Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет467/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

№ 5 кешен
1. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. 1-2 – оң қол мен оң аяқты жанына қарай созу, доп алақанда; 
3-4 қол төменде, допты сол қолға ауыстыру, аяқты ұшымен қою. Сол қолмен қайталау. 5 реттен 
қайталау.
2. Б.қ., аяқ иық деңгейінде, доп қолда. 1 – оңға (солға) бұрылу; 3-4 – допты жоғары 
лақтыру, екі қолмен ұстау; 4 – б.қ., тұрақты қалыпты сақтау. 5 реттен қайталау.
3. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. Допты жерге соғу, тез отыру, екі қолмен тізеден шапалақтау, 
тұру, допты қос қолдап қағып алу. Сол қолмен де осылай қайталау. (5 рет).
4. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2 – оң аяққа қарай иілу; 3 – 
допты оң аяқтан сол аяққа домалату, сол қолмен ұстау; 4 – б.қ. Допты сол қолға алып осылай 
қайталау (5 рет).
5. Б.қ.: отыру, доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2 – аяқты тік көтеру, аздап шалқаю, допты 
аяқтың астынан сол қолға ауыстыру; 3 – қол екі жақта; 4 – аяқты тік көтеру, допты аяқтың 
астынан оң қолға ауыстыру; 4–6 рет қайталау.
6. Б.қ.: шалқадан жату, допты екі тобық арасына қысу, қолды біріктіріп желкеге қою. 
Жанына, арқаға бұрылу, екінші жанына бұрылу – б.қ. Аяқты бүкпеу, допты жібермеу. 3 рет.
7. Б.қ.: н.т. Допты оң (сол) қолмен жерге соға отырып, орнында тұрып 10 рет адымдау, 
10 рет секіру. Орнынан қозғалмауға тырысу. 5-6 рет қайталау.
8. Бірінші жаттығуды қайталау.
№ 6 кешен
1. Б.қ.: н.т.: допты жоғары лақтыру, 360 градусқа бұрылу, доп жерге түсіп секірген кезде 
қос қолдап ұстау. Осыны сол қолмен қайталау (6 рет).
2. Б.қ.: аяқ иық деңгейінде. 1-2 – оңға (солға) бұрылу, допты жоғары лақтыру; 3 – қос 
қолдап ұстау; 4 – б.қ. 6 рет қайталау.
3. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. 1 – қолды екі жаққа жаю; 2 – бүгілген оң аяқты жоғары, арқаны 
тік ұстау, допты тізе астынан сол қолға беру; 3 – қол екі жақта, аяқты түсіру; 4 – сол аяқты 
жоғары көтеру, допты оң қолға ауыстыру. 5 рет қайталау.
4. Б.қ.: н.т.: доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2-3 – оң аяқпен бір қадам артқа, отыру, 
екі рет серпіле иіліп сол аяқтың ұшына доп тигізу. 4 – б.қ. Допты сол қолға ауыстыру. 5 рет 
қайталау.
5. Б.қ.: шалқадан жату, доп оң қолда. 1 – қол екі жақта; 2 – оң (сол) аяқты көтеру, допты 
екінші қолға ауыстыру; 3 – қолды екі жаққа жаю; 4 – б.қ. 5 рет қайталау.
6. Б. қ.: тіземен тұру, доп оң (сол) қолда.1– оң (сол) қолды жанына қарай созу; 2 – артқа 
бұрыла отырып, оңға иілу, допты оң (сол) өкшеге тигізу; 3 – қол екі жақта; 4 – б.қ. 5 рет 
қайталау.
7. Б.қ.: аяқты сәл алшақтата қою, доп оң (сол) қолда. Отыру, допты жерге соғу, екі рет 
айналу. Денені тік ұстау. Бағытты және қолды ауыстыру. 2 рет қайталау. 
8. Б.қ.: н.т.: допты оң және сол қолмен кезек-кезек жерге соға отырып, 10 рет секіру. 
Жүрумен алмастыра отырып 2 рет қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет