өлгендеүйде осы,

Жиналар дәл осы күні дұшпан –досы.

Қадірмен қатар құрбы, замандастың,

Болмасын суық салқын ажар күйде.


Кабірден қайтқан жандар кіріп үйге,

Бір кіріп, біреу шығып үйме жұмыс.

Қайғырып қабақ жауып салбыраңқы,

Болмасын суық салқын ажар күйде.


Күркіреп көк жарғандай үн де қалар,

Опарып ойын күлкі мұнда қалар.

Батырған жиын топты мерекеге,

Атрында сондай болған күндер қалар.


Әуелде адам оттан жаралғаны,

Пенде болып есепке алып саналғаны.

Құранда күнфаякүн аяты бар,

Ғалам боп он сегіз мың таралғаны.


Тоқтасын ұзатпайын мұны жалғап,

Салалап айта берсек көп кой тармақ.

Он саусақ өрмелеші ән мен күйге,

Түсейін сендерге де енді аяңдап.


Аз сөзі ағайынға ахметханның,

Білмейді не боларыналда халың.

Дұғадан еске алуын үміт етем,

Баласы болған мүмин мұсылманның.


Торғайым
Жырлайды ақын туған, өскен жерінен,

Татымы бар тәрбие алған елінен.

Болмасам да күшті ақын олардай,

Туған ұлмын менде Торғай белінен.


Жер болып су аққалы аты Торғай,

Салмағы, сапасы бар бейне қорғай.

Қай кезде, қай уақытта салыстырсаң,

Бұл Торғай қалған емес тариз болмай.


Аты Торғай болғанымен ісі қыран,

Секілді қара ішінде жалғыз қылаң,

Кешегі он алтыншы жыл болғанда ,

Айқайлап азаттыққа салған ұран.

Бұғауда босануға қам жасаған.

Құртуға ахжаһаны улы жылан.


Кез болды тілегіне совет елі,

Ойына орындалды алған жері,

Еңіреген еңбекшіге қосылды кеп,

Әліби Жанкелдіұлы туған ері.


Лениннің сонда халық естіді атын,

Елге әкеліп таныстырды жазған хатын,

Еңбекші ұмытпайды өлгенінше,

Өмірдің Ленин берген салтанатын.


Азған ауылға
Бір кезде күрлеуіттей гүрілдеді,

Өрт тиген қау көдедей дүрілдеді,

Түшкірсе сыба йластар әмин деп,

Ылдидан шапса өрге сүрінбеді.


Биледі ол совхозды жалғыз өзі,

Не айтса қабыл болды басшы сөзі

Жан болса бірлі-жарым ербеңдеген

Қадалды қарғысымен оты көзі.


Талайды талмайсытып шарпып өтті,

Істеді кемелді ойға азды-көпті,

Тұзаққа көгершінді іліктіріп,

Сып етіп сым сарайдан өтіп кетті.


Мен

Жан емес ие болған гонорарға,

Күш қайда ақын атақ саналарға,

Ұлы күш дүлей дарын болмағанмен,

Кейінгі керекке асар балаларға.

Шатысып шапқандай-ақ айға арыстан

Өз әлін адам біліп шамалар ма?

Мынау шал тантырапты дей салсаңдар,

Тұрарлық оған қарсы шама бар ма?

Анаңа барып түссе азғана сөз,

Белгісіз не айтылар қарағанда.
Көп жазсам балаларым, шырақтарым,

Өлеңге жеткілікті сынақтарым.

Менде жоқ лирикалы лебізді тіл,

Қазақша қалпы өзімдей бір-ақ сарын.


Шал сақа бойдақтарға

Қыз тегін,осы күнде кемпір қымбат,

Тіпті оны тауыса алмайсың алты ай жырлап.

Алды елу, отыз бес пен қырықтағылар,

Әлі жүр бойдак болып бес-он жылдап.
Бұлар жүр сақырлаған сақа бойдақ,

Түбіне жете алмай жүр айдан ойлап,

Табылу ел ішінен қиын боп жүр,

Аспаса бөтен жұртқа манғұл-ойрат.


Балалық шақ

Балалық шақ,

Алтыннан қымбат шақ,

Ешнәрсе ойда,

Көңіл сондай пәк.

Апырмау сол күндерден,

Бір белгі қалсайшы уақ.

Қайырылып қанша іздесем,

Таппадым сендей бақ.

Ол қайтып саған келмесіңді,

Қайырылып көмек бермесіңді,

Мейілім қаппай шап.

Есейіп өсіп, ер жеттім,

Өмірге шықтым жел беттің,

Уайым-қайғы болмады,

Қанбады ойын толғағы,

Дүниенің ұжмағы,

Балалық дәуір солдағы,

Шыбықты мініп шәужаулап,

Тайпалтқаны жорғаны,

Ойсырап жатыр орыны,

Балалық дәуір қорғаны


Інім Бауыржанға

Алпыс жас құтты болсын жан бауырым,

Тілектес тәтті өміріңе бар қауымың,

Тірлікте баса-көктей жаншып-жайпап,

Кешірсін рахаттың кең сауырын.
Күрестің кек жолында ажал өтпес,

Толассыз араласқан жермен-көкпен,

Жеткенше мақсұдқа, ойға алған,

Дем алып басылмады өктем өкпең.


Мамырлап майданда да майырылмадың,

Қиындыққа қамығып, қайғырмадың,

Улы жылан ордасын қақыратып,

Халыққа көңіліңді жәй қылғаның.


Жасай бер, жалындай бер елдің ері,

Келмесін екі елуден жасың бері,

Екі жүзді нар кескен ақ балдақтай,

Мәдениеттің болдыңыз қаламгері.


Жетпістегі қарағым, мен бір ағаң,

Азсынбассың шырығым, осы-ақ шамам.

Қанатымен су шашқан қарлығаштай,

Аз ғана жол атыңа сыздым қалам.


Бастықтарға

Бастықтар жұмыс істетсе тілін тауып,

Кетпесе шамырқанып, қатты шауып,

Қасында қара болып жүргендерге,

Жылы рай беріп қойса ауық-ауық.

Керегі бар халықтың, қараның да,

Ішінде бар жақсысы, жаманы да,

Үзенгілес жүрмесе өзіменен,

Қармайтын жағдай бар шамалыға.
Бастықтар айтатыны әкең аузы,

Санаспас естушіге жеңіл-ауыры,

Праволы адамдар боқтасып деп,

Бекітіп алдырған ба олар қаулы.


Ал сонда қайда дейміз мәдениет,

Боқтауды жөн дейміз бе қағып иек.

Өзім түгіл өзгеге жеткен боқтық,

Жаныңа жара салып ауыр тиет.


Елу жылға

Жарты ғасыр құтты болсын халқыма,

Жыр бұлағы таудан асып сарқыра ,

Мерекесі ұлы Отанның октәбір,

Жер жүзіне шұғыланды шаш, жарқыра.
Домбыраны қолға алып , ән салып

Алатаудан аса даусын арқыра,

Маркспенен және Энгельс, Лениннің ,

Мәңгі өшпейтін салған жолы ортаңы .


Октябрь деп бар адамзат жырлайды,

Ескен жел де октябрь деп тынбайды,

Жердің жүзін әдлетке шақырып,

Атой беріб аспанға қол бұлғайды.


Жүз жылға
Ғасырдың жеттік бүгін толуына,

Маужыраған мейрам күннің болуына.

Ойдағы бір арманды жайғастырып,

Тілек бар құтты қоныс қонуына.

Жүз жылға толды бүгін көсеміміз,

Данышпан жер жүзінде шешеніңіз,

Келетін келешекке біз тірілер,

Кетікке қаланатын кесегіміз.


Жасасын ұлы көсем салған жолы,

Теңемес жер шарында ешкім оны

Лениннің алып асқан қаратымен,

Сөгілді еңбекшінің темір торы.


Қазіргі өмір көрмеген ұйқы-түсте,

Арман еткен іс еді-ау бұл бір іште.

Бұл өмірде орнатқан шексіз ақыл,

Алғыс айттық жүректен осы күшке.


Байзақов Исаға

Исаның ақындығы тасқын бұлақ,

Жарықты жарқыратқан жырдан шырақ,

Долданған дүлей жатқан ол Днепр,

Алғандай анық жөнін кімдер сұрап.
Еш адам тірісінде тең келмеген,

Басқа ақын ойламаған деңгей кемел,

Ұрасын аспан жердің қапсырғандай,

От шашып аузымен шеңгелдеген.


Жыр мен сыр айтқан сайын үдеп кеткен,

Шеңберден шектен шыға шіріп кеткен,

Шаңдатқан шабысынан байып көрмей,

Көрсетпей тозаңын да сүмектеткен.


Кезінде келе алмаған ешкім теңдес,

Исадай жырды төгу қолдан келмес,

Туыптыжеке дара не деген жан,

Меніңше таба алмаспын оған теңдес.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 340 б.

  2. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. – 250 б.

  3. Бектемісов Н. Ахмет ұшқан алтын ұя. – Астана: Елорда, 2001. – 200 б.

  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

  5. Байтұрсынов А. Жоқтау. – Алматы: Жазушы, 1993. – 180 б.

  6. Мәуленов С. Сыр мен жыр. – Алматы: Жалын, 1991. – 260 б.

  7. Оспанов С. Ахметтің өскен ортасы // Қостанай таңы. 2002, 21 маусым.

  8. Ахметбеков Н. Жұмабай ақын // Большевиктік жол. 1947, 12 сентябрь.

  9. Егеубаев А. Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 272 б.

  10. Жыр-дария. – Ақтау, 1995. – 594 б.

  11. Нысанбай жырау Кенесары – Наурызбай // Қазақ әдебиеті, 1991, №3.

  12. Тарихи жырлар. – Алматы: Жазушы, 1996. – 300 б.

  13. Әлмағамбетов Б. Таңат Сейдахмет ақын // Торғай таңы. 1993, 6 наурыз.

  14. Өтебаев Е. Жазушы папкасындағы жырлар // Лениншіл жас. 1969, 29 март.

  15. Жұмалиев Қ. ХУІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1958. – 360 б.

  16. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. – Алматы: 1986. – 398 б.

  17. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 252 б.

  18. Нұртазаұлы Ә. Тас мешін // Қазақ әдебиеті. 1990, 28 қыркүйек.

  19. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

  20. Екі мың жылдық дала жыры. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. – 752 б.

  21. Оспанов С. Әбіқай ақын // Торғай таңы. 1991, 5 қаңтар.

  22. Тұрғынбеков С. Әбіқай ақын // Қазақ әдебиеті. 1990, 28 қыркүйек.

  23. Негимов С. Ақын–жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым, 1991. – 200 б.

  24. Жұртбай Т. Сүресөз. – Алматы: Экономика, 2005. – 400 б.

  25. Әдебиеттану. Құраст. М.Мырзахметов, А.Дайырова. – Алматы: Мектеп, 1972. – 175 б.

  26. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 200 б.

  27. Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық таңдамалы шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1991. – 572 б.

  28. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.

  29. Ысқақов Қ. Таңдамалы шығармалары. ІІ том. –- Алматы: Жазушы, 1994. – 608 б.

  30. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 256 б.

  31. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. – Астана: Елорда, 2000. – 288 б.

  32. Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 367 б.

  33. Дәстүр мен жаңашылдық. – Алматы, Ғылым, 1980. – 260 б.

  34. Дерібсалин Ә. Дәстүр мен жалғастық дәстүр және ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 246 б.

  35. Әуезов М. Шығармалар. 12 томдық. – Алматы: Жазушы, 1967. – 536 б.

  36. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1982. – 366 б.

  37. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзисының тілі. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1960. – 363 б.

  38. Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, Дәуір, 1994. – 445 б.

  39. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – Астана: Фолиант, 2003. – 208 б.

  40. Құнанбаев А. Шығармалары. – Алматы: Жалын, 1995. – 384 б.

  41. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. 3-том. – Алматы: Жазушы, 1974. – 368 б.

  42. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.

  43. Сатыбалдыұлы Ф. Ай, заман-ай, заман-ай. – Арқалық, 1993. – 90 б.

  44. Кенжеахметов С. Ежелгі Торғай тарихынан деректер // Торғай таңы. 1991, 11 қаңтар.

  45. Қапаста жазылған хаттар. – Алматы: Жалын, 1992. – 245 б.

  46. Кенжалин Ж. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 235 б.

  47. Оспанұлы Ә. Аманат. – Арқалық, 1993. – 100 б.

  48. Әмірханов Ғ., Мұсабаев Х. Әлмұхаммед Оспанұлы // Торғай таңы. 1991, 26 сәуір.

  49. Субханбердина Ү. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: ҚР ҒА М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, 1999. – 834 б.

  50. Дала уалаятының газеті. Құраст. Сұбханбердина Ү. – Алматы: Ғылым, 1994. – 815 б.

  51. Мұқанов С. Қазақтың ХУІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. – Алматы: Арыс, 2002. – 272 б.

  52. Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1973. – 110 б.

  53. Оспанұлы С. Ахметтің өскен ортасы // Қостанай таңы. 2002, 16 сәуір.

  54. Боздағым. Құраст. Т. Арынов. – Алматы: Жазушы, 1990. – 250 б.

  55. Абдуллин Ә. Қарпық ақын // Торғай таңы. 1996, 26 мамыр.

  56. Уәлитегі И. Бабамыз – бекзат, данышпан. – Қостанай, 1998. – 180 б.

  57. Тұрысбек Р. Сөз сарасы. – Алматы: Қазбілімжабдықтау, 1996. – 148 б.

  58. Сұлтанбек пен Бәтима. – Арқалық, 1993. – 76 б.

  59. Әлім Қ. Міржақыптың оралуы. – Астана: Фолиант, 2002. – 214 б.

