Байланысты: Стандартты бағдарламалармен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар
Стандартты бағдарламалармен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар
І Блокнот бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Блокнот бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде берілген мәтінді теру керек:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға,
Әділет, шапағат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
3. Мәтінді «Білім» деген атаумен сақта.
ІІ. WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. WordPad бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде төмендегі мәтінді теру қажет:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік, сынайық,
Жеңсең де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді болып тарайық!
3. Мәтінді «Білім» деген атаумен сақта.
ІІІ. Калькулятор бағдарламасы бойынша тапсырма:
Қызметкерлері 10 адамнан тұратын кіші бөлімшенің орта жалақысын есептеу мысалын қарастырайық. Айталық бірінші қызметкердің жалақысы - 25000, екіншісінікі - 18000, үшіншісінікі - 17000, төртіншісінікі - 16600, бесіншісінікі – 15000, алтыншы қызметкердікі – 14500, жетіншісінікі – 14000, сегізіншісінікі – 13600, 9- 13200, 10-12000 теңге болсын.
Орта жалақыны есептеу үшін төменгі амалдарды орындау керек:
1. Инженерлік калькуляторды іске қосыңыз;
2. Sta батырмасын басыңыз;
3. Калькулятор терезесін жаппайтындай етіп Статистика терезесін ашыңыз;
4. Бірінші санды енгізіп Dat батырмасын басқанда сан Статистика терезесінен көрінеді.
5. Dat батырмасын баса отырып қалған сандарды енгізу;
6. Барлық сандар Статистика терезесіне енгізіліп болғаннан кейін Ave батырмасын басқанда, калькулятордың индикаторында жалақының орта мәні қанша теңге екені көрінеді.
7. Жұмысты орындап болған соң, оқытушыға көрсет.
ІV. Paint бағдарламасы бойынша тапсырма: «Таңның атуы» суретін салу.
Жұмысты орындау:
1. Горизонт сызығын салып, көрсет.
2. Эллипстің көмегімен күннің суретін салып, эллипстің төменгі жағын «Өшіргіш» арқылы өшіріп таста.
3. «Құю» әрекеті арқылы теңіз, аспан, күнді бояу қажет.
4. «Сызық», «Шашыратқыш», «Төртбұрыш», «Құю» әрекеттерін кезек қолдана отырып, экранның бос жерінде қайықтың суретін сал.
5. Оны «Ерекшелеу» әрекеті арқылы ерекшелеп, алмастыру буферіне сақтап ал. Ол үшін қажетті сурет аймағын белгілеп, ерекшеле. Содан соң, горизонтальды мәзірден «Түзету – көшіру», «Түзету – Қою» әрекеттері арқылы алмастыру буферіне сақта.
6. Алмастыру буферінде сақталған қайықтың суреттерін су бетіне бірнеше көшірме жасай отырып, орналастыр.
1. Суретті «Таңғы көрініс» деп сақта.
3 – тапсырма. Кім жылдам? Әр топқа өздеріне берілген стандарттық бағдарламаларға басқа да стандарттық бағдарламаларды қолдана отырып орындау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол тапсырманы топ оқушылары талдап, топтан бір оқушы шығып, дербес компьютерде орындап беруі керек. Тапсырма уақыты – 5 минут, жылдамдыққа байланысты бағаланады.
3. Калькулятор программасын іске қосыңыз, сізге кедергі болмау үшін, калькуляторды терезенің тақырыбының сыртына орналастырыңыз.
4. Инженерлік калькулятор төрт санау жүйелерінде жұмыс істей алады. Олар: ондық, сегіздік, екілік, он алтылық. Олардың қажеттісін таңдау үшін сәйкес төрт батырманың бірін шертеді, яғни Hex (он алтылық), Dec (ондық), Oct (сегіздік), Bin (екілік). Егер санды ондық жүйеде теріп, қалған үшеуінің бірін басса, индикатор өрісіндегі сан автоматты түрде жаңа жүйеге аударылады. Мысалы, екілік жүйедегі 1111 санын теріп, Dec (ондық) батырмасын басса, онда индикатордан 15 саны көрінеді.
5. Сол сияқты есепте көрсетілген әрбір екілік санды калькуляторға тере отырып, оны ондық жүйеге алмастырып, төмендегі есепті шешуі керек.
6. Есептеп шығарған нәтижелерді Блокнот бағдарламасында терілген мәтінге толықтырып, жазыңыз.
7. Файлды «Есептік жұмбақ» деп сақтаңыз.
ІІІ. Paint -WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
1. Paint бағдарламасын жүктеу.
2. Ашылған терезеде «Құттықтау қағазын» даярлаңыз.
3. Ол үшін WordPad программасын іске қосыңыз.
4. Мәтінді теріңіз.
Ізгі сөзім арналады жүректен,
Орындалсын әрбір ниет - тілектер,
Бұл өмірдің басты мәні – сыйластық,
Болсын Сізде мұндай достар сыр шерткен!
5. Мәтінді алмастыру буферіне сақтап алып, Paint бағдарламасының терезесін ашып, Түзету→Көшіру, Түзету→Қою амалдарын орындау арқылы құттықтау қағазына құттықтама ретінде кірістіріңіз.
6. «Төртбұрыш» амалын қолдана отырып, құттықтау қағазына жиектеріне әшекей жасаңыз. Құжаттың оң жақ төменгі бөлігіне қажетті құрал-жабдықтарды қолдана отырып, көркемдеу үшін өрнектер салыңыз.
7. Жұмысты аяқтаған соң, файлды «Құттықтау» деп сақтаңыз.
ІV. Калькулятор-WordPad бағдарламасы бойынша тапсырма:
4. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.
5. Ашылған терезе төмендегі терезені тұрғызып, мәтінді теріңіз:
6. Барлық кестені ерекшелеп алып, WordPad құжатына көшіріп қойыңыз, немесе WordPad құжатын ашып, Кірістіру→Обьект→ Microsoft Word құжаты немесе Кірістіру→Обьект→файлдан, ары қарай Microsoft Word құжатының атауын көрсету арқылы.
7. Берілген құжатты «Материалдың жұмсалауы» деп сақтаңыз.
8. Калькулятор бағдарламасын ашып, есіктер мен терезе жақтауларын бояуға кететін материалдарды есептеп шығарыңыз.
9. Есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз. Жұмысты аяқтап, сақтап, барлық терезелерді жабыңыз.