Ептілікті дамыту үшін құрсаумен орындалатын ойын жаттығулары ұсынылады. (Ұ, Ө) құрсауды тік білігі төңірегінде айналдыру Бала құрсауды жерге тігінен қойып, жоғары жағын қолмен
ұстап тұрады. Оны бір қолмен тік білігімен тез айналдырады
да қолын жібереді, құрсау шыр көбелек айналып болғанда
құлатпай ұстап алады. Құрсауды бірде-бір рет құлатпаған
бала жеңеді. Құрсау айналдыру кезінде оң қол мен сол қолдың
қимылына және тәуекелдікті азайтуға назар аударылады.
(Ұ, Ө) құрсауды тура бағытқа домалату Балалар бір-бірінен бір адым қашықтықта сызық бойында
қатарға тізіліп тұрады. Белгі бойынша әрқайсысы өз
шығыршығын алға домалатады, артынан қуып жетіп, тағы
домалатады. Осылайша, құлатпай алысырақ апаруға тырысады.
Егер құрсау құласа, бала оны тез ұстап алып тоқтайды.
Сызықтан ең алысқа бәрінен озып кеткен бала жеңеді.