  60. Ергөбеков Қ. "Адасқандар" ақиқаты // Алматы ақшамы. 1990, 24 сәуір.

  61. Мұқанов С. Мөлдір махаббат. – Алматы: Жазушы, 1959. – 380 б.

  62. Қозыбаев М. Әмір Әбдіғапар // Торғай таңы. 1994, 11 маусым.

  63. Бөкейханов Ә. 1916 жыл // Қазақ әдебиеті. 1990, 3 тамыз.

  64. Кенжеахметов С. Туған жерге ту тіккен // Торғай таңы. 1991, 12 шілде.

  65. Сүлейменов М. Әбдіғапар хан. – Арқалық, 1996. – 250 б.

  66. Сатыбалдыұлы Ф. Әбдіғапар хан // Торғай таңы. 1992, 12 қыркүйек.

  67. Әсіпов С. Топжарған. – Алматы: Жазушы, 1980. – 320 б.

  68. Абдуллин Ә. Ақындардың дүлдүлі // Торғай таңы. 1994, 24 желтоқсан.

  69. Әбікеев С. Үш дүлдүлдің алдын көрдім // Торғай таңы. 1993, 18 желтоқсан.

  70. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1967. – 642 б.

  71. Ахметбеков Н. Жасауыл қырғыны. – Алматы: Жазушы, 1972. – 580 б.

  72. Абдуллина А. Нұрхан Ахметбековтің әдеби мұрасы. – Арқалық, 2003. – 80 б.

  73. Абдуллина А. Өлеңде тоят таппас // Қостанай таңы. 1993, 5 қазан.

  74. Кенжеахметұлы С. Асыл мұра // Торғай таңы. 1992, 30 маусым.

  75. Кенжеахметұлы С. Ел ықыласы зор // Торғай таңы. 1991, 8 тамыз.

  76. Байғабылов Т. Жұлдызы кешігіп туған ақын // Торғай таңы. 1992, 9 шілде.

  77. Мәуленов С. Аты – аңызда, өлеңі – ауызда. // Жұлдыз. 1983, №12. – 28-б.

  78. Қайырбеков Ғ. Топжарған // Халық кеңесі. 1993, 13 қараша.

  79. Тұрғынбеков С. Нұрханның нұрлы шуағы // Қазақ әдебиеті. 1983, 24 декабрь.

  80. Әлім Қ. Ел-жұрты еркелеткен ақын еді // Егемен Қазақстан. 2002, 11 қараша.

  81. Әлмағамбетов Б., Таубайұлы Ғ. Ардақты ақын атамыз //Ақ жол. 1992, 1 тамыз.

  82. Алдабергенұлы Қ. Нұрхан аманаты // Қостанай таңы. 2002, 30 шілде.

  83. Шипин О. Амангелді батыр. – Алматы: Жалын, 1985. – 380 б.

  84. Шипин О Дастандар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 450 б.

  85. Алматов Х. Ақын мұрасы – Халық мұрасы // Торғай таңы. 1983, 20 август.

  86. Дүйсенов М. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. – Алматы: Ғылым, 1982. – 180 б.

  87. Жармұхаммедов М. Сарбаз поэзия. – Алматы: Қазақстан, 1981. – 168 б.

  88. Әсіпов С. Ақын даусы. – Алматы: Жазушы, 1983. – 186 б.

  89. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.

  90. Қадыров Ж. Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ақындық дәстүр жалғастығы. Фил. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты. – Алматы: 2001. – 26 б.

  91. Ештанаев Ғ. Доскей Әлімбайұлы және Орталық Қазақстандағы ақындық дәстүр. Фил. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін жазылған дисс. авторефераты. – Алматы: 1998. – 26 б.

  92. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. – Алматы: 1999. – 204 б.

  93. Көкейкесті әдебиеттану – 1. құраст. Р.Нұрғали. – Астана: Фолиант, 2001. – 360 б.

  94. Көкейкесті әдебиеттану – 2. құраст. Р.Нұрғали. – Астана: ЕҰУ баспаханасы, 2002. – 206 б.

  95. Көкейкесті әдебиеттану – 3. құраст. Р.Нұрғали. – Астана: ЕҰУ баспаханасы, 2003. – 300 б.

  96. Көкейкесті әдебиеттану – 4. құраст. Р.Нұрғали. – Астана: ЕҰУ баспаханасы, 2004. – 232 б.

  97. Көкейкесті әдебиеттану. Бесінші кітап. Құраст. Р.Нұрғали. – Астана: ЕҰУ баспаханасы, 2005. – 336 б.



1


2.

1/ Бұл жерде там — мола мағынасында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет