Бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет17/105
Дата12.04.2022
өлшемі0,91 Mb.
#139005
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105
Байланысты:
Бағалау нұсқаулығы

7.3
 
Портфолионы бағалау үдерісі
7.3.1
 
Портфолионы формативті бағалау
Тренер портфолиосын формативті бағалау
екі кезеңнен тұрады: 
1-кезең – аймаққа эксперттің келу кезеңіндегі портфолио бөлімдерін формативті 
бағалау. Бұл кезеңде экспертте А бөлімін (сертификаттау, басқа бағдарламаны 
растау жағдайында) және ішінара В бөлімін формативті бағалауға мүмкіндік бар.
2-кезең – тәуелсіз тренер ретінде басшылар портфолиосын бағалау аяқталғаннан 
кейін екі апта ішіндегі қашықтықтан бағалау. Бұл кезеңде В және С есептері 
бағаланады.
Тренерді формативті бағалаудың мақсаты: 

білім беру сапасын жақсарту мүмкіндіктерін анықтау;

осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру әдістері мен нысандарын анықтау; 

білім алуына жәрдемдесу. 
Эксперттер бағалау барысында тренердің Бағдарламаның түйінді идеялары мен 
өзгеріске деген көзқарасына; қызығушылығы мен Бағдарламаның мақсаттарын 
табысты іске асыруына; өз тәжірибесіне оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін 
қолдану ұмтылысы мен қолдану мүмкіндігіне назар аударады. 
Эксперттің осы кезеңдегі тәлімгерлігі тренердің портфолио есептерін 
дайындаудағы рефлексивті тәжірибесін қолдауында болып табылады. Эксперт 
портфолио есептерін оқиды және негізгі критерийлерге сәйкестігін бағалайды. 
Эксперт формативті бағалау барысында тренердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін 
пікір/ұсыныстар жазбаша кері байланыс түрінде ұсынылады.


16 
Формативті бағалау құралы болып дәлелдемелердің ең қысқа талаптары 
көрсетілген тренер портфолиосын бағалау рубрикасы табылады.
Эксперт бағалауға сындарлы және оң қарауы керек. Эксперттің кәсіби тренерлер 
жұмысын бақылауы, жазалау әрекетінен гөрі, жағымды жетістіктерін мақұлдауға 
бағытталған. 
Әрбір портфолио тренердің жеке жетістіктерінің дәлелдемесі: тәжірибе 
дәлелдемелерімен қуатталған рефлексиясында кәсіби өмірінің аспектілері жайлы 
баяндауы болып табылатынын ескеру керек. Тренер ұсынған дәлелдемелерінде өз 
ойынан, «жүрегі» мен «қолынан» көп нәрселерді қосады. Эксперт портфолионы 
оқып, тренердің кәсіби құндылықтары, сонымен қатар білімі, түсінігі мен 
дағдылары туралы біледі. Эксперт осы тренердің басқаларды оқытып әрі өзі оқи 
отырып, кәсіби тұрғыдан қалай өскендігін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет